"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Дінтану сараптамасын жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына мамандықтардың біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар тартылады:
дінтану;
теология;
исламтану.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Өтініш
Сізден мынадай діни материалдарға: ____________________________
_________________________________________________________________
(авторын (және (немесе) аудармашысын, құрастырушысын),
шығарылым деректерін (қала, баспасы, шыққан жылы, парақ саны)
көрсете отырып, сараптама объектілерін санамалау)
____________________________________________________________
____________________________ дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.
_________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен
жағдайда, ұйымның атауын және келіп түскен күнін көрсету қажет,
миссионерлер немесе діни бірлестіктер тіркеуге өтініш білдірген
жағдайда, қабылданған күнін және мұндай өтінішті
қабылдаған органды, Қазақстан Республикасының
аумағына әкелінген жағдайда – әкеліну күнін
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
байланысты дінтану сараптамасын жүргізу көрсету қажет).
Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.
Мөр (заңды тұлғалар үшін)