Сумен жабдықтау және су бұру саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18993 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған мынадай нысандар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 4 шілдедегі
№ 481 бұйрығына
1-қосымша

"Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.05.2024 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады:

      Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет - ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер"

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ҚЕМ

      Кезеңділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__жылы

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

      Тапсыру мерзімі: аудандық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

      "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер"

Жол коды

Облыстың, қаланың атауы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша облыстың, қаланың коды

Жалпы саны

Қызмет көрсету кәсіпорны

Сумен жабдықтау

облыстағы қалалардың (бірлік)

тұрғынжайлардың

қалалық елді мекендерде тұратындар (адам)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
БНС

Атауы

Орталықтандырылған сумен қамтылған абоненттер саны (бірлік)

оның ішінде

жеке тұлғалар/халық (бірлік)

заңды тұлғалардың (оның ішінде бюджеттік ұйымдар) (бірлік)

бюджеттік ұйымдар (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      кестенің жалғасы

Сумен жабдықтау

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға рұқсаты бар халықтың саны (адам)

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, % 13 баған /6 баған*
100

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша суды есепке алудың жеке аспаптарымен қамту

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша суды есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен қамту

Сумен жабдықтаудың өндірістік процестерін автоматтандыру және орталықтандырылған бақылау және басқару жүйесінің (SCADA) болуы

барлығы өсіммен (бірлік)

оның ішінде қызмет көрсететін кәсіпорынның (бірліктердің)энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне деректерді қашықтықтан бере отырып

қамту %, 15 баған/ 9 баған*
100

Үйге ортақ есепке алу аспаптарын орнатуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың саны (бірлік)

Үйге ортақ есептеу аспаптары орнатылған ғимараттар мен құрылыстардың саны (бірлік)

Белгіленген үйге ортақ есептеу аспаптарының саны (бірлік)

оның ішінде қызмет көрсететін кәсіпорынның (бірліктердің) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне деректерді қашықтықтан бере отырып

қамту %, 19 баған/ 18 баған*
100

Су алу (0 немесе 1)

Суды тазарту (0 немесе 1)

Сорғы станциялары (0 немесе 1)

Сумен жабдықтау желілері (0 немесе 1)

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

      кестенің жалғасы

Су бұру

Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған абоненттер саны (бірлік)

оның ішінде

Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған халық саны (адам)

Орталықтандырылған су бұруға қол жеткізу, % 31баған. / 6баған*100

Кәріз-тазарту құрылыстарының болуы (бірлік)

оның ішінде

Кәріз-тазарту құрылыстарының өнімділігі (жобалық)

Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %

Қолданыстағы кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халық саны (адам)

жеке тұлғалар/халық (бірлік)

заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар) (бірлік)

бюджеттік ұйымдар (бірлік)

тек механикалық тазалаумен (бірлік)

механикалық және биологиялық тазартумен (бірлік)

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

      кестенің жалғасы

Су бұру

Халықты сарқындысуларды тазартумен қамту, % 38баған / 6баған*100

Іс жүзінде кәріздік тазарту құрылыстарына ағынды сулар түсті (мың текше метрі)

Оның ішінде

Есепті кезеңдегі меншікті зертханалық мониторинг бойынша нормативтік тазартуға сәйкес келетін сарқынды сулардың көлемі (мың текше метрі )

Нормативтік тазартылған су деңгейі, % 45баған / 40баған * 100

Су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру және орталықтандырылған бақылау және басқару жүйесінің (SCADA) болуы

I тоқсан үшін (мың текше метрі )

II тоқсан үшін (мың текше метрі )

III тоқсан үшін (мың текше метрі )

IV тоқсан үшін (мың текше метрі )

Кәріз желілері (0 немесе 1)

Кәріз сорғы станциялары (0 немесе 1)

Кәріздік тазарту құрылыстары (0 немесе 1)

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

      кестенің жалғасы

Тарифтер деңгейі

Су құбыры желілерінің ұзындығы, км (есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша)

сумен жабдықтау

су бұру

орташа, теңге / текше метрі )

Жеке тұлғаларға/халыққа, теңге / текше метрі

заңды тұлғаларға (оның ішінде бюджеттік ұйымдар), теңге / текше метрі)

бюджеттік ұйымдарға, теңге / текше метрі)

орташа, теңге / текше метрі)

Жеке тұлғаларға/халыққа, теңге / текше метрі)

заңды тұлғаларға, теңге / текше метрі)

бюджеттік ұйымдарға, теңге / текше метрі)

жалпы, шаршы

оның ішінде тозған, шаршы

Тозу, % 59 бағана/ 58 бағана

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

      кестенің жалғасы

Кәріз желілерінің ұзындығы, км (есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша)

Есепті жылы салынған (жаңа) желілердің жалпы ұзындығы, шаршы

Есепті жылы қайта жаңартылған (ауыстырылған) желілердің жалпы ұзақтығы, шаршы

Есепті жылы жөнделген (ағымдағы/күрделі жөндеу) желілердің жалпы ұзындығы, шаршы

жалпы, шаршы

оның ішінде тозған, шаршы

Тозу, % 62 баған/ 61 баған

сумен жабдықтау, шаршы

су бұру, шаршы

сумен жабдықтау, шаршы

су бұру, шаршы

сумен жабдықтау, шаршы

су бұру, шаршы

61

62

63

64

65

66

67

68

69


Атауы____________________________________
_________________________________________ жергілікті атқарушы орган

Мекенжайы______________________________
________________________________________

Телефоны
_________________________________________


 
Электрондық почта мекенжайы_______________________________


 
Орындаушы_______________________________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

________________________________________ қолы

 
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_________________________________________

_________________________________________ қолы

 
Мөрдің орны


  Нысанға
қосымша

"Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс – 1-ҚЕМ, кезеңділігі - жыл сайын)

      1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған сәйкес әзірленген "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" (бұдан әрі – Нысан) нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Осы Нысан бойынша ақпаратты аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанына кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "жол коды" деген 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;

      "Облыстың, қаланың атауы" деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы облыстарының және қалалардың атауы көрсетіледі;

      "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша облыстың, қаланың коды" деген 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша облыстың, қаланың коды көрсетіледі;

      "Облыстағы қалалардың жалпы саны" деген 4-бағанда облыстағы қалалық елді мекендердің жалпы саны көрсетіледі;

      "Тұрғынжайдың жалпы саны" деген 5-бағанда қалалық елді мекендердегі дара тұрғын үйлердің, пәтерлердің, жатақханадағы бөлмелердің, модульдік (мобильді) тұрғын үйлердің жалпы саны көрсетіледі;

      "Қалалардағы тұратын халықтың жалпы саны" деген 6-бағанда есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтардағы статистикалық деректерге сәйкес облыстың қалалық елді мекендерінде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Қызмет көрсетуші кәсіпорын" деген 7, 8-бағандарда халыққа сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қызмет көрсететін кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және атауы көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған абоненттер саны" деген 9, 10, 11, 12-бағандарда қалалық елді мекендерде, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларда (оның ішінде бюджеттік ұйымдар), сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда тұратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген абоненттердің саны көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған халық саны" деген 13-бағанда қалалық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықталумен қамтылған халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері);

      "Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі, %" деген 9-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі көрсетіледі, 13-бағанның 6-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша суды есепке алудың жеке аспаптарымен барлық бірліктерді қамту" деген 15, 16-бағандарда есепті жылдың аяғына өсіп келе жатқан, оның ішінде қызмет көрсететін кәсіпорынның энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне деректерді қашықтықтан бере отырып, суды есепке алудың белгіленген жеке аспаптарының жалпы саны;

      "Суды есепке алудың жеке аспаптарымен қамту, %" деген 17-бағанда жеке есепке алу аспаптары орнатылған абоненттердің үлесі көрсетіледі, 9-бағанға 15-бағанның пайыздық қатынасы ретінде есептеледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша үйге ортақ су есепке алу аспаптарымен қамту" 18, 19, 20, 21-бағандарында үйге ортақ есепке алу аспаптарын (бірліктерін) орнатуға жататын және үйге ортақ есепке алу аспаптары (бірліктері) орнатылған ғимараттар мен құрылыстардың саны, сондай-ақ үйге орнатылған жалпы есепке алу аспаптарының (бірліктерінің) саны көрсетіледі, оның ішінде қызмет көрсететін кәсіпорынның (бірліктердің) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне деректерді қашықтықтан беру саны;

      "Қамту %" деген 22-бағанда суды есепке алудың белгіленген жалпыүйлік аспаптарымен қамтылған ғимараттар мен құрылыстардың үлесі көрсетіледі, 19-бағанның 18-бағанға қатынасы ретінде есептеледі;

      "Сумен жабдықтаудың өндірістік процестерін автоматтандыру және бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйесінің (SCADA) болуы" деген 23, 24, 25, 26-бағандарда су қабылдағыштарда, су дайындауда, сорғы станцияларында және сумен жабдықтау желілерінде автоматтандыру мен SCADA болуы көрсетіледі. Сумен жабдықтаудың өндірістік процестерін автоматтандыру компоненттері және бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйесі (SCADA) болған кезде - 1, болмаған кезде - 0 саны көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған абоненттер саны" деген 27, 28, 29, 30-бағанда орталықтандырылған су бұруға қосылған қалалардағы халық саны (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), оның ішінде жеке және заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар), сондай-ақ бюджеттік ұйымдар көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі бар халық саны" деген 31-бағанда қалалық елді мекендерде тұратын орталықтандырылған су бұрумен қамтылған халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері);

      "Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %" деген 32-бағанда орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі көрсетіледі, 31-бағанның 6-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының болуы" деген 33, 34, 35-бағандарда механикалық және биологиялық тазартуы бар кәріздік тазарту құрылыстарының болуы көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі" деген 36-бағанда кәріздік тазарту құрылыстарының жобалық өнімділігі көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %" деген 37-бағанда кәріздік тазарту құрылыстарының тозу деңгейі көрсетіледі, мынадай тәртіппен есептеледі: айырмашылық 100% және жыл соңындағы баланстық құны бойынша негізгі қорлардың болуы/жыл соңындағы бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың болуы*100%;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халық саны" деген 38-бағанда орталықтандырылған және/немесе құрамдастырылған (орнында тазартумен немесе ассенизаторлық машиналармен танктерден сарқынды суларды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттеріне (ағызу пункттеріне) ассенизаторлық машиналармен тасымалдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілген, жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту құрылыстары бар қалалардағы халық саны көрсетіледі; егер Кәріздік тазарту құрылыстар болған жағдайда ұйымдастырылған ағызу пункттері болмаса, онда тазартумен қамту орталықтандырылған су бұруға қосылған үлеске тең қабылданады;

      "Халықты тазартылған сарқынды сулармен қамтылуы, %" деген 39-бағанда қалалардағы сарқынды суларды тазартумен қамтылған халықтың үлесі көрсетіледі, қалаларда тұратын халық санының қолданыстағы Кәріздік тазарту құрылыстарымен қалалардағы тұрғындардың жалпы санына пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі 38-баған 6-бағанға;

      "Іс жүзінде кәріз-тазарту құрылыстарына сарқынды сулар келіп түсті (мың текше метр)" деген 40, 41, 42, 43, 44-бағандарда кәріз-тазарту құрылыстарына келіп түскен сарқынды сулар саны, оның ішінде І, ІІ, ІІІ және IV тоқсандар бөлінісінде көрсетіледі;

      "Есепті кезеңдегі меншікті зертханалық мониторинг бойынша нормативтік тазартуға сәйкес келетін сарқынды сулардың көлемі (мың текше метр)" деген 45-бағанда ішкі зертханалық мониторинг процесінде негізгі көрсеткіштер бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияға сәйкес келетін сарқынды сулардың көлемі (өлшенген заттар, толық оттегінің биохимиялық тұтынуы, оттегінің химиялық тұтынуы, аммоний азоты, нитрат азоты, нитрит азоты, фосфор фосфаттары, мұнай өнімдері) көрсетіледі (зертхана журналдарына сәйкес), бір жыл ішінде;

      "Нормативтік-тазартылған судың деңгейі, %" деген 46-бағанда тазарту құрылыстарында тазартудан өткен нормативтік тазартылған су көлемінің үлесі көрсетіледі, есеп тазарту құрылыстары арқылы өткізілген сарқынды сулардың көлеміне қарай жүзеге асырылады.

      "Су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру және бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйесінің (SCADA) болуы" деген 47, 48, 49-бағандарда кәріз желілерінде, кәріз-сорғы станцияларында, кәріз-тазарту құрылыстарында автоматтандыру мен SCADA болуы көрсетіледі. Су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру компоненттері және бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйесі (SCADA) болған кезде - 1, болмаған кезде - 0 саны көрсетіледі;

      "Сумен жабдықтау және су бұру тарифтерінің деңгейі" деген 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57-бағандарда мынадай тарифтер көрсетіледі: орташа, жеке және заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар) үшін, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне бюджеттік ұйымдар үшін тарифтер;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы" деген 58, 59-бағандарда есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы және оның ішінде тозған сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Тозу, %" деген 60-бағанда су құбыры желілерінің тозу деңгейі көрсетіледі, мынадай түрде есептеледі: тозған желілердің су құбыры желілерінің жалпы ұзындығына қатынасы ретінде *100%;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша кәріз желілерінің ұзындығы" деген 61, 62-бағандарда есепті жылдың соңына кәріз желілерінің жалпы ұзындығы және оның ішінде тозған кәріз желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Тозу, %" деген 63-бағанда кәріз желілерінің тозу деңгейі көрсетіледі, мынадай түрде есептеледі: тозған желілердің су құбыры желілерінің жалпы ұзындығына қатынасы ретінде *100%;

      "Есепті кезеңде салынған желілердің жалпы ұзындығы, шаршы" деген 64, 65-бағандарда есепті кезеңде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті кезеңде реконструкцияланған желілердің жалпы ұзақтығы, шаршы" деген 66, 67-бағандарда есепті кезеңде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде реконструкцияланған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылы жөнделген (ағымдағы/күрделі) желілердің жалпы ұзақтағы, шақырым" деген 68, 69-бағандарда жөнделген сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 4 шілдедегі
№ 481 бұйрығына
2-қосымша

"Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.05.2024 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады:

      Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет - ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер"

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-АЕМ

      Кезенділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__жылы

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық елді мекендердің жергілікті атқарушы органдары.

      Ұсыну мерзімі: ауылдық елді мекендердің, аудандық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті кезеңнен кейінгі 1 наурыздан кешіктірмей ұсынады.

      Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер

Жолдардың коды

Облыстың, ауданның, ауылдық елді мекеннің атауы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуші бойынша облыстың, ауданның коды

Ауыл мәртебесі

Облыстағы ауылдық елді мекендердің жалпы саны (бірлік)

Ауылдык елді мекендердегі халықтың жалпы саны (адам)

Тұрғынжайлардың жалпы саны

Сумен жабдықтау жүйесінің салынған жылы

Қызмет көрсетуші кәсіпорын

тірек

спутниктік

өзге де

шекара маңындағы

БСН

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Кімнің меншігінде

Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі

Орталықтандырылған сумен жабдықтау

Ауылдык елді мекендердің саны (бірлік)

Осы ауылдық елді мекендерде тұратын халық саны (адам)

%

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердегі тұратын халықтың саны (адам)

Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылуы, % 19 баған/8 баған *100

Халықтың саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылуы, % 20 баған/9 баған *100

мемлекеттік

жеке

14

15

16

17

18

19

20

21

22

      кестенің жалғасы

Орталықтандырылған сумен жабдықтау

Орталықтандырылған сумен қамтылған абоненттердің саны (бірлік)

оның ішінде

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша суды есепке алудың жеке құралдары барлығы орнатылды
(бірлік)

оның ішінде сервистік кәсіпорынның энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне деректерді қашықтықтан беру (бірлік)

Жеке суды есептеу құралдарымен қамтылуы, % 27 баған/23 баған*100

жеке тұлғалар/халық (бірлік)

заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар) (бірлік)

бюджеттік ұйымдар (бірлік)

23

24

25

26

27

28

29

      кестенің жалғасы

Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Кешенді-блок модульдер

Су тасымалдау пункттері

Тасымалданатын су

Кешенді-лок модульдер орнатылған ауылдық елді мекендердің саны

Кешенді-лок модульдер белгіленген ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны (адам)

Халықты КБМ қамтамасыз ету, % 32 баған/9 баған*100

Су тасымалдау пункттері белгіленген ауылдық елді мекендердің саны

Су тасымалдау пункттері белгіленген ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны (адам)

Халықтың су тасымалдау пункттері қызметтерімен қамтамасыз етілуі, % 35 баған/9 баған*100

Тасымалданатын суы бар ауылдық елді мекендердің саны

Тасымалданатын суды пайдаланатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтын саны

Халықтың тасымалданатын сумен қамтамасыз етілуі, % 38 баған/9 баған*100

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

      кестенің жалғасы

Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау

Ұңғымалар мен құдықтар

Тұрғындары ұңғымалар мен құдықтардан суды пайдаланатын ауылдық елді мекендердің саны

Ұңғымалар мен құдықтардан су пайдаланатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны

Халықтың ұңғымалармен және құдықтармен қамтамасыз етілуі, % 41 баған/9 баған*100

Тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок модульдер мен су тасымалдау пункттер қондырғыларынан бас тартқан ауылдық елді мекендердің саны (бас тарту хаттамаларының болуы)

Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пунктерінің қондырғысынан бас тартқан халық саны (бас тарту хаттамаларының болуы)

Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок модульдер мен су тасымалдау пункттер қондырғыларынан қондырғысынан бас тартқан халықтың үлесі, 44 баған/9 баған*100

Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок модульдер мен су тасымалдау пункттер қондырғыларынан қондырғысынан бас тарқан ауылдардың үлесі, %, 43 баған/8 баған*100

40

41

42

43

44

45

46

      кестенің жалғасы

Орталықтандырылған су бұру

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны (адам)

Осы ауылдық елді мекендерде тұратын абоненттердің саны (бірлік)

Оның ішінде

Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, % 47 баған/8 баған *100

Халық саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, % 48 баған/9 баған *100

Кәріздік тазарту құрылыстардың болуы (бірлік)

Оның ішінде

Жеке тұлғалар/халық (бірлік)

Заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар) (бірлік)

Бюджеттік ұйымдар (бірлік)

Механикалық тазалаумен (бірлік)

Механикалық және биологиялық тазалаумен (бірлік)

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

      кестенің жалғасы

Орталықтандырылған су бұру

Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі (жобалық)

Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %

Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халық саны (адам)

Халықтың тазартылған сарқыны сулармен қамтылуы, % 60 баған./9 баған*100

Іс жүзінде кәріз-тазарту құрылыстарына сарқынды сулар келіп түсті (мың.текше метр)

Оның ішінде

Есепті кезеңдегі меншікті зертханалық мониторинг бойынша нормативтік тазартуға сәйкес келетін сарқынды сулардың көлемі (мың текше метр)

Нормативтік тазартылған судың деңгейі, % 67 баған/62 баған * 100

I тоқсан үшін (мың текше метр)

II тоқсан үшін (мың текше метр)

III тоқсан үшін (мың текше метр)

IV тоқсан үшін (мың текше метр)

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

      кестенің жалғасы

Орталықтандырылмаған су бұру

Тарифтердің деңгейі

сумен жабдықтау

су бұру

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Осы ауылдық елді мекендерде тұратын халықтын саны (адам)

орташа, теңге/ текше метр

жеке тұлғаларға/халыққа, теңге/ текше метр

заңды тұлғаларға, теңге/ текше метр

бюджеттік ұйымдарға, теңге/ текше метр

орташа, теңге/ текше метр

жеке тұлғаларға/халыққа, теңге/ текше метр

заңды тұлғаларға (оның ішінде бюджеттік ұйымдар), теңге/ текше метр

бюджеттік ұйымдарға, теңге/ текше метр

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

      кестенің жалғасы

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су желісінің ұзындығы, шақрым

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су бұру желісінің ұзындығы, шақрым

Есепті кезеңде салынған желілердің жалпы ұзындығы, шақрым

Есепті кезеңде реконструкцияланған желілердің жалпы ұзындығы, шақрым

Есепті жылы жөнделген (ағымдағы/күрделі жөндеу) желілердің ұзындығы, шақрым

барлығы, шақрым

оның ішінде тозған, шақрым

тозуы, % 80 баған/79 баған

барлығы, км

оның ішінде тозған, шақрым

тозуы, % 83 баған/82 баған

сумен жабдықтау

су бұру

сумен жабдықтау

су бұру

сумен жабдықтау

су бұру

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89

90


Атауы_____________________________________
__________________________________________ жергілікті атқарушы орган

Мекен-жайы___________________________-

Телефоны _________________________________


 
Электрондық почта мекенжайы________________________________


 
Орындаушы_______________________________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

_______________________________________ қолы

 
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________

_______________________________________ қолы

 
Мөрдің орны


  Нысанға
қосымша

"Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс- 2-АЕМ, кезеңділігі – жыл сайын)

      1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізуді мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйекиегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй - коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленген "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Осы Нысан бойынша ақпаратты аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей ұсынады;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Жолдардың коды" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Облыстың, ауданның, ауылдық елді мекеннің атауы" деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы облыстарының, аудандарының, ауылдық елді мекендерінің атауы көрсетіледі;

      "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуші бойынша облыстың, ауданның коды" деген 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуші (ӘАОЖ) бойынша облыстың, ауданның коды көрсетіледі;

      "Ауыл мәртебесі" деген 4, 5, 6, 7-бағандарда ауылдың (тірек, спутниктік, өзге де және шекара маңындағы)мәртебесі көрсетіледі;

      "Облыстағы ауылдық елді мекендердің жалпы саны" деген 8-бағанда облыстағы ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердегі халықтың жалпы саны" деген 9-бағанда есептіден кейінгі 1 қаңтардағы статистикалық деректерге сәйкес облыстың ауылдық елді мекендерінде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Тұрғынжайдың жалпы саны" деген 10-бағанда ауылдық елді мекендердегі дара тұрғын үйлердің, пәтерлердің, жатақханадағы бөлмелердің, модульдік (мобильді) тұрғын үйлердің жалпы саны көрсетіледі;

      "Сумен жабдықтау жүйесінің салынған жылы" деген 11-бағанда сумен жабдықтау жүйесінің салынған жылы көрсетіледі;

      "Қызмет көрсететуші кәсіпорын" деген 12, 13-бағандарда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қызмет ауыл халқына қызмет көрсететін кәсіпорынның атауы мен бизнес-сейкестендіргіш номірі көрсетіледі;

      "Кімнің меншігінде" деген 14, 15-бағандарда ауыл халқына сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қызмет көрсететін кәсіпорынның меншік нысаны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердің саны" деген 16-бағанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі бар ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Осы ауылдық елді мекендерде тұратын халық саны" деген 17-бағанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі бар ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың жалпы саны көрсетіледі;

      "%" деген 18-бағанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі бар ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі, 17-бағанның 9-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны" деген 19-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердегі тұратын халықтың саны" деген 20-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың жалпы саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылуы, %" деген 21-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің үлесі көрсетіледі, 19-бағанның 8-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Халықтың саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылуы, %" деген 22-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), 20-бағанға 9-бағанның пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Орталықтандырылған сумен қамтылған абоненттердің саны" деген 23, 24, 25, 26-бағанда ауылдық елді мекендерде тұратын орталықтандырылған сумен қамтылған абоненттердің саны (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), оның ішінде жеке және заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар), сондай-ақ бюджеттік ұйымдар көрсетіледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша суды есепке алудың жеке құралдарды барлығы белгіленді" 27, 28-бағандарда есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша өспелі суды есепке алудың белгіленген жеке аспаптарының жалпы саны (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), оның ішінде қызмет көрсететін кәсіпорынның энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне деректерді қашықтықтан бере отырып;

      "Жеке суды есептеу құрылдарымен қамтылуы, %" деген 29-бағанда жеке есепке алу аспаптары орнатылған абоненттердің үлесі көрсетіледі, 27-бағанның 23-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Ауылдық елді мекендердің саны" деген 30-бағанда сумен жабдықтау орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесінен жүзеге асырылатын елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Кешенді блок-модульдері орнатылған ауылдық елді мекендердің саны" деген 31-бағанда халық сумен жабдықтау қызметтерін кешен-блок модульдері арқылы алатын ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Кешенді блок-модульдер белгіленген ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны" деген 32-бағанда халық кешенді блок-модульдер арқылы қызмет алатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Халықты кешенді блок-модульдерімен қамтамасыз ету, %" деген 33-бағанда кешенді блок-модульдері бар ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі, 21-бағанның 5-бағанға пайыздық қатынасы ретінде есептеледі;

      "Су тарату пункттері белгіленген ауылдық елді мекендердің саны" деген 34-бағанда халық су тарату пункттері арқылы сумен жабдықтау қызметтерін алатын ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Су тарату пункттері белгіленген ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны" деген 35-бағанда халық су тарату пункттері арқылы қызмет алатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Халықтың су тарату пункттерінің қызметтерімен қамтамасыз етілуі, %" деген 36-бағанда су тарату пункттері бар ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі, 35-бағанның 9-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Тасымалданатын суы бар ауылдық елді мекендердің саны" деген 37-бағанда тасымалданатын сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Тасымалданатын суды пайдаланылатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны" деген 38-бағанда тасымалданатын суды пайдаланатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Халықтың тасымалданатын сумен қамтамасыз етілуі, %" деген 39-бағанда тасымалданатын суы арқылы сумен жабдықтау қызметтерін алатын ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі, 38-бағанның 9-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Тұрғындары ұңғымалар мен құдықтардан суды пайдаланатын ауылдық елді мекендердің саны" деген 40-бағанда халық ұңғымалар мен құдықтар арқылы сумен жабдықтау қызметтерін алатын ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ұңғымалар мен құдықтардан су пайдаланылатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны" деген 41-бағанда халық ұңғымалар мен құдықтар арқылы сумен жабдықтау қызметтерін алатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Халықтың ұңғымалармен және құдықтармен қамтамасыз етілуі, %" деген 42-бағанда ұңғымалары мен құдықтары бар ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі, 41-бағанның 9-бағанға пайыздық қатынасы ретінде есептеледі;

      "Тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пункттері қондырғыларынан бас тартқан ауылдық елді мекендердің саны (бас тарту хаттамаларының болуы)" деген 43-бағанда тұрғындар ұңғымалар мен құдықтарды пайдаланатын ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі, бұл ретте орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пункттер қондырғысынан бас тартады (қосылудан бас тарту бас тарту хаттамасының міндетті болуын көздейді);

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок- модульдер мен су тарату пункттерінің қондырғысынан бас тартқан халық саны (бас тарту хаттамаларының болуы)" деген 44-бағанда ұңғымалар мен құдықтарды пайдаланатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі, бұл ретте тұрғындар орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан және комплексті блок-модульдер мен су тарату пункттер қондырғысынан бас тартады (қосылудан бас тарту үшін бас тарту хаттамасының міндетті болуын көздейді);

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пункттері қондырғысынан бас тартқан халықтың үлесі, %" деген 45-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пункттері қондырғысынан бас тартатын ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі, 44-бағанның 9-бағанға пайыздық қатынасы ретінде есептеледі

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пункттері қондырғысынан бас тартқан ауылдардың үлесі, %" деген 46-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысынан, кешенді блок-модульдер мен су тарату пункттері қондырғысынан бас тартатын ауылдық елді мекендердің үлесі көрсетіледі, 43-бағанның 8-бағанға пайыздық қатынасы ретінде есептеледі;

      "Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны" деген 47-бағанда орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны" деген 48-бағанда орталықтандырылған су бұру бар ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың жалпы саны көрсетіледі;

      "Осы ауылдық елді мекендерде тұратын абоненттердің саны" деген 49, 50, 51, 52-бағанда орталықтандырылған су бұруға қосылған (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), оның ішінде жеке және заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар), сондай-ақ бюджеттік ұйымдар үшін ауылдық елді мекендердегі халықтың саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %" 53-бағанында орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), 47-бағанның 8-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Халық саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %" деген 54-бағанда ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), 48-бағанның 9-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстардың болуы" деген 55, 56, 57-бағандарда ауылдық елді мекендерде механикалық және биологиялық тазартумен кәріз-тазарту құрылыстарының болуы көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі" деген 58-бағанда кәріз-тазарту құрылыстарының жобалық өнімділігі көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %" деген 59-бағанда кәріздік тазарту құрылыстарының тозу деңгейі көрсетіледі, мынадай түрде есептеледі: айырмашылық 100% және жыл соңындағы баланстық құны бойынша негізгі қорладрдың болуы/жыл соңындағы бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың болуы*100%;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халық саны" деген 60-бағанда орталықтандырылған және/немесе құрамдастырылған (орнында тазартумен немесе ассенизаторлық машиналармен сарқынды суларды қабылдаудың ұйымдастырылған пунктеріне (ағызу пунктеріне) ассенизаторлық машиналармен тасымалдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілген, жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту құрылыстары бар ауылдық елді мекендергі халық саны көрсетіледі; егер кәріздік тазарту құрылыстар болған жағдайда ұйымдастырылған ағызу пунктері болмаса, онда тазартумен қамту орталықтандырылған су бұруға қосылған үлеске тең қабылданады;

      "Халықтың тазартылған сарқынды сулармен қамтылуы, %" деген 61-бағанда ауылдық елді мекендерде сарқынды суларды тазартумен қамтылған халықтың үлесі көрсетіледі, ауылдық елді мекендерде тұратын халық санының қолданыстағы кәріздік тазарту құрылыстарымен ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындардың жалпы санына пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Іс жүзінде кәріз-тазарту құрылыстарына сарқынды сулар келіп түсті (мың м3)" деген 62, 63, 64, 65, 66-бағандарда кәріздік тазарту құрылыстарына келіп түскен сарқынды сулар саны, оның ішінде І, ІІ, ІІІ және IV тоқсандар бөлінісінде көрсетіледі;

      "Есепті кезеңдегі меншікті зертханалық мониторинг бойынша нормативтік тазартуға сәйкес келетін сарқынды сулардың көлемі (мың м3)" деген 67-бағанда бір жыл ішіндегі ішкі зертханалық мониторинг процесінде негізгі көрсеткіштер бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияға сәйкес келетін сарқынды сулардың көлемі көрсетіледі (өлшенген заттар, толық оттегінің биохимиялық тұтынуы, оттегінің химиялық тұтынуы, аммоний азоты, нитрат азоты, нитрит азоты, фосфор фосфаттары, мұнай өнімдері) (зертхана журналдарына сәйкес);

      "Нормативтік тазартылған судың деңгейі, %" деген 68-бағанда тазарту құрылыстарында тазартудан өткен нормативтік тазартылған су көлемінің үлесі көрсетіледі, есеп тазарту құрылыстары арқылы өткізілген сарқынды сулардың көлеміне қарай жүзеге асырылады.

      "Ауылдық елді мекендердің саны" деген 69-бағанда су бұру орталықтандырылмаған су бұру жүйесінен жүзеге асырылатын елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Осы ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны" деген 70-бағанда орталықтандырылмаған су бұруы бар ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың жалпы саны көрсетіледі;

      "Сумен жабдықтау және су бұру тарифтерінің деңгейі" деген 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78-бағандарда мынадай тарифтер көрсетіледі: жеке және заңды тұлғалар (оның ішінде бюджеттік ұйымдар) үшін орташа, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бюджеттік ұйымдарға арналған тарифтер;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы, км" деген 79, 80-бағандарда су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тозған сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Тозу, %" 81-бағанында су құбыры желілерінің тозу деңгейі көрсетіледі, келесідей есептелінеді: тозған су құбыр желілері желілердің жалпы ұзындығына қатынасы ретінде *100%;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша кәріз желілерінің жалпы ұзындығы, км" деген 82, 83-бағандарда есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша кәріз желілерінің жалпы ұзындығы және тозған кәріз желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Тозу, %" 84-бағанында кәріз желілерінің тозу деңгейі көрсетіледі, келесідей есептелінеді: тозған желілердің су құбыры желілерінің жалпы ұзындығына қатынасы ретінде *100%;

      "Есепті жылда салынған желілердің ұзындығы, км" деген 85, 86-бағандарында есепті кезеңде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылда реконструкцияланған желілердің ұзындығы, км" деген 87, 88-бағандарда есепті кезеңде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің реконструкцияланған ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылы жөнделген (ағымдағы/күрделі жөндеу) желілердің ұзындығы, км" деген 89, 90-бағандарда есепті кезеңде жөнделген сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады