Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № ҚР ДСМ-144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19621 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 40 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.03.2023 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-144 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандарты "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт инфекциялық аурулар кезінде меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларын белгілейді.

      3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) байланыста болған адам - инфекциялық қоздырғыштың көзімен байланыста болатын және (немесе) байланыста болған адам;

      2) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері.

      3) білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;

      4) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      5) ерікті емделу - науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

      6) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданатын мамандырылған медициналық көмек;

      7) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;

      8) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

      9) медициналық ұйым (бұдан әрі - МҰ) - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      10) стационарлық көмек - дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын көмек ұсыну нысаны;

      11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

2-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидалары

      1. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге МСАК-ты "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген), сондай-ақ "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесіне сәйкес "Терапия" (жасөспірімдер терапиясы, диетология), "Педиатрия" (неонатология), "Жалпы дәрігерлік практика" (отбасылық медицина) мамандықтары бойынша дәрігерлер, сондай-ақ ФАП-та және медициналық пункттерде фельдшерлер мен мейіргерлер көрсетеді.

      2. Жоспарлы емдеуге жатқызу тәулік бойы стационар жағдайында мынадай нозологиялар бойынша: созылмалы бруцеллез (субкомпенсация сатысы), созылмалы вирустық гепатиттер (белсенділіктің әлсіз және орташа дәрежесі бар), гельминтоз кешенді терапия жүргізу үшін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің нәтижелері бойынша Портал арқылы жүзеге асырылады.

      3. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) және КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Реанимациялық іс-шараларды талап ететін кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызу жақын жердегі стационарда жүзеге асырылады.

      5. Медициналық ұйымдарда инфекциялық аурулары бар пациенттерге ақылы медициналық қызметтер "Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      6. Күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек жағдайында медициналық көмекті МСАК мамандары (учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және мейіргерлер) көрсетеді, медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандар консультация жүргізеді.

3-тарау. Инфекциялық аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары мен сипаттамалары

      7. Инфекциялық аурулар кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін МҰ-ның қызметінің жалпы қағидаттары:

      1) инфекциялық ауруларды және аса қауіпті инфекцияларды (бұдан әрі - АҚИ) диагностикалау және емдеу - анамнезді мұқият жинау, соның ішінде клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі - КХ) сәйкес эпидемиологиялық талдауды, емдік-іс шараларды, зертханалық-аспаптық зерттеп-қарауды жүргізу;

      2) инфекциялық аурулары бар науқастарды динамикалық байқау - инфекциялық ауруларды алу немесе белгілеу үшін пациенттерге қосымша зерттеп-қарау жүргізу;

      3) инфекциялық аурулар профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру - ауырғандарды уақтылы анықтау, айналасындағылардың жұқтыру қаупін және инфекцияның таралу қаупін бағалау, байланыста болған науқастарды оқшаулау және байланыста болғандарды анықтау, профилактикалық егулерді өткізу, инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдар беру жұмысына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

      8. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмекті "Инфекциялық аурулар" (оның ішінде балалар) (бұдан әрі - инфекционист дәрігер), "Жалпы дәрігерлік практика" (отбасылық медицина), "Терапия" (жасөспірімдер терапиясы, диетология), "Педиатрия" (неонатология), "Жедел және шұғыл медициналық көмек" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар көрсетеді.

      9. Медициналық құжаттаманы ресімдеу мен есепке алу - есептік құжаттамаларын жүргізу "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Инфекциялық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11429 болып тіркелген) сәйкес дәрілік формулярлар негізінде жүзеге асырылады.

1-параграф. Амбулаториялық - емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету

      11. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек МСАК-ты және КДК-ны қамтиды.

      12. Инфекциялық аурулары бар науқастарға алғашқы диагностика және амбулаториялық көмек көрсету МСАК көрсететін ұйымдарда жүзеге асырылады:

      1) аудандық деңгейде - медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерде (бұдан әрі - ФАП), дәрігерлік амбулаторияда, МСАК орталығында, аудандық және нөмірлік аудандық емханаларда;

      2) қалалық деңгейде - дәрігерлік амбулаторияда, МСАК орталығында, қалалық емханада;

      3) инфекциялық аурулары бар пациенттерге жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) және санитариялық авиация нысанындағы көмек "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15473 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 450 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады және өмірге қауіп төндіретін (пациенттің және (немесе) айналасындағылардың) жағдайлар, эпидемиялық ошақ кезінде де, сондай-ақ эвакуация уақытында да жіті ауыр инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтиды.

      13. МСАК мамандары инфекциялық аурулары бар пациенттерге көрсететін медициналық көмек:

      1) инфекциялық ауруларды ерте анықтау, пациенттің жағдайын анықтау және диагноз қою мақсатында пациентті қарап-тексеруді;

      2) эпидемиологиялық анамнез жинауды;

      3) байланыста болған адамдарды бақылау және анықтауды;

      4) шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетуді;

      5) эпидемияға қарсы тәртіпті сақтауды;

      6) айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне жіберуді;

      7) КХ-ға сәйкес емді таңдауды және тағайындауды;

      8) пациенттерге дәрілік заттарға рецепт жазуды;

      9) биоматериалды зертханаға зерттеуге алуды және жеткізуді айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес ұйымдастыруды;

      10) айналасындағыларға қауіп төндіретін жағдайлар (инфекциялық науқастармен байланыста болуы, себепсіз денесінде бөртпенің пайда болуы, инкубациялық кезең аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар), вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы кезінде пациенттерге үйде қызмет көрсетуді;

      11) инфекциялық ауруға күдіктенген және/немесе анықтаған жағдайда "Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19383 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 127 бұйрық) сәйкес шұғыл хабарлама беруді;

      12) клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде пациентті емдеуге жатқызуға жіберуді;

      13) "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 126 бұйрық), "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалқ іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 175 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 16991 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 175 бұйрық), "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 4 қазандағы № ҚР ДСМ-135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19454 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 135 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылатын айналасындағыларға жұғу қаупі мен инфекцияның таралуын бағалауға сәйкес алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды (инфекциялық аурулар ошағында жұмыс) өткізуді;

      14) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10964 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 183 бұйрық) сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;

      15) пациентті кейіннен қадағалап қарау және емдеу тәсілін анықтау үшін айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес инфекционист дәрігерге консультацияға іріктеуді және жіберуді;

      16) АҚИ-ға күдіктенген жағдай кезде жағдайдың стандартты анықталуын қолдануды қамтиды.

      14. АҚИ-дың болжамды жағдайы (күдік) анықталған кезде МСАК дәрігері және/немесе бейінді маман басшылығына хабарлайды, басшылық инфекциялық стационарға эвакуациялау үшін ЖМК шақырады және "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10644 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 131 бұйрық) тиісті аумақ халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

      15. АҚИ-дың болжамды жағдайы (күдік) анықталған кезде МСАК дәрігерінің және/немесе бейінді маман:

      1) кабинетке/кабинеттен кіруді және шығуды тоқтата отырып, науқасты кабинетке оқшаулайды;

      2) жұқтыру қаупін бағалауға сәйкес жеке қорғаныс құралдарын сұратады;

      3) профильді стационар/бөлімшеге жібереді;

      4) аурудың инкубациялық кезеңіне сәйкес байланыста болған адамдарды медициналық бақылайды.

      16. АҚИ-дың болжамды жағдайы (күдік) анықталған кезде МҰ басшылығы оперативті жоспармен көзделген іс-шаралар жүйесін іске қосады және ол мыналарды қамтиды:

      1) қауіптерді бағалауға сәйкес АҚИ-ды анықтаған дәрігерге жеке қорғаныс құралдарын беру;

      2) мекеме ішінде жүруді, мекемеден/мекемеге кіруді және шығуды тоқтату;

      3) науқасты эвакуациялау үшін арнайы жедел көмек бригадасын шақыру;

      4) оперативті жоспармен көзделген режимдік талаптарды сақтай отырып, науқасты жақын инфекциялық стационарға ауыстыру;

      5) эпидемияға қарсы іс-шараларды толық көлемде өткізу үшін эпидемиологтардың арнайы бригадасын шақыру;

      6) қорытынды дезинфекция.

      17. Инфекциялық науқастарға КДК-ны инфекционист дәрігер:

      1) аудандық, қалалық емханалар;

      2) консультациялық - диагностикалық орталықтар;

      3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласы мекемелеріне және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелер деңгейінде көрсетеді.

      18. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге КДК-ні инфекционист дәрігер:

      1) пациент өз бетінше жүгінген кезде;

      2) МСАК мамандарының және басқа мамандық дәрігерлерінің жолдамасы бойынша пациентте инфекциялық ауру анықталған (күдіктенген) кезде көрсетеді.

      19. КДК-ті инфекционист дәрігер КХ-ға сәйкес "Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) сәйкес көрсетеді және:

      1) инфекциялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті;

      2) инфекцияны жұқтыру және таралу қаупін бағалауды;

      3) инфекциялық ауруға күдіктенген және/немесе белгіленген кезде № 907 бұйрығымен бекітілген № 090/е нысаны бойынша № 127 бұйрыққа сәйкес шұғыл хабарлама беруді;

      4) КХ-ға сәйкес, сондай-ақ инфекцияны жұқтыру және таралушылық қаупін бағалауға сәйкес пациенттерге зертханалық және аспаптық зерттеуді ұйымдастыруды және жүргізуді;

      5) пациенттерді көрсетілімдері бойынша бейінді мамандарға зерттеп-қарауға және консультацияға жіберуді;

      6) пациенттерді бейінді стационарға шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу үшін медициналық және эпидемиологиялық көрсетілімдерінің болуын анықтауды;

      7) инфекциялық аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецепт жазуды;

      8) № 126 бұйрыққа, № 175 бұйрыққа және № 135 бұйрыққа сәйкес бастапқы эпидемияға қарсы іс-шаралар (инфекциялық аурулар ошағында жұмыс) өткізуге қатысуды;

      9) инфекциялық аурулары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізуді;

      10) МСАК мамандарының консультацияларын жүргізуді;

      11) № 183 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;

      12) инфекциялық аурулары бар пациенттерде мүгедектік белгілері анықталған кезде "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына құжаттамаларды ресімдеу үшін МСАК мамандарына жіберуді;

      13) АҚИ анықталған/күдіктенген жағдайда жедел іс-шаралар жоспар құруға қатысуды;

      14) профилактикалық егулер жүргізу кезінде МСАК мамандарына консультациялық көмекті;

      20. Инфекциялық науқастарға мамандандырылған КДК көрсетуді инфекционист дәрігер жүзеге асырады. Бөлімшенің штат нормативтері "Аймақтарды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген) сәйкес анықталады.

      21. Пациенттерді КДК қабылдау инфекционистің кабинетінде (бұдан әрі - ИК) жүзеге асырылады. ИК "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 357 бұйрық) талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      22. Инфекциялық аурулары бар науқасқа қабылдау жүргізетін ИК жарақтандыру осы Стандартқа сәйкес 1-қосымшаға, сондай-ақ АҚИ-ы бар пациентке арналған изоляторды жарақтандыру 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Медициналық және эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде инфекционист дәрігер стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стационардың бейінді бөлімшесіне қосымша зерттеп - қарауды немесе емдеуге жатқызуды айналасындағыларға жұқтыру қаупі мен инфекцияның таралуын бағалауға сәйкес ұйымдастыру және жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      24. Жіті респираторлық вирустық және ауа-тамшы инфекцияларымен жаппай сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде дене қызуы көтерілген пациенттер МСАК деңгейінде фильтр-кабинетте дәрігермен тексеріліп - қаралады.

      25. Пациентте АҚИ анықталған жағдайда (күдік), КДК инфекционист дәрігері және/немесе бейінді маман басшылыққа хабарлайды, басшылық инфекциялық стационарға эвакуациялау үшін ЖМК шақырады және № 131 бұйрыққа сәйкес тиісті аумақтық халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық аумақтық бөлімшеге шұғыл хабарлама береді.

2-параграф. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету

      26. Инфекциялық ауруы бар халыққа стационарлық көмек мынадай ұйымдарда жүзеге асырылады:

      1) аудандық деңгейде - аудандық аурухана, нөмірлік аудандық аурухана, көп бейінді ауданаралық аурухана;

      2) қалалық деңгейде - қалалық аурухана, көп бейінді қалалық аурухана, көп бейінді қалалық балалар ауруханасы.

      27. Стационарға емдеуге жатқызу үшін медициналық көрсетілім тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі болып табылады:

      1) айналасындағылардың арасында таралу қаупі инфекциялық аурумен ауыратын науқасты стационарға емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетілім болып табылады;

      2) науқаста АҚИ-дың болуына күдік емдеуге жатқызу үшін абсолюттік көрсетілім болып табылады.

      28. Инфекциялық ауруы бар пациент стационарлық емдеуге түскен кезде қабылдау бөлімшесінде алдын ала диагнозды, айналасындағыларға жұқтыру және инфекцияның таралушылық қаупін бағалауды, жай-күйінің ауырлық дәрежесін анықтау, қажетті жеке қорғаныс құралдарын анықтау, зерттеп-қарау және емдеу жоспарын жасау мақсатында инфекционист дәрігер тексеруді жүргізеді. Медициналық көрсетілімдер және оған медициналық көмек көрсетуге жазбаша келісімі болған кезде № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасы толтырыла отырып, бейінді бөлімшеге емдеуге жатқызылады.

      29. Контагиозды АҚИ-мен ауыратын пациенттің келісіміне қарамастан оқшауланады/емдеуге жатқызылады.

      30. Пациенттерді жағдайының ауырлығы бойынша медициналық іріктеу көп бейінді стационардың қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі және № 450 бұйрықпен регламенттеледі.

      31. Контагиоздық АҚИ-ға күдікті/ауыратын пациенттер тәулік бойы дайындықпен арнайы бокстарда қабылданады, боксталған бөлімшеге емдеуге жатқызылады.

      32. Соматикалық науқастан айналасындағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған жағдайда, ол кейіннен көп бейінді аурухананың инфекциялық бөлімшесіне ауыстырыла отырып оқшауланады.

      33. Инфекциялық патологиясы бар жүкті, босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсету "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген) және қолданыстағы КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Инфекциялық патологиясы бар жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу тәртібі:

      1) жүктіліктің 36 аптасына дейін басым инфекциялық патологиясы болған кезде көп бейінді ауруханалардың инфекциялық стационарларында немесе инфекциялық бөлімшелерінде жүзеге асырылады;

      2) жүктіліктің 36 аптасынан бастап емдеуге жатқызу акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі МҰ-да жүзеге асырылады;

      3) ерекше жағдайларда (жоғары контагиоздық, аса қауіпті инфекциялық патология) емдеуге жатқызу деңгейі туралы шешім комиссиялық түрде қабылданады.

      35. Контагиозды АҚИ-ға күдіктенген/ауырған жүкті әйелдер басқа, осындай науқастар сияқты тәулік бойы дайындықтағы арнайы бокстарда қабылданады, боксталған бөлімшеге емдеуге жатқызылады.

      36. Инфекциялық ауруы бар (АҚИ-ды және айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекцияларды қоспағанда) пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан кезде ықтимал асқынулар мен салдарын көрсете отырып, стационарлық немесе амбулаториялық науқастың медициналық картасына жазба ресімделеді. Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тарту туралы өтініш жазады және өзінің қолымен куәландырады. Өтініш осы пациенттің медициналық картасында сақталады.

      37. АҚИ-ы және айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялары бар пациенттер АҚИ үшін боксталған бөлімшеге емдеуге жатқызылады. АҚИ-ы бар пациент үшін жеке пост құрылады. АҚИ-ды диагностикалау КХ-ға сәйкес жағдайды стандартты айқындауға сәйкес жүзеге асырылады. АҚИ-мен ауыратын науқастарға емдік және шұғыл көмекті ұйымдастыру инфекцияның жұғуы мен таралу қаупін бағалауға және КХ-ға сәйкес жүргізіледі. Медициналық ұйымдарда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) АҚИ-мен ауыратын науқас түскен жағдайда, штаб құрамын қоса алғанда, іс-қимылдың жедел жоспарларын әзірлеуді;

      2) жүйелі түрде, жылына 1 реттен жиі емес АҚИ-мен ауыратын науқас түскен кезде іс-қимылды пысықтау үшін шартты науқасты енгізе отырып оқыту жүргізіледі;

      3) АҚИ жағдайы/ошағы туындаған кезде, ошақта барлық іс-шаралардың өткізілуін қадағалайтын штаб құрылады және эпидемиологиялық ошақтың ашылуы хабарландырылады;

      4) персонал жұқтыру қаупін бағалауға сәйкес жеке қорғану құралдарымен жұмыс істейді;

      5) жұптық қағидаты сақталады - науқас орналасқан оқшауланған бокста үнемі кемінде екі медицина қызметкері кіретін;

      6) ең көп оқшаулаудың жеке қорғану құралдарында үзіліссіз жұмыстың ұзақтығы (бірінші типті обаға қарсы костюм) - 2 сағаттан артық емес;

      7) жұқтыру қаупін бағалауға және эпидемияға қарсы режимге сәйкес қажетті зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері туралы мәселе шешіледі;

      8) жоғары контагиозды АҚИ туындаған жағдайда, басқа бөлімшеден оны оқшаулау немесе барлық бөлімшені толық босату, зертхана-клиникалық және биохимиялық, сондай-ақ аспаптық зерттеп - қараулар жұқтыру материалдарын эпидошақтан шығармай, сол жерде жүргізу мүмкіндігі болған кезде, бірнеше оқшауланған бокстардан тұратын арнайы блокты бөлу шешімі қабылданады;

      9) зертханалық-этиологиялық зерттеулер АҚИ-ның өңірлік зертханаларында жүргізіледі және науқастан үш қаптамада материал тиісті режимдік талаптарға және контейнерлердің сыртқы беткейінің дезинфекциясымен "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17995 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-40 бұйрық) сәйкес жеткізіледі.

      38. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар № 357 бұйрығына сәйкес белгіленеді.

      39. Көп бейінді стационарда, оның ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде (бұдан әрі - РҚТБ) ауа-тамшы және фекалды-ауыз арқылы берілетін инфекциялар үшін жеке боксы бар палаталар бөлінеді:

      1) АҚИ-мен ауыратын науқастар далаға шығатын жері бар, бөлек оқшауланған бокстарға емдеуге жатқызылады/оқшауланады;

      2) науқастың оқшаулану деңгейі және медицина персоналы қолданатын жеке қорғану заттары айналасындағыларға жұқтыру қаупін бағалаумен анықталады.

      40. Инфекциялық стационарларда РҚТБ болмаған кезде қарқынды терапия палаталары (бұдан әрі - ҚТП) ұйымдастырылады. ҚТП-да инфекциялық науқастарға мамандандырылған медициналық көмекті "Инфекциялық аурулар кезіндегі шұғыл көмек" циклы бойынша кемінде 216 сағат көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар "Инфекциялық аурулар" (ересектер, оның ішінде балалар)" мамандығы бойынша дәрігерлер және/немесе "Инфекциялық аурулардың өзекті мәселелері" циклы бойынша кемінде 216 сағат көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар "Анестезиология және реанимация" мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді. Көпбейінді стационарларда ауруханаішілік инфекцияның таралушылығының профилактикасы үшін бейінді бөлімшелерде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша ҚТП ұйымдастырылады.

      41. АҚИ-ды инфекциялық бақылау № ҚР ДСМ-40 бұйрығына және № 131 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Инфекциялық науқастарды шығару № 761 бұйрыққа, сондай-ақ тиісті нозологиялар бойынша КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.

      43. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету аяқталғаннан кейін пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген, зерттеп-қарау мен емдеу нәтижелерімен, науқасты амбулаториялық-емханалық деңгейде одан әрі қарап-қадағалау тәсілі бойынша ұсынымдармен стационарлық науқастың медициналық картасынан шығару эпикризі беріледі. Пациент туралы ақпарат бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына беріледі.

3-параграф. Инфекциялық аурулары бар науқастарға стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету

      44. Стационарды алмастыратын көмек пациенттерге "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      45. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады және зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және мынадай нозологиялар бойынша бейінді мамандардың консультациясымен МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша күндізгі стационар және/немесе үйдегі стационар жағдайында ұсынылады: айналасындағыларға жұқтыру қаупін және инфекцияның таралу қаупін бағалауға сәйкес созылмалы бруцеллез (субкомпенсация сатысы), созылмалы вирустық гепатиттер (әлсіз және орташа белсенділік дәрежесі бар), тілме, эритематозды түрі, созылмалы гельминтоздар.

      46. Пациент күндізгі стационарға, үйдегі стационарға түскен кезде № 907 бұйрығымен бекітілген № 003-2/е нысаны бойынша күндізгі стационардағы (емханалар, ауруханалар), үйдегі стационардағы науқас картасы толтырылады.

      47. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін қарсы көрсетілімдер:

      1) емдеу емшараларын және медициналық бақылауды тәулік бойы жүргізуді қажет ететін аурулар;

      2) эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі инфекциялық аурулар;

      3) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) сәйкес айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар болып табылады.

      48. Дәрігер күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған кезде қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерді және бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын басшылыққа ала отырып, бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды. Зорлық-зомбылық фактілері және дене жарақаттары анықталған кезде емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді, медициналық оңалту жүргізеді, жәбірленушілердің жүгіну фактілері және оларға көрсетілген медициналық көмек туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.

      49. Күндізгі стационар 3 жастан бастап, тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін пациенттерге емдеу іс-шараларын жүргізуге арналған:

      1) тәулік бойы бақылауды талап ететін жағдайы нашарлаған кезде пациент стационарға емдеуге жатқызылады;

      2) пациентті емдеу ұзақтығы күндізгі стационарда 8 жұмыс күнінен аспайды.

      50. Пациентті үйдегі стационарда қадағалап-қарау үшін стационарды алмастыратын медициналық көмек алу қажет болған кезінде пациентке күндізгі стационарға күнделікті баруға кедергі келтіретін ағзалар функцияларының бұзылуы, сондай-ақ балаларда тұрақты алмастырушы ферментативтік және бактерияға қарсы терапияны алу үшін маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулауды талап ететін инфекциялық асқынулардың жоғары қаупіне байланысты орфандық (сирек кездесетін) аурулардың болуы көрсетілімдер болып табылады.

      51. Үйдегі стационарда емдеу ұзақтығы кемінде 3 жұмыс күні және жіті аурулар кезінде 5 жұмыс күнінен аспайтын, созылмалы аурулары асқынған кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын күнді құрайды.

      52. Стационарды алмастыратын көмекті алған пациент шығарылған кезде күндізгі стационар немесе үйдегі стационарда ем өткені туралы № 907 бұйрықпен бекітілген № 066-4/е нысаны бойынша статистикалық карта толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
инфекциялық аурулар кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша

Инфекционист кабинетін жарақтандыру

Р/с

Медициналық бұйымдар

Бұйымдар саны

1

2

3

1.

Экрандалған бактерицидтік стационарлық сəулелендіру

1


Жалпы дәрігерлік жиынтық

2.

Медициналық кушетка

1

3.

Медициналық дәрігердің үстелі

1

4.

Мейіргер үстелі

1

5.

Медицина дәрігерінің орындығы

1

6.

Мейіргер орындығы

1

7.

Пациенттің орындығы

2

8.

Медициналық ширма

1

9.

Құжаттарға арналған медициналық шкаф

1

10.

Бір жармалы киімге арналған медициналық шкаф

1


Ересек инфекционист үшін дәрігерлік қабылдау жиынтығы

11.

Өлшеу таспасы

1

12.

Бүйрек тәрізді лоток

1

13.

Секундомер

1

14.

Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стақан

1

15.

Медициналық термометр

5

16.

Тонометр

1

17.

Фонендоскоп

1

18.

Медициналық шпатель

1

19.

Негатоскоп

1

20.

Обаға қарсы жиынтық


21.

Қазіргі заманғы жеке қорғаныс құралдарының (комбинезон, N95 респиратор, көзілдірік, колғап, білекқорғаныстар, алжапқыштар, бахилалар) жиынтығы

1

22.

Материал алуға арналған салғыш - қан, бубон пунктаты, қақырық, жағынды, нәжіс, құсық массалары/шайынды сулар

1

23.

Науқастардан алынатын материалдарды орауға арналған тасымалдаушы жиынтық

1

24.

АҚИ бар науқастарды тасымалдау үшін бір реттік жиынтық

3

25.

Антисептикаға арналған дозатор

1

26.

Сұйық сабын дозаторы

1

27.

Шаншитын құралдарға арналған контейнер

1

28.

Таза/лас қолғаптарға арналған контейнерлер

1

29.

Таза/лас бахилдарға арналған контейнерлер

1

30.

Биологиялық қалдықтарға арналған контейнерлер/қаптар

1

31.

Дезинфекциялық заттарды сұйылтуға арналған контейнерлер

1

32.

Тазартуға арналған салфеткалар

1

33.

Үй-жайларды тазартуға арналған сепкіш

1

34.

Кабинеттегі раковина

1

35.

Жеке санитариялық нысан

1

36.

Мұздатқышы бар тоңазытқыш

1

37.

Тоңазытатын элементтерімен тоңазытқыш-сумка

1

38.

Термоконтейнер

1

39.

Термостат

1

40.

Сыртқа шығатын бөлек есіктің болуы

1


Балалар инфекционистіне арналған дәрігерлік қабылдау жиынтығы

41.

Өлшеу таспасы

1

42.

Бүйрек тәрізді лоток

1

43.

Секундомер

1

44.

Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стақан

1

45.

Медициналық термометр

5

46.

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған манжетасы бар тонометр

1

47.

Фонендоскоп

1

48.

Стетофонендоскоп

1

49.

Медициналық шпатель

20

50.

Негатоскоп

1

51.

Бой өлшегіші бар медициналық таразылар

1

52.

Жаңа туған нәрестелерге арналған электрондық таразылар

1

53.

Педиатр құралдарының жиынтығы

1

54.

Баланы орау үстелшесі

1

55.

Обаға қарсы жиынтық

1

56.

Жеке қорғаныс комлекті (комбинезон, N95 респираторы, көзілдірік, колғап, білекқорғаныстар, алжапқыштар, бахилалар)

1

57.

Материал алуға арналған салғыш - қан, бубон пунктаты, қақырық, жағынды, нәжіс, құсық массалары/шайынды сулар

1

58.

Науқастардан алынатын материалдарды орауға арналған тасымалдаушы жиынтық

1

59.

АҚИ бар науқастарды тасымалдау үшін жиынтық, бір рет қолдануға арналған

5

60.

Антисептикалық дозатор

1

61.

Сұйық сабын дозаторы

1

62.

Шаншитын құралдарға арналған контейнер

1

63.

Таза/лас қолғаптарға арналған контейнерлер

1

64.

Таза/лас бахилдарға арналған контейнерлер

1

65.

Биологиялық қалдықтарға арналған контейнерлер

1

66.

Дезинфекциялық заттарды сұйылтуға арналған контейнерлер

1

67.

Тазартуға арналған салфеткалар

1

68.

Үй-жайларды тазартуға өңдеуге арналған сепкіш

1

69.

Кабинеттегі раковина

1

70.

Жеке санитариялық нысан

1

71.

Мұздатқышы бар тоңазытқыш

1

72.

Тоңазытатын элементтерімен тоңазытқыш-сумка

1

73.

Термоконтейнер

1

74.

Термостат

1

75.

Сыртқа шығатын бөлек есіктің болуы

1

  Қазақстан Республикасында
инфекциялық аурулар кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
2-қосымша

АҚИ-ы бар пациентке арналған изоляторды жарақтандыру

р/с

Медициналық бұйымдар

Бұйымдар саны

1

2

3

1

Экрандалған бактерицидтік стационарлық сəулелендіру

әрбір бокс/палатаға-1

2

Медициналық штатив (инфузиялық таған)

1

3

Обаға қарсы костюм (жеке қорғау құралдары - маскалар, комбинезон, көзілдірік, бір рет қолданылатын қолғаптар, резеңке аяқ киім)

5

4.

Қазіргі заманғы жеке қорғаныс құралдарының (комбинезон, N95 респиратор, көзілдірік, қолғап, білекқорғаныстар, алжапқыштар, бахилалар) жиынтығы

1

5.

Материал алуға арналған салғыш - қан, бубон пунктаты, қақырық, жағынды, нәжіс, құсық массалары/шайынды сулар

1

6.

Науқастардан алынатын материалдарды орауға арналған тасымалдаушы жиынтық

1

7

Медициналық судно

1

8

Антисептикаға арналған диспенсер

1

9

Сұйық сабын диспенсері

1

10

Функционалдық төсек

1

11

Медициналық термометр

10

12

АҚИ бар науқастарды тасымалдау үшін жиынтық, бір реттік

10

13

Аса қауіпті инфекциямен ауыратын науқастан бак. материал алуға арналған жиынтық

1

14

Зертханаға бак. материал жеткізуге арналған жиынтық

1

15

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтық

1

16

Тоңазытатын элементтерімен тоңазытқыш-сумка


17

Термоконтейнер

3

18

Аспапты үстел

1

19

Бүйрек тәрізді лоток

2

20.

Шаншитын құралдарға арналған контейнер

1

21.

Таза/лас қолғаптарға арналған контейнерлер

1

22.

Таза/лас/ бахилдарға арналған контейнерлер

1

23.

Биологиялық қалдықтарға арналған контейнерлер/қаптар

1

24.

Дезинфекциялық заттарға арналған контейнерлер

1

25.

Тазартуға арналған салфеткалар

1

26.

Үй-жайларды тазартуға арналған сепкіш

1

27.

Кабинеттегі раковина

1

28.

Жеке санитариялық нысан

1

29.

Мұздатқышы бар тоңазытқыш

1

30.

Термостат

1

31.

Сыртқа шығатын бөлек есіктің болуы

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады