Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 18960 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18670 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу (бұдан әрі - бөлу) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Р. Игенев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаментіне (А. Досходжаева ) қоса берілген бөлуге сәйкес жоғарғы оқу орындарына республикалық бюджетпен қарастырылған тиісті қаржы жылы бойынша қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Райымқұлова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы "01" шілдедегі
№ 186 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы

Студенттерге арналған стипендия саны

1.

"Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

4

2.

"Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

4

3.

"Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

4

Барлығы:

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады