Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (60-шығарылым) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 19410 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (60-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 495-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8231 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қазандағы № 227 (28166) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 509 бұйрығына
қосымша

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым)

1-тарау. Кіріспе

      1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА) ойыншық өндірісі жұмыстарын қамтиды.

      2. БТБА Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

      3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшылардың біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

2-тарау. Ойыншық өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

Параграф 1. Бөлшектер мен ойыншықтарды кептіруші, 2-разряд

      4. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен ойыншықтарды бу, электр және калорифер кептіру камераларында кептіру;

      кептіру камераларын жұмысқа дайындау;

      кептірудің температуралық режимдерін орнату және реттеу;

      бұйымдарды кептіру шкафтарына орналастыру;

      жұмыс режимін қадағалау;

      кептіргеннен кейін ойыншық бөлшектерінің сапасын айқындау;

      кептіру камераларының жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою;

      кептіру камераларына салу және түсіру;

      кептіру сапасын кезеңімен тексеру.

      5. Білуге тиіс:

      жасалатын ойыншықтың түрлері, бөлшектерді, ойыншықтарды кептірудің технологиялық процесі, конструкциялар;

      кептіру жабдықтарының жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары;

      шикізат және материалдардың техникалық сипаттамалары;

      өлшеу аспаптарын пайдалану қағидалары;

      кептірілген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары.

Параграф 2. Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы, 2-разряд

      6. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі жабдықта целлулоидты массаны формалау;

      целлулоидты массаны белгілі мөлшердегі брусоктарға кесу және құрғақ қабатын механикалық пышақпен алып тастау;

      гильотинді қайшы, масса кескіш және механикалық пышақтарды жұмысқа дайындау;

      масса кескіштердің жұмыс режимін айқындау;

      массаны тығыздау процесін қадағалау;

      целлулоидты массаның даярлығын салмағына және тығыздығына қарай тексеру;

      брикеттеуге арналған масса кескіш целлулоидты брусоктарды бірнеше рет қайталап салу;

      түрлі диаметрдегі целлулоидты түтіктер жасау және белгілі мөлшердегі брикеттерге қайшымен кесу;

      брикет сапасын тексеру және оларды ыдысқа салу;

      кесетін аспапты қайрау және түзету.

      7. Білуге тиіс:

      целлулоидты масса жасау рецептурасы, оның түрлері мен қасиеті;

      целлулоидты массаның сапасына қойылатын талаптар;

      масса кескіштің жұмыс режимі;

      гильотинді қайшы, механикалық пышақ және масса кескіштің құрылымы мен техникалық сипаттамалары;

      кесетін аспапты қайрау және түзету ережесі;

      жабдықтарда қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.

Параграф 3. Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы, 3-разряд

      8. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі жабдықтарда целлулоидты түтіктен жасалған бөлшектер мен ойыншықтарды формалау;

      дайындаманы ыстық суда жұмсарту және оған оны суық суда бекіте отырып белгіленген үлгі бойынша қажетті форманы беру;

      целлулоидтың формасы, суреті, мөлшері және сапасы бойынша бұйымның әрбір түріне фильера таңдау;

      дайын бұйымдардың сапасын тексеру және оларды пачкаларға жинақтау.

      9. Білуге тиіс:

      целлулоидтан жасалған ойыншық бөлшектерін формалаудың технологиялық процесі;

      целлулоидты қыздырғанда және суытқандағы физикалық-химиялық қасиеті;

      қолданылатын фильера түрлері;

      бұйым сапасына қойылатын талаптар;

      қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.

Параграф 4. Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтарды құрастырушы, 3-разряд

      10. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыс планкасы түбітін, клавиатурасын, дек, дискілерін құрастыру және олардың ішінен музыкалық ойыншықтар мен дыбыс шығаратын аспаптарды монтаждау.

      11. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен тораптарды құрастыру және монтаждау кезектілігі;

      балаларға арналған музыкалық ойыншықтар мен дыбыс шығаратын аспаптардың түрлері;

      музыкалық білім негіздері;

      музыкалық ойыншықтардың сапасына қойылатын талаптар;

      ақауды жою тәсілдері.

      12. Жұмыс үлгілері:

      1) балалайка, гитара – монтаждау;

      2) органдар, түбіт гармоника камерасы, үрмелі гармоника-құрастыру.

Параграф 5. Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтарды құрастырушы, 4-разряд

      13. Жұмыс сипаттамасы:

      соқпалы клавишалы және клавишалы механизмдер мен музыкалық ойыншық корпустарының тораптарын, дыбыс шығару бөлігін құрастыру және монтаждау;

      музыкалық ойыншықтардың жиналатын тораптарының сапасын тексеру;

      жиналған бөлшектер мен тораптардың өзара іс-әрекетін реттеу;

      диапазон бойынша белгіленген үндестілікке сәйкес құрастыру және дыбыстау сапасын тексеру;

      түрлі үлгідегі дыбыс шығаратын аспаптарды құрастыру, теңшеу және реттеу.

      14. Білуге тиіс:

      музыкалық ойыншықтар корпусындағы бөлшектер мен тораптарды бекіту шектеулері мен орнату ережесі;

      тораптар мен механизмдерді бекіту тәсілдері;

      дыбыс шығаратын аспаптарды құрастыру жолдары мен ережесі;

      материалдарға және жинақталған музыкалық ойыншықтарға және дыбыс шығаратын аспаптарға қойылатын техникалық талаптар.

      15. Жұмыс үлгілері:

      1) металлофон – жинақтау және пластиналарды бекіту;

      2) пианино және рояльдар – корпустарын құрастыру, дыбыс өзекшелерін монтаждау;

      3) дыбыс планкалары – резонаторларға орнату;

      4) дыбыс шығаратын аспаптар – құрастыру және теңшеу;

      5) резонаторлар және гармоника, саксофон, кларнет және флейтаның дыбыс пластинкалары – монтаждау және құрастыру;

      6) музыкалық шкатулкалар – құрастыру және теңшеу.

Параграф 6. Музыкалық ойыншықтарды күйге келтіруші, 3-разряд

      16. Жұмыс сипаттамасы:

      шертпелі, соқпалы дыбыс шығаратын, соқпалы музыкалық ойыншықтар мен серіппелі дыбыс аспаптарын күйге келтіру;

      дыбыс шығару үндестігін естіп немесе бақылау аспаптары бойынша таңдау және айқындау;

      бақылау аспаптарын дайындау.

      17. Білуге тиіс:

      шертпелі, соқпалы дыбыс шығаратын, соқпалы музыкалық ойыншықтар мен серіппелі дыбыс аспаптарын күйге келтіру ережесі;

      музыкалық білім негіздері;

      бақылау аспаптарымен жұмыс істеу ережесі;

      музыкалық ойыншықтардың сапасына қойылатын талаптар;

      музыкалық ойыншықтардың түр-түрі.

Параграф 7. Музыкалық ойыншықтарды күйге келтіруші, 4-разряд

      18. Жұмыс сипаттамасы:

      ішекті ысқыш, клавишалық, дыбыс шығаратын, үрмелі музыкалық ойыншықтарды, әуен шығаратын ойыншықтарды және механикалық музыкалық ойыншықтарды күйге келтіру;

      үндестігін естіп немесе бақылау аспаптармен таңдау және айқындау;

      ойнатып және естіп күйге келтіру сапасын тексеру.

      19. Білуге тиіс:

      ішекті ысқыш, клавишалық, дыбыс шығаратын, үрмелі музыкалық ойыншықтарды, әуен шығаратын ойыншықтарды және механикалық музыкалық ойыншықтарды күйге келтіру ережесі;

      күйге келтіру әдістері мен бақылау аспаптарымен жұмыс істеу ережесі;

      қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 8. Ойыншық безендіруші, 1-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары білікті безендірушінің басшылығымен ойыншықтарды безендіру жұмыстарын орындау;

      костюмдерді үтіктеу және оларды ойыншықтардың түрлеріне және мөлшеріне қарай жинақтау;

      ойыншықтарды тозаңнан және қоқыстан арылту, тігістерін тарау;

      ойыншықтарды қораптар мен целлофан пакеттерге орау.

      21. Білуге тиіс:

      үлгі бойынша қарапайым ойыншықтарды безендіру ережесі;

      ойыншықтарды үтіктеу және жинақтау ережесі;

      ойыншықтарды орау тәсілдері.

      22. Жұмыс үлгілері:

      жануар, мал, құс ойыншықтар – алжапқыш, баскиім, жабындарын, тоқымдарын және өзге де өңдеулерін кигізу.

Параграф 9. Ойыншық безендіруші, 2-разряд

      23. Жұмыс сипаттамасы:

      ойыншықтарды безендіру жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау, мұрын, мұрт, құйрық, саусақ, құлақ, бас және беттерін тігу, кестелеп тігу, жапсыру;

      үлгілік ойыншықтарға көздерін жапсыру немесе қою;

      ойыншықтың бетін белгілеу;

      күрделі емес үлгідегі париктерге шаш жапсыру, өру, безендіру және бұрым өру;

      мақтамен безендіру және оларды ойыншық фигуркаларына бекіту;

      ойыншықты монтаждау каркасын дайындау;

      ойыншықтың бетіне клейстер жағу және оған әйнек қар себу;

      қуыршақтың түрі және мөлшеріне қарай бөлшектерін жасау, таңдау;

      қуыршақтарды киіндіру;

      жасанды талшық бұрымдарын металл тарақпен тарау;

      ойыншықтарды тұғырына бекіту.

      24. Білуге тиіс:

      ойыншықтарды безендірудің технологиялық процесі, түрлі материалдардан безендіру бөлшектерін жасау;

      ойыншықтың түрлері;

      ойыншықтарды безендіру кезектілігі;

      ойыншыққа клейстер жағу тәсілі және әйнекке қар себу, париктерді безендіру жолдары;

      көздерін қою және желімдеу әдістері;

      мұрын, мұрт, құйрық, саусақ, құлақ, бас және беттерін тігу;

      кестелеп тігу, жапсыру;

      материалдар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

      25. Жұмыс үлгілері:

      1) аяз атаның фигуркасы – безендіру бөлшектерін жасау;

      2) спортшы бейнесі – безендіру бөлшектерін жасау.

Параграф 10. Ойыншық безендіруші, 3-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      ойыншықтарды безендіру жөніндегі орташа күрделіктегі жұмыстарды орындау;

      тұғырын жасау және оған ойыншық фигуркаларын бекіту;

      түрлі материалдардан түрлі үлгідегі бас киімдерді жасау;

      түсіне, ұзындығына, қалыңдығына қарай жасанды талшықтарды таңдау, оны тігін машинасымен тігу және тесьмамен бекіту;

      қуыршақтарды безендіру және көз мұрындарын пневмосығыммен бекіту;

      электр дәнекерлегіш арқылы пластмасса қуыршақтың басына дәке қалпақты бекіту;

      шаштың күрдегі үлгісімен жасалған жасанды талшық париктерді қолмен бұйралау;

      құс фигуркаларындағы құйрық, аяқ, тұмсықтарын монтаждау және оларға скульптуралық форма беру;

      жануарлар мен малдардың аяқтарына табан тігу немесе желімдеу;

      образды ойыншықтарды киіндіру;

      ойыншықтарды бекіту тұғырларын жасау;

      ойыншықтарға скульптуралық форма беру.

      27. Білуге тиіс:

      кептіру режимдері;

      түрлі ұлт қуыршақтарының киім стилі және сипаты;

      капрон талшықтың қасиеті мен өңдеу әдістері;

      ойыншықтың скульптуралық формасы;

      қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

      материалдар мен даяр ойыншықтардың сапасына қойылатын талаптар;

      материалдар мен даяр бұйымдардың техникалық шарттары.

      28. Жұмыс үлгілері:

      ойыншықтар:

      1) жануарлар, аңдар, құстар, көкөніс, ертегі кейіпкерлері – безендіру, монтаждау;

      2) жануарлар, аңдар, құстар, қар қыздары бейнеленген жұмсақ ойыншақтары – безендіру, көзін, құлағын, мұрнын бекіту;

      3) қуыршақтар – көп бөлшекті костюмдерді кигізу, бас киім жасау, парик тігу, бұйралау;

      4) шырша ойыншықтары – безендіру, монтаждау.

Параграф 11. Ойыншық безендіруші, 4-разряд

      29. Жұмыс сипаттамасы:

      ойыншықтарды безендіру жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау;

      әшекейлерін таңдау;

      заманауи киіну стилін ұстана отырып, түрлі халықтардың костюмі кигізілген қуыршақтардың эскиздері мен нобайын жасау;

      қуыршақтың ұлттық киімдерін көркемдеп безендіру;

      тиісті киім, аяқ киім, бас киім, әшекей стильдері мен үлгілерін әзірлеу және оларды ойыншық мөлшері мен фигурасына қарай жасау;

      түрлі ұлт қуыршақтарының шаштарын жасау;

      ойын сценасы ансамблін бейнелейтін сюжеттік-образдық ойыншықтарды безендіру;

      ойыншық түріне қарай көркемдеп безендіру материалдарын эскиз бойынша іріктеу;

      арнайы тапсырыс бойынша ойыншық үлгілерін жасау;

      түрлі тәсілдермен ойыншықтарға әшекейлерін бекіту.

      30. Білуге тиіс:

      сурет салу негіздері;

      түсті киім ансамблін ұлттық және өзге де ерекшеліктерді көрсете отырып киім, бас киім, шаш және аяқ киім түсті ансамблін әзірлеу ережесі әзірлеу ережесі;

      жұмсақ ойыншықтар жасаудың технологиялық процесі;

      эскиз және сызбаны оқу;

      материалдар мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.

      31. Жұмыс үлгілері:

      1) ұлттық ертегілердің сюжетіне құрылған ойыншықтар – эскиз бойынша безендіру;

      2) театр ойыншықтары – безендіру.

Параграф 12. Ойыншық бөлшектерін жинақтаушы, 2-разряд

      32. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдарды, түсі мен түрлеріне қарай жиынтықтарға орташа күрделіктегі құрылымдағы ойыншық бөлшектерін жинақтау;

      бөлшек сандарын есептеу;

      жинақталатын бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды сұрыптау;

      бөлшектердің толық жиынтығын тексеру және есептеу;

      материал жиынтықтарын өңдеуге дайындау және жіберу.

      33. Білуге тиіс:

      жасалатын бөлшектер мен бұйымдарды жиынтықтау ережесі мен орау тәсілдері;

      жинақтаушы бұйым бөлшектерінің номенклатурасы, мөлшері мен қызметі;

      жекелеген ойыншық тораптарын жинақтауда бөлшектердің саны;

      даяр өнімнің сұрыптылығы;

      жинақталатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

      34. Жұмыс үлгілері:

      құрастыру:

      1) жасанды шырша бөлшектерін;

      2) мата, тері, плюш, поролон, ағаш ойыншық дайындамаларынан пішілген бөлшектерді;

      3) шылдырмақтар – жинақтау.

Параграф 13. Ойыншық бөлшектерін жинақтаушы, 3-разряд

      35. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдарды, түсі мен түрлеріне қарай күрделі құрылымдағы ойыншық бөлшектері мен тораптарын жинақтау;

      сызбалар мен эскиздер бойынша олардың мөлшерін тексеру;

      бөлшектер мен тораптарды тексеру;

      сапасыз бөлшектер мен тораптарды қайтару;

      конвейерге жинақтау;

      жинақталған бөлшектер мен тораптарды қораптар мен пачкаларға сұрыптау және қалау;

      жазба және нөмірлерді бөлшектер мен жинақталатын бұйымдарға жағу;

      стеллажға қалау.

      36. Білуге тиіс:

      бөлшектерді жинақтау ережесі мен жолдары;

      өңделетін бұйым түрлері;

      жинақталатын бөлшектер мен бұйымдардың мемлекеттік стандарты;

      бөлшектер мен тораптардың сапасына қойылатын талаптар;

      бақылау-өлшеу аспабы мен оларды бөлшектерді жинақтауда және сұрыптауда пайдалану ережесі.

      37. Жұмыс үлгілері:

      1) ойыншық бөлшектерін: баскиім, аяқкиім, костюмдер, көз механизмдері, түрлі қуыршақ, жануарлардың париктерін – жинақтау;

      2) пластмасса және металл ойыншық бөлшектері – жинақтау;

      3) дыбыс шығаратын ойыншықтар – жинақтау;

      4) қуыршақ, жануарлар мен құстардың қолдары, аяқтары, бас және кеуделері – түсіне, мөлшеріне қарай таңдау.

Параграф 14. Ойыншық бөлшектерін өңдеуші, 3-разряд

      38. Жұмыс сипаттамасы:

      пластмасса, металл, ағаш, ағаш үгінді массасынан және өзге де материалдардан жасалған ойыншық бөлшектері мен ойыншықтарды өңдеу;

      тегістеу станоктарында, құрылғыларда ойыншық бөлшектері мен ойыншықтарды қолмен алу;

      ойыншық беттеріндегі жік, жапсарларды, тегіс емес, майысқан жерлерін тегістеу;

      кептіргеннен кейін ойыншық беттеріндегі жіктер мен тегіс емес жерлерін тегістеу станоктарында және қолмен тазалау;

      шашу әдісімен, қылқаламмен немесе тампонмен шашу әдісімен ойыншық бөлшектерінің бетіндегі бор-желіммен және желіммен сырлау;

      ойыншық бөлшектерін механизацияланған тәсілмен немесе қолмен желімдеу;

      бор-желім және желім ерітінділерді әзірлеу;

      даяр бұйымды тексеру және табылған ақаулықтарды жою;

      бояу шашқыштарды жұмысқа дайындау және оларды реттеу;

      манометр компрессоры көрсеткіштерін қадағалау.

      39. Білуге тиіс:

      түрлі материалдардан жасалған ойыншықтарды өңдеу әдістері;

      желім әзірлеу рецептурасы мен тәсілі;

      шпатлевкалау және сырлауға әзірлеу әдісі;

      ойыншық бөлшектерін сығымдағышта және қолмен желімдеу ережесі;

      ойыншық бөлшектерін шпатлевкалау, сырлау және тегістеу тәсілдері;

      сығымдағыш, тегістеу станогының, бояу шашқыштың құрылымы мен оларда жұмыс істеудің қауіпсіз әдістері;

      ойыншықтарды өңдеу материалдарына қойылатын талаптар.

Параграф 15. Ойыншық бөлшектерін сығымдаушы, 3-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      қол сығымдарда және электрмен қыздырылатын сығымдарда ойыншық бөлшектерді;

      ағаш үгінді массадан жасалған, шырша ойыншықтарын және мата салу арқылы қуыршақтарға арналған маскаларды сығымдау;

      картон, қағаз, резина және өзге де материалдардан жасалған ойыншық және дыбыс аспаптарының жекелеген бөлшектерін суықтай тәсілмен сығымдау;

      қол сығымын жұмысқа дайындау;

      сығым формалардың электр жылытқыштарын іске қосу және ажырату;

      сығым формаларын ағаш үгінді массамен толтыру;

      сығымдау және қысыммен ұстау;

      сығымдау формасы бөлшектерін алу және оларды тазалау;

      сығым формасын және сығым массасы қалдықтарынан тазалау.

      41. Білуге тиіс:

      сығым құрылымы және онда қауіпсіз жұмыс істеу ережесі;

      сығымдаудың температуралық және технологиялық режимі;

      сығым формаларын орнату әдістері мен оларға қойылатын талаптар;

      сығымдау формалы электржылытқышты электр желіге қосу ережесі;

      бір мезгілде тиеу үшін сығымдау формасының сыйымдылығы;

      шикізат және материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

      механикалық алғыштардың жұмыс істеу принципі.

Параграф 16. Ойыншық құрастырушы, 2-разряд

      42. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды жоғары жиіліктегі токпен бөлшектерін дәнекерлеп, жекелеген бөлшектерді шлицпен, бұрандалы және өзге де біріктіру түрлерімен бекіте отырып қолмен құрастыру;

      желім дайындау;

      тігістерін тегістеу;

      бөлшектерді көлеміне қарай таңдау;

      бөлшектерді лапкалардың және өзге де біріктіру түрлері арқылы құрастыру;

      резина, пластмасса және өзге де дөңгелектерді шиналарға отырғызу, осьтерін бекіту;

      ойыншық кеуделерінде саңылау тесу және аяқ-қолдарын таспалы шарнирмен біріктіру;

      шағын көлемді ойыншықтардың бөлшектеріне қолмен немесе толтыру машиналарында түрлі материал толтыру;

      ойыншықтың аяқ-қолдарындағы шарнирлерді монтаждау;

      ойыншықтардың шарнирленген саңылауларын тігу;

      контур бойынша бөлшектерді тегістеу;

      ойыншықтарды құрастыру сапасын тексеру.

      43. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен ойыншықтардың түрлері және оларды құрастыру процесі;

      ойыншықтарды құрастыруда қолданылатын материалдардың техникалық сипаттамасы;

      желім дайындау тәсілдері;

      сызба және эскиздерді оқу ережесі;

      ойыншықтарды құрастыру және толтыру жолдары мен әдістері;

      ойыншық материалдарының сапасына қойылатын талаптар.

      44. Жұмыс үлгілері:

      ойыншықтар:

      1) шелек, пистолет, каталка, конструктор, түрлі конфигурациялы механикалық, көлік, пирамида бөлшектері, арба, жәшік, баған, дөңгелек, фара, руль – құрастыру және монтаждау;

      2) ұзындығы 20 сантиметрге дейінгі қуыршақтар – аяқ-қолдарын құрастыру.

Параграф 17. Ойыншық құрастырушы, 3-разряд

      45. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар мен эскиздер бойынша алдын ала жинақталған бөлшектерден, микроқозғалтқышпен жабдықталған түрлі ойыншықтарды қолмен, құрылғыларда және станоктарда құрастыру;

      балаларға арналған түрлі барабандардың жекелеген бөлшектерін тораптарға және даяр бұйымдарға құрастыру және монтаждау;

      ағаш үгінді массасы бөлшектерінен жасалған ойыншықтарды құрастыру және монтаждау;

      шип, шкант, шпунт және тараққа бөлшектерді желіммен жапсыру;

      резіңке, фальцевті тігін және өзге де қосу түрлері, ілгіш, шарнирдің жәрдемімен ойыншықтарды құрастыру;

      ойыншық бөлшектерін үлгілер және көлемі бойынша таңдау;

      бөлшектерді кесу, теңестіру және өлшеу;

      желім, шеге және шуруптар арқылы ойыншықтардың ортасын дәлдеу және тұғырларына бекіту;

      бұйымдарды тегістеу, теңдеу, тығыздау және тиісті форма беру;

      сым ілмектерді шарнир дискілерге орнату және жануар, мал ойыншықтардың, қуыршақтардың аяқ-қолдары мен корпустарын шарнирлеу станогында немесе қолмен шарнирлеу;

      түрлі көлемдегі ойыншықтардың бөлшектерін қолмен немесе толтыру машинасында материалға толтыру;

      бөлшек формаларын түзету;

      желім және эмульсия рецептурасын жасау;

      инерциялық және бұрамалы механизмдерді құрастырылатын механикалық ойыншықтардың корпустарына алдын ала реттей отырып құрастыру, монтаждау және орнату және қисық кеткен жерлерін жинау;

      ақаулықтарын жоя отырып айналып тұратын тораптардың өзара іс-әрекетін реттеу;

      кесетін аспаптардың, құрылғыларды қайрау, түзету және термоөңдеу;

      сығымдау құрылғыларын баптау, реттеу.

      46. Білуге тиіс:

      бөлшектер мен ойыншықтардың түрлері және оларды құрастыру процесі;

      ойыншықтарды тұғырларына бекіту тәсілдері;

      ойыншық кеуделері формаларын теңестіру тәсілдері;

      ойыншық бөлшектерін желімдеуде, құрастыруда, монтаждауда қолданылатын материалдардың физикалық, химиялық қасиеттері;

      орташа күрделіктегі сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі;

      инерциялық және бұрамалы механизмдерді монтаждау тәртібі;

      ойыншық корпусындағы механизмдердің түрлері мен орнату ережесі;

      аяқ-қолдарын біріктіру әдістері;

      шарнир түрлері;

      ойыншықтарды толтыру тәсілдері;

      балалар барабандарын құрастыру ерекшеліктері;

      ойыншық сапасына қойылатын талаптар.

      47. Жұмыс үлгілері:

      ойыншықтарды құрастыру:

      1) автомобильдер, тракторлар, тепловоздар, дизель, көтергіш кран, электротехникалық ойыншықтар, конструкторлар, бильярдтар, жануарлар фигуркалары;

      2) балалар барабандары;

      3) шырша ойыншықтары, гирляндалар, шырша бұтақтары, синтетикалық материалдар мен пленкалардан жасалған шыршалар;

      4) "күшік-ксилофонист" тәріздес құрамалы ойыншықтар;

      5) байка, плюш, жасанды түбіт және өзге де материалдан жасалған жұмсақ ойыншықтар;

      6) қуыршақтар.

Параграф 18. Ойыншық құрастырушы, 4-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      микроэлектр қозғалтқышпен және қозғалыс механизмімен жабдықталған тораптар мен ойыншықтардың бөлшектерін құрастыру және монтаждау;

      ойыншық бөлшектерін дәнекерлеу электр нүктелік аппаратында біріктіру;

      магнит жүйесін және магнит сымды құрастыру, магнит ағынын тексеру;

      контактілі пластина және клеммаларды монтаждау және біріктіру;

      контактілі пластиналарды корпусқа электр дәнекерлегішпен дәнекерлеу;

      механикалық ойыншық корпусындағы микроэлектр қозғалтқыш және редукторды монтаждау;

      микроэлектр қозғалтқыш жұмысын реттеу және баптау;

      ойыншықтың жиналған тораптарының өзара іс-әрекетін өңдеу;

      пультпен басқару қорабындағы бөлшектерді құрастыру және монтаждау;

      микоэлектр қозғалтқышты электр батареяларды біріктіру;

      механизм кинематикасын құрастыру;

      электр дәнекерлегіш және нүктелік дәнекерлеу аппаратын жұмысқа дайындау, оларды реттеу және баптау;

      жаппай өндіріске жіберу, көрмелерге, жәрмеңкелерге көрсету үшін және сараптау кеңесіне арналған ойыншық үлгілерін құрастыру;

      өз бетінше жасалған үлгі және сызба бойынша материалды таңдау және пішу;

      целлулоидтан, полистиролдан және өзге де материалдардан жасалған ойыншықтардың көз механизмдері бөлшектерін құрастыру;

      көздерін айналдыруды реттеу;

      даяр бұйымдарға орнатуда оларды монтаждау.

      49. Білуге тиіс:

      микроэлектр қозғалтқышты ойыншықтың редукторларының түрлері және құрастыру процесі;

      механизм кинематикасы мен бұрамалы электрленген, жүретін ойыншық;

      күрделі сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі;

      электр нүктелік пісіру аппараттарының құрылымы және жұмыс істеу ережесі;

      құрастыруға эскиздерді, сызбаларды әзірлеу тәртібі және солар бойынша ойыншық үлгілерін жасау;

      ойыншық сапасына қойылатын талаптар;

      жабдықтар мен құрылғылардың қызмет көрсету және баптау ережесі.

      50. Жұмыс үлгілері:

      1) автомобиль, тракторлар;

      2) баржалар, теплоходтар – микроқозғалтқышты және басқару пультымен ойыншықтарды құрастыру.

Параграф 19. Ойыншық құрастырушы, 5-разряд

      51. Жұмыс сипаттамасы:

      қуыршақ бастарындағы көз механизмдерін құрастыру және монтаждау;

      көз механизмін орнату үшін пластмасса қуыршақтың басындағы желке тұсын ашу;

      көз формасы бойынша көз саңылауын кесу, тазалау;

      қуыршақтың түрлі жағдайда көзінің қозғалуын дұрыс құрастыру және параллельдігін сақтай отырып қуыршақтың басындағы көз механизмін бекіту;

      ағаш үгіндісі массасынан жасалған қуыршақтың басындағы көз механизмдерін бекіту бөлшектеріне гипс ерітіндісін құю;

      пластина шұңқырлары мен ұштарын пісіру және пластмасса қуыршақтың басына оларды дәнекерлеу;

      көз механизмі қозғалысын реттеу және көздеріне дұрыс бекіту;

      суретшінің көзқарасы бойынша қуыршақтың түрлі жағдайда көзін орналастыру;

      монтаждалған көз механизмдерінің сапасын тексеру.

      52. Білуге тиіс:

      қуыршақтың басындағы көз механизмін құрастыру және монтаждау кезектілігі;

      дәнекерлеу жолдары;

      құрылғыларды монтаждау, реттеу;

      көз механизмдерін құрастыру және монтаждау сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 20. Ойыншық материалдарын бояушы, 3-разряд

      53. Жұмыс сипаттамасы:

      белгіленген режимге сәйкес қуыршақ киімі мен бөлшектерінің, греж, штапельді, мыс аммиакты және өзге де жасанды талшықтарды, түрлі маталар мен материалдарды бояу;

      берілген рецептура бойынша бояу ерітінділерін әзірлеу;

      бұлауды су және бояйтын ерітіндімен толтыру;

      бояу материалын бұлауға салу;

      бояу ерітіндісінің қажетті деңгейі мен концентрациясын ұстау;

      түсіру, шаю, сығу;

      кептіру материалдарын дайындау.

      54. Білуге тиіс:

      материалдарды бояудың технологиялық процесі;

      қолданылатын жабдықтардың құрылымы;

      бояу ерітіндісі материалдарын салу және түсірудің тәртібі мен қауіпсіз тәсілі;

      бояудың температуралық режимі;

      бояйтын ерітінділердің рецептурасы мен жасау тәсілдері;

      бояу және даяр бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 21. Ойыншық материалдары мен бөлшектерін дайындаушы, 2-разряд

      55. Жұмыс сипаттамасы:

      картоннан, қағаздан, целлофаннан, металданған картоннан, түрлі пленкалардан, маталардан, ағаштан және өзге де материалдардан жасалған тік сызықты формадағы, шырша безендіруге арналған және каркас ойыншықтардың бөлшектерін арамен, станокта, штампымен, қайшымен және арнайы құрылғымен дайындау;

      жайма материалдарын бояу, шырша пленкасын жасау;

      сымнан жасанды шыршалардың, түрлі геометриялық фигуралардың бөлшектерін станоктар мен құрылғыларда қолмен жасау;

      ағаш шырша каркасына қағаз жапсыру;

      пісіру және дәнекерлеу арқылы құрылғыларда жасанды шырша, ойыншықтардың каркасын жасау;

      сымдарды пештерде күйдіру, кесінділерге кесу;

      шарнирлерді біріктіру үшін түйін жасау;

      ағашты дайындамаға жару және кесілетін ойыншықтардың контурларын кесу.

      56. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды қолдану принципі;

      бөлшектер мен каркастарды жасау процесі және олардың қызметі;

      аспаптар мен құрылғыларды қауіпсіз пайдалану ережесі;

      сым сұрыптары, маркалары мен кесінділері;

      сымды күйдіру тәсілдері;

      бөлшектерді пісіру және дәнекерлеу әдістері;

      ағаш жыныстары мен кемшіліктері;

      даярланған бөлшектер мен ойыншық каркастарының сапасына қойылатын талаптар.

      57. Жұмыс үлгілері:

      1) түрлі мөлшердегі және формадағы қуыршақ, жануарлар, құстар мен өзге де ойыншықтардың каркасын жасау;

      2) металданған картон, мата, целлофан жаймалар, картон және өзге де материалдар – пішу;

      3) синтетикалық пленка – пішу, кесу.

Параграф 22. Ойыншық материалдары мен бөлшектерін дайындаушы, 3-разряд

      58. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымға скульптуралық форма бере отырып металл каркасқа орап станоктарда шар және конус тәрізді (көкөніс, жеміс, жидек және тағы өзге деталдарды) ойыншықтардың бөлшектерін дайындау;

      түрлі ойыншықтардың - адамның, жануарлардың, құстар мен аңдардың металл, ағаш және картон каркастарына қолмен мақта орау;

      мақтаны тазалау және пластқа бөлу;

      ойыншықтың бетіне қолмен скульптуралық форманы бекіту;

      сақтау үшін клейстер жағу, оны бояуға кептіру және дайындау;

      жасалатын ойыншықтардың түріне және формасына қарай станоктарды реттеу.

      59. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, мақта ойыншықтардың бөлшектерін жасау процесі;

      клейстер жасау рецептурасы мен тәсілдері;

      дайындаманы кептіру режимі;

      материалдар мен даяр өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

      ойыншық бөлшектерін жасау сапасын бақылау тәсілдері.

Параграф 23. Ойыншыққа сурет салушы, 3-разряд

      60. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі материалдан жасалған ойыншық беттерін бір-екі түске бояу;

      ойыншық костюмдеріне сурет салу;

      боялған ойыншықтарды кептіру;

      үлгі эталонға сәйкес сурет салу, түсі және реңкі сапасын тексеру;

      ойыншық бөлшектерін формасы мен мөлшеріне қарай таңдау.

      61. Білуге тиіс:

      эскиз, үлгі, трафарет бойынша сурет салу технологиясы;

      боялатын ойыншықтардың түрлері;

      ойыншықтарды кептіру ережесі;

      материалдар мен даяр бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 24. Ойыншыққа сурет салушы, 4-разряд

      62. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі материалдан жасалған ойыншық беттерін үш-бес түске бояу;

      рельеф париктерді шаш түсіне қарай бояу;

      ойыншықтарға өз бетінше құрастырылған орнаменттерді салу және жағу;

      ойыншық үлгісіне сәйкес колер жасауда баяу тоны мен түсін таңдау;

      берілген рецептура бойынша бояу және лактарды әзірлеу.

      63. Білуге тиіс:

      ойыншықтарға көркем сурет салу;

      бояудың құрамы мен химиялық қасиеті;

      бояу, лак әзірлеу ережесі;

      қайталап түрлі түс және реңктегі бояу жаққанда ойыншық бетін өңдеу кезектілігі;

      өз бетінше жасалған эскиз бойынша сурет салу ережесі;

      белгілі бір тақырыптағы өз бетінше жасалған эскиз бойынша сурет салу және бояуларды таңдау ережесі.

Параграф 25. Ойыншыққа сурет салушы, 5-разряд

      64. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі материалдан жасалған ойыншық беттерін алты-жеті түске бояу;

      ойыншыққа көркемдеп сурет салу үшін эскиз жасау;

      түрлі ойыншықтардағы көркемөнер композицияларды безендіру, қуыршақ беттеріне көркемдеп сурет салу;

      сурет үлгісін жасау.

      65. Білуге тиіс:

      ойыншықтарға көркем сурет салу негіздері мен жолдары;

      түрлі композициядағы эскиз, сурет үлгілерін жасау ережесі;

      қолданбалы өнер негізі;

      материалдың және даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 26. Ойыншықтарды бояушы, 2-разряд

      66. Жұмыс сипаттамасы:

      ойыншық бөлшектерін бояу шашқышпен, қылқаламмен немесе бір-екі түске аунатып бояу;

      ойыншықтарды сырлау, елеусіз өңдей және белгілі бір үлгіге жетілдіре отырып сурет және әшекей салу;

      сырлау, ұстау және бояудың берілген рецептурасы бойынша әзірлеу.

      67. Білуге тиіс:

      ойыншық бөлшектерін бояу, сырлау, ұстау технологиялық процесі;

      бояу, сырлау және ұстау ерітінділерін әзірлеу рецептурасы;

      материалдың түріне қарай ойыншықтарды бояу әдісі;

      қолданылатын бояғыштардың сапасы және ойыншықтардың бояу және өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      бояу шашқыш құрылымдары мен қауіпсіз жұмыс принципі;

      бояу шашқыштардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

      бояу шашқышты реттеу ережесі.

Параграф 27. Ойыншықтарды бояушы, 3-разряд

      68. Жұмыс сипаттамасы:

      ойыншық бөлшектерін барабандарда бояу шашқышпен, қылқаламмен немесе үш түске аунатып бояу;

      ойыншық бөлшектерін шелкография әдісімен бояу;

      синтетикалық материал барабандарында бояу пигменттерін мөлшерлеу және дайындау;

      берілген рецептура бойынша түрлі бояу колерлерін жасау;

      ойыншықтың материалына, түріне және мөлшеріне қарай галт барабанның айналу жылдамдығын реттеу;

      бояғыш жұмысын және ойыншық көлемін реттеу;

      ағаш бұйымының түрі мен сапасына қарай бояғыш компоненттерін таңдау;

      галт барабандары мен бояғыштарды жұмысқа дайындау;

      ойыншықтардың боялған бөлшектерін, синтетикалық материалдарды салу, түсіру және кептіру;

      бояу шашқыштардың жұмыс процесінде туындаған ақаулықтарды жою;

      компрессордан сығым ауаның жіберілуін реттеу;

      компрессор манометрі көрсеткіштерін қадағалау.

      69. Білуге тиіс:

      галт барабандарында бұйымдарды бояудың технологиялық процесі;

      бояу ерітінділерін әзірлеу ережесі;

      материалдардың, бояғыштар мен даяр өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 28. Ойыншықтарды күйдіріп өңдеуші, 3-разряд

      70. Жұмыс сипаттамасы:

      әшекейлеуге жататын ойыншық бөлшектерін газ жандырғылармен күйдіру;

      бөлшектерді күйдіруге дайындау, тексеру және оның сапасын айқындау;

      газ жандырғылардың жұмыс істеу режимін айқындау;

      газдың жіберілуін және жандырғы жалынын реттеу;

      бөлшектерді бірнеше рет күйдіру;

      күйдіру сапасын тексеру және бөлшектерді қалау.

      71. Білуге тиіс:

      жасалатын ойыншықтарды күйдірудің технологиялық процесі;

      ойыншықтардың түрлері;

      газ жандырғыларының құрылымы және қызметі және оларды пайдалану ережесі;

      газ баллондарды ауыстырудың қауіпсіз әдістері мен орнату;

      полиэтилен дайындамалардың сапасына қойылатын талаптар;

      өрт қауіпсіздігі ережесі.

Параграф 29. Ойыншықты сығымдау және өңдеуге арналған материалдарын дайындаушы, 2-разряд

      72. Жұмыс сипаттамасы:

      уату машиналарында кесек ағаш қалдықтарды, ойыншық өндірісі қалдықтарын, пластикалық массаларды уатып сығымдау материалдарын дайындау:

      механикалық елекпен елеу:

      түсетін материалдардың сапасы мен ылғалдығына қарай берілген рецептура бойынша түрлі қоспалар мен массаларды жасау;

      рецепті бойынша ағаш аралайтын масса жасау;

      қолмен және механикалық қоспаларда шпатлевка, сырлау және клейстер жасау;

      уату машиналары мен механикалық елек араластырғышын баптау.

      73. Білуге тиіс:

      механикалық уатқыш, араластырғыш және електің жұмыс принципі қауіпсіз қызмет көрсету және баптау;

      елек нөмірлері, тальк және бордың құрамы;

      пластмасса, шпаклевка, сырлау және клейстер жасау рецептурасы;

      құрамдас бөлігін мөлшерлеу және оларды араластырғышқа салу кезектілігі;

      материалдар мен даяр өнімнің (пластмасса, шпатлевка, сырлау және өзге материалдар және даяр өнім) сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 30. Электроойындарды құрастырушы, 3-разряд

      74. Жұмыс сипаттамасы:

      құрылғыға шнур және сымды орай отырып электроойын бөлшектерін тораптарға құрастыру;

      сымды, трубканы, өткізгішті және шнурды ұзындығы бойынша кесу;

      өткізгіштердің ұштарын тазалау және оларға клемма дәнекерлей отырып монтаждау;

      каустикалық сода ерітіндісінде сымды өңдеу және майсыздандыру;

      магнит алаңында магниттеу және магнитті құрылғыда мөлшеріне қарай кесу;

      электроойын қалқанындағы саңылауды тесу, қапсырманы қалау;

      тораптардың өзара іс-әрекетін монтаждау сапасын тексеру және электроойынның дұрыс жұмыс істеуін тексеру.

      75. Білуге тиіс:

      бөлшектердің түрлері және торапқа құрастыру технологиялық процесі;

      электроойындарын жасауда қолданылатын материалдардың техникалық сипаттамасы;

      қарапайым сызбалар мен электросхемаларды оқу;

      электроаспабын қауіпсіз пайдалану ережесі;

      электроойындарының сапасына қойылатын талаптар;

      магниттерді магниттеу ережесі мен тәсілдері.

Параграф 31. Электроойындарды құрастырушы, 4-разряд

      76. Жұмыс сипаттамасы:

      сымдарды, клеммаларды, батареялы және лампалы контактілерді монтаждай отырып электроойындарды құрастыру;

      қайта қосу клеммаларын, лампалы контакті, электролампа, батареяларды орнату;

      лампалы контактісі бар біріктіру тораптарын бекіту;

      шнурды патронға біріктіру және бекіту;

      шартты белгісі бар электролампа клеммасын монтаждау;

      тораптардың өзара іс-әрекетін монтаждау сапасын және электроойындарының дұрыс жұмыс істеуін тексеру.

      77. Білуге тиіс:

      жасалатын электроойындардың түрлері;

      электросхемаларды монтаждай отырып бөлшектер мен тораптарды құрастырудың технологиялық процесі;

      электроойын қалқанындағы сымдарды монтаждау тәсілдері;

      электороойындарын құрастыруда қолданылатын материалдардың қасиеті;

      біріктіру тәсімдерін пайдалану ережесі;

      электротехника негіздері;

      сызбаларды оқу;

      слесарлық аспапты қайрау, түзету және термоөңдеу;

      электроойындарының сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 32. Электрмен түктеуші, 2-разряд

      78. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары білікті электрмен түктеушінің басшылығымен электр статикалық алаңда түрлі маркадағы түктеу машинасында ойыншықтарды, өзге бөлшектер мен бұйымдарды түктеу;

      талшықты түк кескіште кесу;

      греж және жасанды талшықты түсіне, ұзындығына, эластикалығына және қалыңдығына қарай сұрыптау;

      берілген рецептура бойынша желім дайындау;

      талшықтың жекелеген тұлымдарын жапсыру және оларды кептіру камерасы мен аппараттарда кептіру;

      талшықты ыстық су құйылған бұлауға салып шаю арқылы тазалау;

      кептіру камераларында түкті кептіру;

      түкті елек арқылы елеу және жалпы массадан ұсақ түкті айыру;

      түктің ұзындығы бойынша түк кескіште пышақты орнату.

      79. Білуге тиіс:

      жасанды талшықтың химиялық қасиеті және оны өңдеу технологиясы;

      желім әзірлеу тәсілдері және оны талшыққа салу жолдары;

      түк кескіштің құрылымы және онымен жұмыс істеу ережесі;

      түк кескіштің жұмыс істеу режимі;

      жасанды талшықты кептірудің технологиялық режимі;

      жасанды талшық, желім, түктің сапасына қойылатын талаптар;

      елек арқылы түкті елеу әдісі мен кезектілігі.

Параграф 33. Электрмен түктеуші, 3-разряд

      80. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары кернеудегі электр статикалық алаңда түрлі маркадағы түктеу машинасында ойыншықтарды, өзге бөлшектер мен бұйымдарды түктеу;

      ойыншықтардың бетіне түктің біркелкі жайылуы үшін оны қолмен дірілдету;

      түктің ұзындығына сәйкес аппарат форсункасы ағынын реттеу;

      қажетті колер май бояуын әзірлеу, түкті және ойыншықты түктеуге дайындау;

      түрлі ойыншықтарды ұстағышқа орнату және оны түктеу уақытында реттеу;

      ойыншықтарды бояу шашқышпен майлы бояу жағып қолмен бояу;

      түктелген ойыншықтарды кептіру, тазалау және жинақтау.

      81. Білуге тиіс:

      түктеудің технологиялық режимі және оны реттеудің ережесі;

      түктеу аппараттарының, электр кептіргіштің құрылымы;

      түктелетін ойыншықтарды бояу әдістері және түк жағу тәсілдері;

      түктелетін ойыншықтарды кептірудің технологиялық режимі;

      аппараттан ауаның жіберілу ағыны реттеу тәсілі,

      ойыншықтың сапасына қойылатын талаптар.

3-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

      82. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (60-шығарылымы) БТБА-ға қосымшада көрсетілген.

  Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығына
(60-шығарылым)
қосымша

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

Беті

1.

Бөлшектер мен ойыншықтарды кептіруші

2

3

2.

Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы

2-3

4

3.

Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтарды құрастырушы

3-4

5

4.

Музыкалық ойыншықтарды күйге келтіруші

3-4

6

5.

Ойыншық безендіруші

1-4

7

6.

Ойыншық бөлшектерін жинақтаушы

2-3

10

7.

Ойыншық бөлшектерін өңдеуші

3

11

8.

Ойыншық бөлшектерін сығымдаушы

3

12

9.

Ойыншық құрастырушы

2-5

12

10.

Ойыншық материалдарын бояушы

3

16

11.

Ойыншық материалдары мен бөлшектерін дайындаушы

2-3

17

12.

Ойыншыққа сурет салушы

3-5

18

13.

Ойыншықтарды бояушы

2-3

19

14.

Ойыншықтарды күйдіріп өңдеуші

3

20

15.

Ойыншықты сығымдау және өңдеуге арналған материалдарын дайындаушы

2

21

16.

Электроойындарды құрастырушы

3-4

21

17.

Электрмен түктеуші

2-3

22


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады