Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18952 болып тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 444
бұйрығымен бекітілген

Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеудің бұл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-39) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) вагонды ажырата отырып ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖ) – вагонның жұмыс қабілетін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін құрамнан немесе вагондар тобынан ажырата отырып, жұмыс істемейтін паркке ауыстырып және арнайы жолдарға қойып, жекелеген құрамдық бөліктерді алмастырып немесе қалпына келтіріп орындалатын жөндеу;

      2) вагонды күрделі жөндеу (бұдан әрі - вагонды КЖ) – вагон ресурсының ақауларын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіру үшін кез келген бөліктерін, базалық тетіктерді қоса алғанда, алмастырып немесе қалпына келтіріп жөндеу;

      3) деполық жөндеу (бұдан әрі - ДЖ) – жұмыс қабілетін қалпына келтіруге арналған, жекелеген құрамдық бөліктерін алмастырып немесе жөндеп, сондай-ақ жекелеген талаптарын жаңғыртып орындайтын жоспарлы жөндеу;

      4) жөндеу құжаттамасы – жөндеуді ұйымдастыру, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеудің ережесі мен орындалу тәртібі, бақылау, реттеу, сынақтан өткізу, консервациялау, жөндеуден кейін өнімді тасымалдау мен сақтау, монтаждау мен сынақтан өткізу, сондай-ақ өнімнің жөндеуден кейінгі қанағаттандырылуының көрсеткіштері мен нормалары жөніндегі нұсқаулардың мазмұны көрсетілетін құжат;

      5) жылжымалы құрамды жөндеу – жылжымалы құрамның ақауларын, жұмыс қабілетін және ресурстарын қалпына келтіру бойынша операциялар кешені;

      6) күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖ-1) – вагондардың ақаулықтары мен ресурстарын қалпына келтіру үшін тозған және зақымданған тораптары мен бөлшектерін алмастыру немесе жөндеу жолымен, сондай-ақ жаңғырта отырып вагондарды жоспарлы жөндеу;

      7) күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖ-2) – вагонның ақаулықтары мен ресурстарын қалпына келтіру үшін кузовын металға дейін ішінара аша отырып, жылуды оқшаулау мен электр желілерін алмастырып жоспарлы жөндеу. Қажет болған жағдайда базалық жүйені, конструкция элементтері мен негізгі тораптарды алмастыру;

      8) қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖҰ) – вагон конструкциясының барлық тіреу элементтерінің техникалық жағдайын көрсетілген ресурсқа қалпына келтіре отырып, оның кез келген құрамды бөлігін, базалық тетіктерін қоса алғанда, алмастырып немесе қалпына келтіріп, жаңа қызмет мерзімін белгілей отырып бақылау;

      9) пайдалану жөніндегі нұсқаулық – өнімнің конструкциясы, жұмыс принципі, сипаттамалары мен өнімді дұрыс және қауіпсіз пайдалануға қажетті нұсқаулар (арналымына орай пайдалану, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, сақтау және тасымалдау) және оны жөндеуге жіберу қажет болғандағы анықталатын техникалық жағдайына, сондай-ақ өнімді кәдеге жарату бойынша мәліметтер мазмұны жазылған құжат;

      10) сервистік қызмет көрсету (бұдан әрі – СҚК) – теміржол жылжымалы құрамдарын жөндеуді және пайдалануды қамтамасыз ету үшін теміржол жылжымалы құрамдары мен оның құрамдық бөліктерін өндіруші-кәсіпорындармен және/немесе мамандандырылған ұйымдармен жүргізілетін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені;

      11) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК) – жылжымалы құрамды қолдауға және жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық қызметтер жиынтығы, сондай-ақ жылжымалы құрамның жұмыс қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және конструкцияның жекелеген элементтерін алмастыру немесе қалпына келтіруден тұратын жөндеу.

2-тарау. Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану тәртібі

      3. Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану тәртібі темір жолдардағы вагондардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушылық құжаттар талаптарын сақтау процестерінен тұрады.

      4. Жылжымалы құрамға тікелей қызмет көрсететін Ұлттық инфрақұрылым операторының, жылжымалы құрамның меншік иесінің, теміржол көлігінің қосалқы қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 11897 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – ҚР ТПҚ), Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау, стандарттау және экологиялық заңнамалар саласындағы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      5. Пайдаланушы парк жұмыстың барлық түрлерімен айналысатын, оның ішінде ТҚК-1 және ТҚК-2 техникалық қызмет көрсетуде тұрған, нормативтік техникалық құжаттамалармен қарастырылған локомотивтерді құрайды.

      ТҚК-1 және ТҚК-2 локомотивтерге техникалық қызмет көрсету мерзімдік болып табылады және пайдалануда істен шығудың алдын алу, сондай-ақ жарамды техникалық жағдайда ұстау мақсатында локомотивтердің тораптары мен жүйелерінің техникалық жағдайларын бақылауға арналады.

      6. Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану тәртібі ҚР ТПҚ-ға сәйкес белгіленген.

3-тарау. Жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу тәртібі

      7. Өзінің техникалық жағдайы бойынша ҚР ТПҚ талаптарына сәйкес келмейтін және жөндеуді немесе есептен шығаруды қажет ететін жылжымалы құрам жарамсыз болып саналады.

      Жылжымалы құрамның жарамсыздығы Ұлттық инфрақұрылым операторының, теміржол көлігіндегі тасымалдаушының және қосалқы қызметтің қызметкерлерімен анықталады.

      Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуді орындау Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы бекіткен технологиялық процестерге сәйкес жүргізіледі.

      Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуде мыналар тексеріледі:

      тораптар мен бөлшектердің болуы мен жарамдылығы және олардың осы Қағидалардың 10-тармағына және ҚР ТПҚ талаптарына сәйкестігі;

      көзделген жөндеулердің мерзімдері мен жиілігі, ал жолаушылар вагондарында, оның үстіне, бірыңғай техникалық тексеру мерзімі.

      Поездарды құрастыру және айналым пунктерінде, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылымдық операторымен анықталған аралық станциялардың техникалық қызмет көрсету пункттерінде (бұдан былай – ТҚП), жолаушылар және жүк поездарының әрбір вагоны қажетті жөндеудің орындалуымен техникалық қызмет көрсетуден өтеді.

      Поездардың техникалық қызмет көрсетуге табыс ету мен олардың дайындығы туралы хабарлама, сондай-ақ поезд станцияға келместен бұрын ТҚП жоқ жерлерде вагондардың вагондарды тексеру мен жөндеу Ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен станцияның техникалық процесі мен техникалық-бөлу актісімен қарастырылады.

      8. Жылжымалы құрамға жөндеу жүргізуді шарт негізінде теміржол көлігінің қосалқы қызметі немесе Ұлттық инфрақұрылым операторы жүргізеді.

      9. Жүк вагондарына техникалық қызмет және жөндеудің ДЖ және КЖ көлемінде жүргізіледі.

      10. Жылжымалы құрамды жөндеу, кіріс тексеруді қоса алғандағы оның барлық процестері, бөлшектеу, ақауын анықтау (диагностикалау), техникалық жағдайын қалпына келтіру, жинау мен сынақтан өткізуді жылжымалы құрамның нақты түрі мен технологиялық процестердің жөндеу жөніндегі басшылықтың талаптарына толық сәйкестікте халықаралық келісімдерде (шарттарда) көрсетілген, темір жол ынтымақтастығы Ұйымының және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің, Грузия, Латвия Республикасы, Литва Республикасы және Эстония Республикасы теміржол көлігі бойынша Кеңесі аясында қабылданған және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық келісімдер (шарттар) бойынша жүзеге асырады. Үлгілік технологиялық жөндеу қарастырылмаған жұмыстар дайындаушы зауыттың технологиялық және конструкторлық құжаттары бойынша орындалады.

      11. Жылжымалы құрамның техникалық жарамды жағдайына, ТҚ, жөндеу және белгіленген қызмет мерзімін қамтамасыз етуге жауапты темір жол жылжымалы құрамының иесі, Ұлттық инфрақұрылым операторы, тасымалдаушы және тікелей қызмет көрсететін теміржол көлігінің қосалқы қызметі болып табылады.

      12. Жылжымалы құрамға жөндеу жүргізуде мыналар қамтамасыз етіледі:

      1) осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын толық орындау;

      2) жөндеу процесіне жылжымалы құрамның рұқсат етілген техника құралдарының технологиялық құжаттарын, материалдары мен құрамдас бөліктерін пайдалану;

      3) орындалған жұмыстардың (операциялар) сапасын бақылау, жөнделген жылжымалы құрамды кешенді тексеру, жөндеу объектісінің техникалық жағдайының анықталған ақауларының жөнделуін бақылау;

      13. Жөнделген жылжымалы құрам мен оның құрамдас бөліктерінің осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген техникалық құжаттардың нормативтік талаптарына сәйкестігі тексерілуге жатады.

      14. Жөндеу жүргізуші жөнделген жылжымалы құрамды қабылдау-тапсыру актісіне, ақау актісіне сәйкес, қажет болған жағдайда нормативтік техникалық құжаттарда көрсетілген тәртіппен сынақтан өткен күйінде, пайдалануға жарамды деп танылған есептесу құжаттамаларын ресімдей отырып тапсырады.

      15. Қажет болған жағдайда орындалған жұмыстар және алдағы уақыттағы пайдалануға жарамдылық, жөндеуаралық және кепілділік ресурс, жарамдылық мерзімі, келесі жөндеудің уақыты туралы мәліметтерді жөндеу жүргізуші инфрақұрылым операторының ақпараттық базасына немесе жылжымалы құрамның техникалық паспортына енгізеді.

      16. Техникалық сипаттамалар өзгерген жағдайда жөндеу ұйымы жылжымалы құрамның кузовына нормативтік техникалық құжаттарда көзделгендей тиісті трафаретті басып, жылжымалы құрамның техникалық паспортына қажетті түзетулер енгізеді.

      17. Өлшемдер, негізгі жинақтау бірліктерін жаңғырту туралы мәліметтер локомотивтің техникалық паспортына (жинақтау бірлігінің формулярына) жазылады.

      18. Локомотивтердің техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – локомотив ТҚК) мен локомотивтің сервистік қызмет көрсету (бұдан әрі – локомотив СҚК) деп локомотивтерді жұмысқа қабілетті және техникалық жарамды жағдайда ұстауға немесе локомотивті жұмысқа қабілетті жағдайға дейін қалпына келтіруге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені түсініледі.

      19. Техникалық және сервистік қызметке локомотивтерді тексеру, локомотивтерді ҚР ТПҚ талаптарына сәйкес техникалық жарамды жағдайда ұстау үшін қажетті материалдық, зияткерлік, ғылыми құралдарды пайдаланып, міндетті түрде мерзімдік жүргізуді сақтай отырып, жоспарлы және жоспардан тыс қызмет көрсету кіреді.

      20. Локомотивтің ТҚК-1 қызметін локомотив бригадалары қабылдау алаңында, жүріс жолдарында және локомотивті жұмыстар тізбесіне сәйкес тапсырғанда дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқауларына сәйкес орындайды.

      21. Локомотивтің ТҚК-2 қызметін жоғары санатты слесарьлар жабық, қажетті құралдармен, құрылғылармен жарақтандырылған, бөлшектермен, аспаптар мен материалдармен қамтамасыз етілген локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерінде (бұдан әрі – локомотив ТҚП) немесе локомотив жөндеу мекемесінде орындайды.

      22. Локомотивтердің ТҚК-3, ТҚК-4, ТҚК-6, ТҚК-7, ТҚК-8, ТҚК күшейтілген көлемде – 8 (бұдан әрі – ТҚКК-8), СҚК-1, СҚК-2, СҚК-3, СҚК-4, СҚК-5, СҚК-6, СҚК-7 және локомотивтердің күрделі жөндеуі (бұдан әрі – локомотив КЖ) жөндеу кәсіпорындарында жүргізіледі.

      23. Техникалық және сервистік қызметтің және локомотивтің күрделі жөндеуінің жүргізілу жиілігі дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

      24. Локомотивтерді ТҚК, СҚК және КЖ-ға қою дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

      25. Әрбір локомотив бойынша түпкілікті жұмыстың көлемі локомотивті тексерген шебердің локомотивті қабылдаушымен бірлесіп жасақтаған қосымша жұмыстар тізбесі, келген локомотив бригадасының ескертпелері ескеріле отырып, локомотивтің техникалық жағдайы журналына жазылып анықталады.

      26. Локомотивтердің ТҚК-3, ТҚК-6, СҚК-1, СҚК-2 және СҚК-3 жөндеу ұйымдарының немесе локомотив ТҚП күшімен жүргізіледі.

      27. Локомотив ТҚК-4 жұп доңғалақтардың бандаждарының параметрлерін қолдау мақсатында, ҚР ТПҚ белгілеген шектерде орындалады. Локомотивтің ТҚК-4 болғанда жұп доңғалақтардың бандаждарын қайрау оларды локомотивтен ажыратусыз жүргізіледі.

      28. Локомотивтің ТҚК-7, ТҚК-8, СҚК-6 және СҚК-5 локомотивтерді жұмысқа қабілетті жағдайда ұстауға арналған және жөндеу кәсіпорындары тексеру, реттеу, диагностикалау, түгендеу, бөлшектеу, тазалау, қалпына келтіру, жинау, майлау және агрегаттарды, тораптарды, бөлшектер мен құрастыру бірліктерін сынақтан өткізу жолымен локомотивтің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

      29. Локомотивтерде ТҚК-8, СҚК-5 және СҚК-6 жөндеу кәсіпорындары жүргізеді және негізгі пайдаланушылық сипаттамалар мен локомотив жарамдылығын тозған және зақымданған бөлшектер мен агрегаттарды міндетті түрде басқа құрамдас бөліктердің жағдайын тексеріп және анықталған ақаулықтарды жоя отырып жөндеу мен алмастыру жолымен қалпына келтіруге арналады.

      30. Локомотивті ТҚКК-8 және СҚК-7 – локомотивтің пайдаланушылық сипаттамаларын, жарамдылығы мен толық ресурсын (қызмет мерзімін) тозған және зақымданған агрегаттарын, бөлшектерін алмастыру, жөндеу жолымен қалпына келтіруге және күштік, төменгі вольттық электр желілерін жаңасына ішінара алмастыруға арналған жөндеу.

      31. Локомотивті КЖ базалықты қоса алғанда оның кез келген бөлшегін алмастыра отырып, пайдаланушылық сипаттамаларды, локомотивтің жарамдылығы мен оның ресурстарын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруге арналған.

      32. Локомотивтер дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқауларына сәйкес локомотивтің ТҚК мен СҚК алдында сынақтан өтуге жіберіледі.

      33. Локомотивтерді ТҚК, СҚК және КЖ-ден шығару алдында локомотивтің техникалық паспорты (формуляр) ресімделеді.

      34. Локомотивтерде ТҚ және жөндеуді орындайтын локомотив жөндеуші кәсіпорындардың локомотивтердің жөнделетін үлгілері мен олардың құрамдас бөлшектерінің технологиялық процестеріне жөндеу және пайдалану құжаттары болады.

      35. Локомотивтерге ТҚК және СҚК жүргізу үшін локомотив жөндеуші кәсіпорындардың регламенттік жұмыстарды орындауға жіберілетін және тиісті технологиялық құрал-жабдықтары, нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес бақылау және диагностикалау құралдары, жөндеу жүргізуге керекті материалдары мен қосалқы бөлшектері бар, дайындықтан өткен қызметкерлері болады.

      36. Жасалғаннан, жөндеу жүргізілгеннен кейін кепілдікті мерзімі өтелмеген, сондай-ақ соңғы қызмет мерзімі өтелгеннен кейін жүк вагондарының жарамсыздығы анықталуы себепті жарнамалық жұмыстарды ұйымдастыру төмендегі тәртіппен жүргізіледі:

      1) теміржол көлігінің қосалқы қызметі және Ұлттық инфрақұрылым операторы тораптар мен бөлшектердің ақаулықтарын анықтаған жағдайда, жасалғаннан кейін қызмет мерзімі өтелмеген жүк вагондары, сондай-ақ жөндеудің жоспарлы түрлері жүргізіледі;

      инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйесіне вагонды жарамсыз паркке ауыстыру туралы тиісті мәліметті беру арқылы ВУ-23 нысанды вагондарды жөндеуге хабарламаны ресімдеу;

      вагонның нақты кешенделуі туралы мәліметтің инфрақұрылымның Ұлттық операторының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге сәйкестігін тексеру;

      вагонның, оның тораптары мен бөлшектерінің техникалық жағдайы туралы (еркін нысанда) бастапқы акт ресімделеді;

      телеграмма арқылы вагон ажыратылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қатысты тараптар өкілдері – вагон иесі, вагон жөндеу кәсіпорны, вагон құрастыру зауыт өкілдері, ал тораптар мен бөлшектердің жарамсыздығы жағдайында ТҚ кезінде жоспарлы жөндеуден кейін алмастырылған болса – бұрын жүк вагонының тораптарын, бөлшектерін алмастырып ТҚ жүргізген ұйым өкілдері – қызметтік тексеру жүргізу орнын көрсетіп, шақырады;

      2) қызметтік тексеріс уақыты белгіленгенде қатысты тараптардың жолда болатын уақытын ескеру керек: жолаушылар поезында қызметтік тексеріс болатын жерге жету уақыты және қатысты тараптардың өкілдерін шақыру туралы телеграмма берілген күн ескеріліп қосымша 2 жұмыс күні;

      3) Ұлттық теміржол компаниясының құрылымдық бөлімшесінің төрағалығымен құрамында қатысты тараптар өкілдері бар комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ВУ-41 нысанды акт-рекламация жасақтайды. Қатысты тараптар өкілдері телеграммада көрсетілген уақытында келмеген жағдайда және өкілдердің жолға шыққандығы жөнінде хабарлама болмаған немесе себептері көрсетіліп тексеріс уақыты өзгертілген жағдайда Комиссия келмеген тараптардың өкілдерінсіз ВУ-41 нысанды акт-рекламация толтырады.

      ВУ-41 нысанды акт-рекламация қатысты тараптар өкілдері келгеннен кейін 4 күннен кешіктірілмей толтырылады. ВУ-41 нысанды акт-рекламацияның мазмұнымен келіспеген жағдайда қатысты тараптың өкілі ВУ-41 нысанды акт-рекламацияға қол қояды, бірақ акт-рекламацияның келесі бетіне ерекше пікірін жазып қалдырады.

      Қатысты тараптардың өкілінде 41 нысанды акт-рекламацияға қол қою өкілеттілігі көрсетілген сенімхат болуы керек;

      4) вагондардың қызметтік мерзімдерін өтемеген тораптары мен бөлшектерінің ақауларының пайда болу себептерін анықтау мақсатында Комиссия қызметтік тексеру жүргізеді, соның нәтижесінде алты данамен еркін нысанда акт жасақталып, Комиссия мүшелері қолдарын қояды. Актіге ақауларды растайтын дефектоскопиялау нәтижесі немесе басқа да құжаттар тіркеледі;

      5) АЖ пункті жағдайында жою мүмкін болатын вагонның тораптары мен бөлшектерінің ақаулықтары қарастырылған АЖ технологиялық процесіне сәйкес жөнделеді;

      6) АЖ-ден өткен вагонға АЖ жүргізген ұйымның қызметкерлері вагонның жөндеуден шығарылғаны туралы ВУ-36 нысанды хабарлама толтырады. ВУ-36 нысанды хабарламаға вагонда нақты орналасқан бөлшектер туралы мәліметтер бейнеленетін жүк вагонының жинақталуын есептеу парағы тіркеледі;

      7) АЖ жүргізген ұйым қызметкерлері Ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйесіне вагон бөлшектерінің жинақталуы туралы мәліметтер жүктейді, жүктелгеннен кейін оператордың ақпараттық жүйесіне "Вагонның жөндеуден шыққандығы туралы" хабарлама ВУ-36 нысанды хабарламаға қол қойылғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде вагон иесіне төмендегі құжаттарды береді:

      ВУ-23 нысанды вагонның жөндеуге жіберілгені туралы хабарлама;

      вагонның техникалық жағдайы туралы бастапқы акт;

      қатысты тараптардың өкілдерін шақыру туралы телеграмманың көшірмесі;

      тексерудің комиссиялық актісі;

      жұп доңғалақ пен букстік торабының ақаулығы жағдайында тексеру жоспары;

      ВУ-41 нысанды акт-рекламация, вагонның ақаулы бөлшектері мен тораптарының суреттері немесе эскиздері;

      инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйесінен АЖ-ге дейінгі және кейінгі алынған мәліметтерімен "Вагонның қалдық ресурсы туралы" анықтама;

      комиссиялық акт (бөлшектер мен тораптардың нақты жинақтаушы инфрақұрылым операторы ақпараттар жүйесінің мәліметтеріне сәйкес келмеген жағдайда);

      ВУ-22 нысанды ақау тізімдемесі;

      орындалған жұмыстар актісі;

      ВУ-36 нысанды хабарлама;

      нақты орындалған жұмыстың калькуляциясы, АЖ-де орындалған жұмыстардың шот-фактурасы мен жұмыс актісі.

      8) АЖ пункті жағдайында ақаулықтарды жөндеу мүмкін болмағанда пайдаланушылық вагон депосының жұмысшылары вагон иесіне вагон жөндеу кәсіпорыны жағдайында жөндеуді ұйымдастыру шараларын алуды (телефонограммамен) хабарлайды;

      9) вагон басқа теміржол басшылығының түгендеу паркіне тиесілі болған жағдайда теміржол жұмысшылары вагонды иегер елге поездар қозғалысының қауіпсіздігі жағдайында жөнелтуді жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады