"Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" және "Микрокредиттерге кепілдік беру бойынша комиссия" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019 жылғы 27 тамыздағы № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 19338 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 311 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.10.2020 № 311 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Микрокредиттерге кепілдік беру бойынша комиссия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 319 бұйрығына
1-қосымша

"Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетіне" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудық ақпараттық жүйесіне портал арқылы электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған өтінімді ұсынады.

      Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Микроқаржы ұйымдарының
операциялық шығыстарын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20 ___ жылғы "__" _____________ № __________ өтініміңіз бойынша

      мемлекеттік қызметті көрсетуден _____________________________________________

      _______________________________________________________ себепті бас тартылды.

  "Микроқаржы ұйымдарының
операциялық шығыстарын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

Хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20 ___ жылғы "__" _________ № __________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің № __________ есептік шотыңызға 20 ___ жылғы "__" __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  "Микроқаржы ұйымдарының
операциялық шығыстарын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған өтінім

      (кімге) _______________________________________________________ басқармасына

      (облыстың жергілікті атқарушы органына)

      (кімнен) __________________________________________________________________

                                    (микроқаржы ұйымының толық атауы)

      Қарыз шарттары туралы ақпаратқа сәйкес микроқаржы ұйымының № _________________ шотына _______________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      атауы _____________________________________________________________________

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________

      мекенжайы: _______________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі арнайы шотының мәліметтері:

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________

      Кбе (бенефициар коды) ______________________________________________________

      Банктің атауы: _____________________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) _____________________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ______________________________________________

      3. Қарыз шарттары (бұдан әрі - ҚШ) туралы ақпарат

ҚШ (№ мен күні)

Сома, теңге

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге

ҚШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7








      (кестенің жалғасы)

Субсидиялауға жататын кредит бойынша игеру сомасы

Кредит беру мақсаты*

Кредит нысанасы/саны

8

9

10




      Ескертпе: *айналым қаражатын толтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылыс/ (қажеттісі көрсетілсін).

      Осымен:

      1) қарыз шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдау көрсетілмейтіні;

      2) микроқаржы ұйымы қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту сатысында, тарату немесе банкроттық жағдайда еместігі, сондай-ақ қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағаны;

      3) микрокредиттердің нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес келетіні расталады.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларының шарттарымен және талаптарымен келісетінімді растаймын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Микроқаржы ұйымы 20 ___ жылғы "__"__________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20 ___ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылданды

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 319 бұйрығына
2-қосымша

"Микрокредиттерге кепілдік беру бойынша комиссия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Микрокредиттерге кепілдік беру бойынша комиссия" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - комиссияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетіне" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудық ақпараттық жүйесіне портал арқылы электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімді ұсынады.

      Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Микрокредиттерге кепілдік
беру бойынша комиссия"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20 ___ жылғы "__" ______________ № ________ өтініміңіз бойынша

      мемлекеттік қызметті көрсетуден _____________________________________________

      _______________________________________________________ себепті бас тартылды.

  "Микрокредиттерге кепілдік
беру бойынша комиссия"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан

Хабарлама

      Құрметті__________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20 ___ жылғы "__" _________ № __________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің № __________ есептік шотыңызға 20 ___ жылғы "__" __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде комиссия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  "Микрокредиттерге кепілдік
беру бойынша комиссия"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан

Комиссия алуға арналған өтінім

      (кімге) ____________________________________________________________________

      (облыстың жергілікті атқарушы органына)

      (кімнен) __________________________________________________________________

                                    (кепілгердің толық атауы)

      Осымен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі - Кепілгер) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Кепілгер, ___________ (қарыз алушының атауы) және ____________ (микроқаржы ұйымының/кредиттік серіктестіктің (бұдан әрі - МҚҰ/КС) атауы) арасында кепілдік шартына қол қойылғанын хабарлайды.

      Кепілдік _________ (қарыз алушының атауы) ____________ (МҚҰ/КС атауы) алдындағы кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде берілді.

      Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, Сіздерден _____________ (кепілдік сомасының 30%-ы) мөлшерінде кепілдік құнын мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз:

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      атауы _____________________________________________________________________

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________

      мекенжайы: _______________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі шоты бойынша мәліметтер:

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________

      Кбе (бенефициар коды) ______________________________________________________

      Банк деректемелері: ________________________________________________________

      Банктің атауы: _____________________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) _____________________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ______________________________________________

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________

      Кбе (бенефициар коды) ______________________________________________________

      Төлем тағайындаған кезде қарыз алушының атауын және кепілдік құны аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз.

      3. МҚҰ/КС және қарыз алушы арасында жасалған кредит/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі - КШ) туралы мәліметтер.

КШ (№ және күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/БСН-сы

Өнім (қаржыландыру) түрі (кредит немесе микрокредит)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Кредиттің/микрокредиттің/жаңартылмайтын кредит желісінің сомасы және валютасы

Кредит беру/микрокредит беру мақсаты

Кредиттің/микрокредиттің/жаңартылмайтын кредит желісінің мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

6

7

8

9





      4. Кепілдік беру шарты туралы мәліметтер:

КШ (№ және күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/ БСН-сы

Кепілдік сомасы, теңге

Кепілдік мерзімі, жыл

1

2

3

4

5

6







      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтер берілгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім береміз.

      Кепілгер 20 ___ жылы "__" __________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20 ___ жылы "__" ___________ сағат 00:00-де қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады