Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 тамызда № 19283 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 16 тамыздағы
№ 648 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Құрылыс объектілеріне арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды бекіту тәртібі";

      10-тармақ алып тасталсын.

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету, қайтадан бекітуді (қайта бекіту) жүргізу ерекшеліктері";

      2. "Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоба (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) бойынша "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес ғимараттардың немесе құрылыстардың жауапкершілік деңгейін көрсетумен кіріспе және сипаттама бөлігі, сондай-ақ сараптамаға ұсынылған жобаға қоса берілетін міндетті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) туралы қысқаша ақпаратты;";

      3. "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 670 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17533 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ұсыну кезінде электрондық өтінімді, сондай-ақ тиісті электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеуді портал автоматты түрде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, мынадай тәртіпте жүргізеді:

      1) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша жұмыс күні 0:00 сағаттан 13:59 сағатқа дейін келіп түскендер аталған жұмыс күнінде тіркеледі;

      2) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша жұмыс күні 14:00 сағаттан 23:59 сағатқа дейін келіп түскендер келесі жұмыс күнінде тіркеледі;

      3) жұмыс істемейтін күні келіп түскендер сол күннен кейінгі жұмыс күнінде тіркеледі.

      Портал пайдаланушысы портал қатысушысының мекенжайына оның электрондық өтінімдерін қарау барысында ұсынатын электрондық құжаттарын және (немесе) құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу аталған құжаттарды порталда ЭЦҚ-мен куәландырылатын нақты уақыт бойынша Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен жүргізіледі. Жұмыс істемейтін күні түскен кезде аталған құжаттар одан кейінгі жұмыс күнінде тіркеледі.

      Электрондық өтінімге портал операторы белгілеген шаблон бойынша Порталдың әрбір қатысушысы үшін жеке тіркеу нөмірі беріледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Электрондық құжаттарды ВКС АЖ-да тіркеу уақыты және күні ВКС АЖ пайдаланушы қызметкерлердің ЭЦҚ-мен куәландырумен нақты уақыт бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Техникалық істен шығу туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) ақпараттық жүйені пайдаланушы техникалық істен шығу анықталған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей ақпараттық жүйеде көрсетілген электрондық пошта арқылы ақпараттық жүйе операторына хабарлайды.

      Операторға жүгіну кезінде ақпараттық жүйені пайдаланушы заңды тұлғаның атауын немесе жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), тиісті бизнес-сәйкестендіру нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін және байланыс деректерін, техникалық істен шығу анықталған күн мен уақытты (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша), растайтын құжаттарды (бар болса) қоса бере отырып техникалық істен шығу сипаттамасын хабарлайды.

      Техникалық істен шығу туралы ақпаратты электрондық пошта бойынша жіберу мүмкін болмаған жағдайда ақпараттық жүйені пайдаланушы оның операторын бір сағаттан кешіктірмей ақпараттық жүйеде көрсетілген телефон арқылы хабардар етеді;

      2) ақпараттық жүйе операторының маманы ақпараттық жүйенің жұмысында немесе конфигурациясында стандартты жұмыс істеуге сәйкес келмейтін өзгерістерді анықтаған жағдайда, ақпараттық жүйенің техникалық істен шығуының туындауы туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық істен шығудың туындаған күні мен уақытын тіркейді.

      Ақпараттық жүйе операторының маманы пайдаланушымен оның өтініш білдіру тәсіліне байланысты (телефон, электрондық пошта арқылы) өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік сараптама ұйымының ВКС АЖ мен портал операторлары мамандарының пайдаланушылардың өтініштерін қабылдауы жұмыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.

      Басқа ВКС АЖ пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету кестесін олардың операторлары олардың жұмыс уақытына байланысты белгілейді және тиісті ВКС АЖ-да көрсетеді.

      54. Ақпараттық жүйе операторының мамандары пайдаланушылардың өтініштерін Есепке алу журналына Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында отыз минут ішінде тіркейді.

      Пайдаланушының техникалық істен шығу туралы өтініші Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық пошта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны түскі үзілістен кейін отыз минут ішінде тіркейді.

      Пайдаланушының техникалық істен шығу туралы өтініші Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыстан тыс уақытта электрондық пошта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.

      Есепке алу журналын операторлар пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу жөніндегі оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Техникалық істен шығу туралы ақпарат болған кезде оператор Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытының екі сағаты ішінде алынға ақпаратқа немесе ұсынылған материалдарға (экран түсірілімдері мен өзге де ұсынылған электрондық құжаттарға) талдау жүргізеді, қажет болған жағдайда ақпараттық жүйенің техникалық істен шығу фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында техникалық істен шығуға әкеп соғатын іс-қимылын қайталайды (имитациялайды).";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Ақпараттық жүйеде техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізген кезде ақпараттық жүйе операторы оны пайдаланушыларға және интеграцияланған интернет-ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің иелеріне техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізуге дейін күнтізбелік 2 күн бұрын ақпараттық жүйеге тиісті ақпаратты орналастыру арқылы хабарлайды.

      Техникалық және профилактикалық жұмыстар өздігінен түнгі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 21:00-ден 6:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүргізіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады