Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32117 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № ҚР ДСМ-144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19621 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 40 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар кезінде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне арналған талаптарын және қағидаларын белгілейді.

      2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімнің және (немесе) мүгедектенудің көп болуымен жаппай өршуді тудыра отырып, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын (эпидемиялық өршулер мен эпидемиялар), жануарлардан және адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар;

      2) байланыста болған адам – инфекциялық қоздырғыштың көзімен байланыста болған және (немесе) байланыста болған адам;

      3) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      4) бокс – сырттан пациенттің келіп түсуіне арналған, жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;

      5) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;

      6) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен ТМККК шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;

      7) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын және жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;

      10) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;

      11) ерікті емделу – пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

      12) жартылай бокс – сырттан пациенттің түсуі үшін жеке кіреберісі жоқ үй-жай. Оның құрамына: палата, санитарлық торап, ванна/душ және шлюз кіреді;

      13) жедел медициналық жәрдем – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;

      14) жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту үшін, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін жұмыскер пайдаланатын құралдар;

      15) жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиалдық вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы;

      16) инфекциялық палата – инфекциялық ауруханалардың немесе бөлімшелердің пациенттерін емдеуге жатқызуға және емдеу - диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналған үй - жай;

      17) инфекциялық және паразиттік аурулар – пайда болуы мен таралуы адамның өмір сүру ортасының биологиялық факторларының адамға әсер етуінен және аурудың науқас адамнан, жануардан дені сау адамға берілу мүмкіндігінен болатын адам аурулары;

      18) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      19) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек жөніндегі ғылыми-дәлелденген ұсынымдардан тұратын құжат;

      20) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      21) қабылдау-диагностикалық бөлімше – кейіннен медициналық көмек көрсете отырып, пациенттерді медициналық сұрыптау жүзеге асырылатын стационардың құрылымдық бөлімшесі;

      22) қарқынды терапия палатасы (бұдан әрі – ҚТП) – қарқынды терапияны талап ететін ауыр пациенттерді емдеуге және динамикалық байқауға арналған;

      23) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер - аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      24) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;

      25) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

      26) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

      27) медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ) – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      28) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      29) реанимация бөлімшесі – шұғыл медициналық көмек көрсетуге, реанимация және қарқынды терапия жүргізуге арналған;

      30) санитариялық-эпидемияға қарсы режим – денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау жөніндегі іс-шаралар кешені;

      31) стационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылау жасалатын, күндізгі стационарды және үйдегі стационарды қамтитын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны;

      32) сүзгі – емханада ұйымдастырылатын, міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі ағынға: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың белгілері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға бөлу болып табылады;

      33) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      34) хабардар етілген келісім – субъектінің медициналық араласуға және (немесе) нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін медициналық араласудың және (немесе) зерттеудің шешім қабылдауы үшін маңызы бар барлық аспектілері туралы ақпарат алғаннан кейін ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген келісім нысанына қол қою және күн қою арқылы хабардар етілген келісім құжатталады;

      35) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

      3. Денсаулық сақтау субъектілері осы Стандартқа, медициналық көмек көрсету қағидаларына және КХ, Кодекстің 115-бабының 3) тармағына сәйкес инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетеді.

      Тиісті КХ болмаған кезде инфекциялық аурулары бар пациенттерді қадағалап қарау тактикасын айқындау дәлелді медицина негізінде халықаралық ұсынымдарды ескере отырып, консилиумның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      4. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде инфекциялық аурулары бар пациенттерді дәрілік қамтамасыз ету Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде МҰ басшы бекіткен денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына, "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-41/2021 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген).

      5. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде, пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің нақты орналасқан жері бойынша санаторийлік-курорттық ұйымдарда, соның ішінде қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді қолдану арқылы көрсетіледі.

2-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы

      6. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмекті "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Инфекциялық аурулар" кіші түрі бойынша медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы бар меншік нысанына, ведомстволық тиістілігіне және денсаулық сақтау ұйымының деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдар көрсетеді.

      7. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрыққа сәйкес медициналық ұйымдарда көрсетіледі:

      1) аудандық деңгейде:

      медициналық пункт;

      фельдшерлік-акушерлік пункт;

      дәрігерлік амбулатория;

      медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      аудандық емхана;

      нөмірлі аудандық емхана;

      аудандық аурухана;

      нөмірлі аудандық аурухана;

      көпбейінді аудандық орталық аурухана;

      2) қалалық деңгейде:

      дәрігерлік амбулатория;

      медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      қалалық емхана;

      консультациялық-диагностикалық орталық;

      қалалық аурухана;

      көп бейінді қалалық аурухана;

      көп бейінді қалалық балалар ауруханасы;

      инфекциялық аурулар ауруханасы;

      АИТВ инфекциясы профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

      3) облыстық деңгейде:

      көп бейінді облыстық аурухана;

      көп бейінді облыстық балалар ауруханасы;

      инфекциялық аурулар ауруханасы;

      АИТВ инфекциясы профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

      облыстық фтизиопульмонология орталығы;

      тері-венерологиялық орталық.

      8. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      9. МҰ-да инфекциялық көмек мынадай бөлімшелерде көрсетіледі:

      1) сүзгі кабинеті (пациенттерді емханаға кіре берісте оларды екі ағынға бөлу: инфекциялық ауруға (температура, бөртпе, диарея) және басқа ауруларға бөлуді тиімді сұрыптау үшін. Сүзгіде жалпы практика дәрігері және учаскелік терапевт, педиатр, фельдшер, кеңейтілген практика мейіргері және (немесе) емханалардағы инфекционист кабинеті (облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде), консультациялық-диагностикалық бөлімшеде жұмыс істейді. Инфекционист кабинетінде "Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты бар дәрігер (бұдан әрі – инфекционист дәрігер) жұмыс істейді;

      2) қалалық, облыстық деңгейлердегі, республикалық маңызы бар қалалардағы және ғылыми ұйымдардағы көп бейінді ауруханалар (ересектер, балалар) құрылымындағы инфекциялық бөлімше немесе жекелеген инфекциялық стационар болмаған кезде аудандық және қалалық деңгейлердегі көп бейінді ауруханалар (ересектер, балалар) құрылымындағы төсектер.

      10. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге (айғақтар бойынша), оның ішінде кабинет сүзгісі деңгейінде медициналық көмек "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирус инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-47 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Инфекционист кабинеті функцияларды жүзеге асырады:

      1) инфекциялық аурулары бар пациенттерге ММК көрсетеді;

      2) инфекцияны жұқтыру және оның таралу қаупін бағалауды жүргізеді;

      3) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес инфекциялық ауруға күдік болған және/немесе анықталған кезде шұғыл хабарлама береді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрық);

      4) КХ-ға және инфекцияның жұқтыру және таралу қаупін бағалауға сәйкес пациенттің зертханалық және аспаптық зерттеулерін ұйымдастырады және жүргізеді;

      5) пациенттерді көрсетілімдер бойынша бейінді мамандарға тексеруге және консультацияға жібереді;

      6) пациенттерді бейінді стационарға шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу үшін медициналық және эпидемиологиялық көрсеткіштердің болуын айқындайды;

      7) № ҚР ДСМ-41/2021 бұйрыққа сәйкес инфекциялық аурулары бар пациенттерге дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецептілер жазып береді;

      8) инфекциялық аурулары бар пациенттердің профилактикасын, диагностикасын және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізеді;

      9) инфекциялық аурулар мәселелері бойынша, оның ішінде профилактикалық егулер жүргізу кезінде МСАК мамандарына консультациялық көмек көрсетеді;

      10) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына құжаттаманы ресімдеу үшін инфекциялық аурулары бар пациенттерде мүгедектік белгілері анықталған кезде МСАК мамандарына жібереді

      11) АҚИ және басқа да инфекциялық аурулар анықталған немесе күдіктенген жағдайда жедел іс-шаралар жоспарын жасауға қатысады.

      12. Амбулаториялық жағдайларда консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) түрінде мамандандырылған медициналық көмекті диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар, оның ішінде:

      шығу орны бойынша, оның ішінде үйде;

      жылжымалы медициналық кешендерде, медициналық пойыздарда;

      білім беру ұйымдарында;

      қашықтан медициналық қызмет көрсету құралдарын пайдаланумен көрсетеді.

      13. МҰ-да инфекциялық аурулары бар пациенттерге ЖМК – ны "Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты бар дәрігерлер көрсетілімдер бойынша бейінді мамандарды тарта отырып көрсетеді. МҰ-да инфекционист дәрігер болмаған кезде білікті медициналық көмекті жалпы практика дәрігері, отбасылық медицина, терапия, педиатрия мамандықтары бойынша маман сертификаты бар дәрігерлер, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік пункттерде дәрігерге дейінгі көмек, медициналық пункттерде фельдшерлер, кеңейтілген практика мейіргерлері және мейіргерлер көрсетеді.

      14. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге ЖМКС және медициналық авиацияны тарта отырып ЖМКС "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады және өзінің өміріне қауіп төндіретін (пациентке және (немесе) айналасындағыларға) жағдайлар кезінде ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсету, эпидемиялық ошақта да, эвакуация кезінде де жіті ауыр инфекциялық ауруларды қамтиды. Эпидемиялық өршу, инфекциялық аурулардың ауыр жағдайлары кезінде стационардың инфекционист дәрігері облыстық деңгейден төмен емес келісім бойынша медициналық авиация желісі бойынша шығады немесе ұшады.

      15. Ауру ағымының ауырлығына сәйкес пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың қатысуымен, кейіннен пациенттің бағдарын айқындай отырып консилиум ұйымдастырылады.

      16. АҚИ, карантиндік инфекциялар кезінде шектеу іс-шаралары "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21853 болып тіркелген).

3-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары

      17. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде МҰ негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары:

      1) осы Стандарттың, сондай-ақ КХ талаптарына сәйкес уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету;

      2) инфектология саласында барынша дәлелденген тиімділігі мен қауіпсіздікке ие профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;

      3) төтенше жағдайлар, эпидемиялық өршуі және пандемия жағдайында жұмысқа дайын болуын қамтамасыз ету;

      4) айналасындағыларға, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы, алдын алу, диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      5) пациенттерге және олардың туыстарына көрсетілетін медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және анық ақпарат беру;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау;

      7) денсаулық сақтаудың басқа субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау және өз қызметінде сабақтастықты сақтау;

      8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген медициналық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау;

      9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарлауды) уақтылы беру;

      10) емдеу-диагностикалық процеске қатысатын медицина персоналының кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында үздіксіз оқытуды ұйымдастыру.

      18. Қазақстан Республикасында инфекциялық қызметті үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған "Инфекциялық аурулар" (ересектер, балалар) мамандығы бойынша мамандар жүзеге асырады.

      19. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) бұйрығымен өңірдің инфекциялық көмектің жауапты үйлестірушісі (бұдан әрі – өңірдің жауапты үйлестірушісі) айқындалады.

      20. Өңірдің жауапты үйлестірушісі құрамында облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖАО бұйрығымен айқындалған инфекциялық бөлімшесі/инфекциялық төсектері бар МҰ бірлесіп өңірдегі медицина қызметкерлеріне инфекциялық аурулар кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмекті жүзеге асырады. Аймақтың жауапты үйлестірушісін тағайындау кезінде оның жұмысына ақы төлеу үшін қосымша қаражат қажет.

      21. Республикалық және өңірлік деңгейлерде инфекциялық қызметті үйлестірудің негізгі міндеттері мен бағыттарына мыналар жатады:

      1) медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы деңгейін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында инфекциялық қызметті дамыту стратегиясын және оны іске асыру жөніндегі тактикалық шешімдерді әзірлеуге қатысу;

      2) инфекциялық қызмет бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде қосымшалар ұсыну;

      3) инфекциялық аурулар қызметінің жұмысын үйлестіру, аурулар профилактикасы мен ерте диагностикасына, халықтың денсаулығын нығайтуға, медициналық көмек көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізуге қатысу;

      4) инфекциялық аурулар бойынша қазіргі заманғы медициналық және инновациялық технологияларды енгізуді ұйымдастыруға қатысу;

      5) КХ, стандарттарды әзірлеуге қатысу;

      6) медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға және оның сапасын, қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды қарауға енгізу;

      7) инфекциялық қызмет бойынша статистикалық ақпаратқа талдау жүргізу және осы деректерді халыққа медициналық көмекті жақсарту және жетілдіру жөніндегі жұмыста пайдалану;

      8) профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;

      9) денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы озық тәжірибені, медициналық технологияларды және аурулар профилактикасы, диагностикасы мен емдеу, пациенттерді оңалту әдістерін зерделеу негізінде инфекциялық қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

      10) ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу және қалыптастыру жөніндегі талқылауға, ауруларды диагностикалау, клиника, емдеу және профилактикасы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін рецензиялауға (сараптауға), денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіруге, оларды енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеуге қатысу; сондай-ақ "Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) мамандығы бойынша ғылыми жұмысқа қатысу";

      11) "Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)" бағыты бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге байланысты мәселелерді талқылау кезінде Министрлік алқасының отырыстарына және басқа да кеңестерге қатысу;

      12) бейінді денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына олар жүгінген кезде пациенттерді қадағалап қарау тактикасын әзірлеу бойынша әдістемелік медициналық көмек көрсету;

      13) инфекциялық аурулардың өзекті мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары үшін семинарлар мен конференцияларға қатысу;

      14) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметімен алдын ала келісіп, БАҚ үшін материалдар дайындауға жәрдемдесу және инфекциялық аурулар жөніндегі теледидардағы бағдарламаларға қатысу;

      15) халық арасында отандық медицина ғылымы мен денсаулық сақтаудың жетістіктері туралы ақпаратты белсенді насихаттау, инфекциялық аурулар саласындағы өз білімдерін жетілдіру;

      16) Министрлікке атқарылған жұмыс туралы есептерді жартыжылдықта бір рет және жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 5-ақпанына қарай ұсыну;

      17) ЖАО және уәкілетті органның өзге де тапсырмаларын орындау;

4-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету

1-параграф. Амбулаториялық-емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      22. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық көмек "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген), сонымен қатар "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген емшаралар мен манипуляциялар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-136/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21470 болып тіркелген) және "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-37/2022 бұйрық) жүзеге асырылады.

      23. № ҚР ДСМ-90 бұйрыққа сәйкес МСАК деңгейінде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлеріне инфекционист дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевттер, педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер, кеңейтілген практикадан (жалпы практикадан) мейіргерлер, мейіргерлер жатады.

2-параграф. Жедел ауа-тамшы инфекциясы кезінде амбулаториялық-емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      24. Пациенттер жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (бұдан әрі – ЖРВИ) және ауа-тамшы инфекциялармен МСАК-қа жүгінген кезде, оның ішінде үйге шақырған кезде пациентке медициналық қызмет көрсету № ҚР ДСМ-47 бұйрыққа сәйкес сүзгі кабинетінде және үйде жүзеге асырылады.

      25. МСАК медицина қызметкері сүзгі кабинеті деңгейінде және ЖРВИ-мен және ауа-тамшы инфекциясы бар пациенттерге үйде медициналық қызмет көрсету кезінде шағымдардың, аурудың анамнезінің, өмір анамнезінің, эпидемиологиялық анамнездің, объективті тексерудің деректерін жинауды жүзеге асырады, ықтимал жағдайды анықтайды және көрсетілімдер бойынша зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін тағайындаумен алдын ала диагнозды белгілейді.

      26. МСАК медицина қызметкері сүзгі кабинеті деңгейінде және үйде медициналық қызмет көрсету кезінде ЖРВИ-мен және ауа-тамшы инфекциясы бар пациенттерде алдын ала, түпкілікті диагноз қойылғаннан және аурудың ауырлық дәрежесі анықталғаннан кейін КХ және қолданыстағы санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес медициналық көмекті жүзеге асырады:

      1) жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – амбулаториялық жағдайларда;

      2) ауырлығы орташа дәрежеде және ілеспе аурулар болған кезде, ауырлығы ауыр дәрежеде – стационарлық жағдайларда.

      14 жасқа дейінгі балаларда, 65 жастан асқан адамдарда және жүктіліктің кез келген мерзімінде жүкті әйелдерде орташа ауыр және ауыр, асқынған аурулар түрімен ЖРВИ және тұмау № ҚР ДСМ-47/2021 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      27. № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрыққа сәйкес МСАК медицина қызметкері сүзгі кабинеті деңгейінде және үйде медициналық қызмет көрсету кезінде стационарға апару және тасымалдау үшін жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.

      28. МҰ ЖРВИ және ауа-тамшы инфекцияларымен эпидемиологиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырады.

3-параграф. Жіті ішек инфекциясы кезінде амбулаториялық-емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      29. МҰ-да медицина қызметкері шағымдарды, ауру анамнезін, өмір анамнезін, эпидемиологиялық анамнезін, объективті тексеруді жинайды, ықтимал жағдайды анықтайды және зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін тағайындаумен алдын ала диагноз қояды.

      30. МСАК медицина қызметкері медициналық көмекті КХ және қолданыстағы санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес жүзеге асырады:

      1) жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – амбулаториялық жағдайларда;

      2) ауырлығы орташа дәрежеде және ілеспе аурулар болған кезде, ауырлығы ауыр дәрежеде – стационарлық жағдайларда.

      31. Инфекция жұқтырған тұлғамен байланыста болған адамды медициналық бақылауды "Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30078 болып тіркелген) тұрғылықты жері, жұмысы, оқу, демалыс орны бойынша медицина қызметкерлері жүргізеді.

4-параграф. АҚИ және карантиндік инфекциялар кезінде амбулаториялық-емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      32. МСАК және КДК медицина қызметкері пациентте АҚИ күдікті болған кезде "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген) (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-114/2021 бұйрық) және "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25254 болып тіркелген) (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-116/2021 бұйрық) іс-шараларды жүзеге асырады.

      33. МСАК медицина қызметкері АҚИ-ға болжамды жағдай мен күдік анықталған кезде бекітілген құлақтандыру схемасы бойынша № ҚР ДСМ-116/2021 бұйрыққа сәйкес МҰ басшылығына хабарлайды.

      34. МСАК медицина қызметкері АҚИ-да болжамды жағдайды анықтаған кезде № ҚР ДСМ-114/2021 бұйрыққа және № ҚР ДСМ-116/2021 бұйрыққа сәйкес мына іс-шараларды жүргізеді:

      1) кабинетке кіруді және одан шығуды тоқтата отырып, пациентті кабинетте оқшаулайды;

      2) жұқтыру қаупін бағалай отырып, ЖҚҚ және қажетті жиынтықтарды сұратады;

      3) АҚИ бар пациентті инфекциялық стационарға ауыстырғанға дейін медициналық бақылау жүргізеді;

      4) инфекциялық аурудың инкубациялық кезеңіне сәйкес АҚИ бар тұлғамен байланыста болған адамдарға медициналық бақылауды жүзеге асырады.

      35. МҰ басшылығы болжамды жағдайды және АҚИ-ға күдікті анықтаған кезде іс-шаралар жүйесін ұйымдастырады:

      1) АҚИ бар пациентті анықтаған медицина қызметкеріне ЖҚҚ және қажетті жиынтықтарды беруді қамтамасыз етеді;

      2) МҰ ішіндегі қозғалысты, МҰ-ға кіруді және одан шығуды тоқтатады;

      3) № ҚР ДСМ-114/2021 бұйрыққа және № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрыққа сәйкес режимдік талаптарды сақтай отырып, МҰ жедел жоспарында көзделген, АҚИ бар пациентті жақын орналасқан инфекциялық стационарға эвакуациялау және тасымалдау үшін мамандандырылған (дәрігерлік) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады;

      4) № ҚР ДСМ-114/2021 бұйрыққа және № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрыққа сәйкес тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама ұсынады.

      5) МҰ эпидемиологы № ҚР ДСМ-116/2021 бұйрыққа сәйкес бекітілген құлақтандыру схемасы бойынша АҚИ ескерту және тарату бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды толық көлемде ұйымдастырады және жүргізеді;

      6) ҚР ДСМ-96/2020 бұйрыққа сәйкес МҰ медицина қызметкерлері қорытынды дезинфекцияны қамтамасыз етеді.

5-параграф. Созылмалы инфекциялық аурулар кезінде амбулаториялық-емханалық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      36. МСАК созылмалы инфекциялық аурулары бар пациенттерді "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) динамикалық бақылауды жүзеге асырады.

      37. № ҚР ДСМ-37/2022 бұйрыққа сәйкес КДК инфекционист дәрігер көрсетеді.

      38. КДК мыналарды қамтиды:

      1) инфекциялық аурулары бар пациенттерге ММК;

      2) № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрыққа сәйкес болжамды диагноз және инфекциялық аурудың ықтимал диагнозы анықталған кезде шұғыл хабарлама жіберу;

      3) пациенттерді көрсетілімдер бойынша бейінді мамандарға қарап-тексеруге және консультацияға жіберу;

      4) пациенттерді бейінді стационарға шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу үшін медициналық және эпидемиологиялық көрсеткіштердің болуын айқындау;

      5) инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық ақпараттық жүйеде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецепт жазып беру;

      6) инфекциялық аурулары бар пациенттердің профилактикасының, диагностикасының және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;

      7) МСАК мамандарының консультацияларын өткізу.

      39. КДК деңгейінде инфекциялық аурулары бар пациенттерді (АҚИ-дан басқа) қабылдау № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрыққа сәйкес инфекционист кабинетінде жүзеге асырылады.

      40. Ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмекті (ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді) "Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5847 болып тіркелген) бұйрықпен бекітілгендерден басқа "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (жәрдем) көрсету жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрыққа сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асырады.

6-параграф. Стационарлық деңгейде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      41. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационар деңгейде медициналық көмек "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Инфекциялық стационарлар (бөлімшелер) № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрыққа сәйкес жұмыс істейді.

      43. Инфекциялық стационарға емдеуге жатқызу үшін медициналық көрсетілім тәулік бойы медициналық бақылаумен ММК көрсету қажеттілігі болып табылады:

      1) клиникалық көрсетілімдер:

      суб-немесе декомпенсация сатысында қатар жүретін аурулары бар пациенттерде инфекциялық аурудың ауырлығына қарамастан, инфекциялық аурудың орташа ауыр және ауыр, асқынған ағымы;

      пациентте күдікті, алдын ала диагноз немесе ықтимал АҚИ диагнозы ауруханаға жатқызудың абсолютті көрсетілімі болып табылады;

      2) инфекциялық ауруы бар пациентті (инфекция көзі) стационарға емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетілімдер биологиялық тәуекелдерді бағалауға сәйкес инфекцияның айналасындағыларға таралу қаупі болып табылады.

      44. Стационардың қабылдау-диагностикалық бөлімшесінде инфекциялық пациенттерді қабылдау нозологиялық нысандар бойынша арнайы бокстарда ауа-тамшы инфекциясы, ішек инфекциясы, вирустық гепатит және АҚИ бар пациенттер үшін жеке жүргізіледі.

      45. Медициналық көмек пациенттің немесе оның заңды өкілінің № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен белгіленген нысан бойынша емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге ақпараттандырылған жазбаша ерікті келісімін алғаннан кейін ұсынылады. Кодекстің 137-бабында көзделген негіздер бойынша пациенттің ақпараттандырылған келісімін алу мүмкін болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум келісімінсіз қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде – МҰ лауазымды адамдарын кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.

      Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан жағдайда, МҰ бекіткен нысан бойынша бас тарту-өтініш толтырылады.

      46. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21537 болып тіркелген) стационарларда айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулары бар пациенттерді, оның ішінде пациенттің келісімінсіз бөлек-бөлек орналастыруға арналған палаталар, бокстар және (немесе) ішінара бокстар көзделеді. Бокстарды, ішінара бокстарды және (немесе) инфекциялық палаталарды толтыру биологиялық қатерді бағалаумен сәйкес инфекциялық аурулардың жекелеген нысандарының циклдік сипатын, нозологиялық нысандарын және клиникалық ағымының ерекшеліктері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      47. Инфекциялық ауруы бар пациент стационарлық емделуге түскен кезде қабылдау бөлімшесінде алдын ала диагнозды анықтау, айналасындағылардың жұқтыру қаупін және инфекцияның таралуын, жағдайдың ауырлығын бағалау, қажетті ЖҚҚ анықтау, зерттеп-қарау және емдеу жоспарын жасау мақсатында инфекционист дәрігердің қарап-тексеруі жүргізіледі.

      Медициналық көрсетілімдер және оған медициналық көмек беруге ақпараттандырылған жазбаша ерікті келісім болған кезде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 001/е нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасын толтыра отырып, бейінді бөлімшеге емдеуге жатқызылады.

      48. Айналасындағыларға қауіп төндіретін АҚИ және инфекциясы бар пациенттер АҚИ үшін бокстар орнатылған бөлімшеге жатқызылады. АҚИ бар пациент үшін жеке пост жасалады. АҚИ бар пациенттерге диагностика, емдік және кезек күттірмейтін көмек көрсету жұқтыру, инфекцияның таралуы және эпидемияға қарсы режим қаупін бағалаумен КХ сәйкес жүзеге асырылады.

      49. МҰ-да АҚИ өршу жағдайы туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) биологиялық тәуекелдерді бағалауға сәйкес ошақта барлық іс-шаралардың өткізілуін бақылайтын штаб құрылады;

      2) пациент АҚИ-мен түскен жағдайда жедел іс-қимыл жоспары қолданылады, ол алдын ала әзірленеді;

      3) тұрақты, бірақ жылына кемінде 1 рет шартты пациентті АҚИ-мен түскен кезде іс-қимылдарды пысықтау үшін енгізе отырып оқу-жаттығулар өткізіледі;

      4) медицина персоналы жұқтыру қаупін бағалауға сәйкес ЖҚҚ-да жұмыс істейді;

      5) жұқтыру қаупін бағалауға және эпидемияға қарсы режимге сәйкес зерттеудің қажетті зертханалық және аспаптық әдістері туралы мәселе шешіледі.

      50. Инфекциялық стационарларда реанимация бөлімшелері болмаған кезде қарқынды терапия палаталары (бұдан әрі – ҚТП) ұйымдастырылады. ҚТП-дағы инфекциялық пациенттерге ММК "Инфекциялық аурулар" мамандығы бойынша (ересектер, балалар) "Инфекциялық аурулар кезінде шұғыл көмек көрсету" бағыты бойынша кемінде 7/8 кредит көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар дәрігерлер және (немесе) "Анестезиология және реанимация" мамандығы бойынша (ересектер, балалар) "Инфекциялық аурулардың өзекті мәселелері" бағыты бойынша кемінде 3/4 кредит көлемінде біліктілікті арттыру туралы куәлігі бар дәрігерлер көрсетеді. Көп бейінді стационарларда эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша инфекцияның ауруханаішілік таралуының алдын алу үшін бейінді бөлімшелерде ҚТП ұйымдастырылады.

      ҚТП-да медициналық көмекті "Орта медицина қызметкерлері үшін инфекциялық аурулар кезінде шұғыл көмек көрсету" бағыты бойынша кемінде 3/4 кредит көлемінде біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар мейіргерлер көрстетеді.

      51. АҚИ инфекциялық бақылау № ҚР ДСМ-114 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      52. Стационарлық жағдайда ММК көрсету аяқталғаннан кейін пациентке жүргізілген зерттеп-қарау және емдеу нәтижелерімен, амбулаториялық-емханалық деңгейде пациентті одан әрі қадағалап қарау тактикасы бойынша ұсынымдармен № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген стационарлық пациенттің медициналық картасынан жазбаша эпикриз беріледі.

      Пациент туралы ақпарат бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына медициналық ақпараттық жүйе арқылы беріледі.

7-параграф. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету тәртібі

      53. Стационарды алмастыратын көмек пациенттерге "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      Инфекциялық аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмек инфекцияның таралу қаупін және санитариялық-эпидемияға қарсы режимді бағалай отырып, күндізгі стационардың жеке палатасында көрсетіледі.

      54. Күндізгі стационар тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін және айналасындағылар үшін жұқтыру қаупін тудырмайтын 3 жастан бастап пациенттерге емдеу іс-шараларын жүргізуге арналған. Тәулік бойы бақылауды қажет ететін жағдай нашарлаған кезде пациент стационарға емдеуге жатқызылады. Пациентті емдеу ұзақтығы күндізгі стационарда 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайды.

      55. Стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін қарсы көрсетілімдер "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмек көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген) сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар болып табылады.

      56. Дәрігер күндізгі стационарда және үйде стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізілетін емді түзетеді, қажет болған жағдайда қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулер мен бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды.

      57. Стационарды алмастыратын көмек алған пациентті шығару туралы үзінді көшірмесін ресімдеу кезінде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша күндізгі стационарда және үйде емдеуден өткен адамның статистикалық картасы толтырылады.

8-параграф. Инфекциялық аурулар кезінде жүкті, босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      58. Инфекциялық аурулары бар жүкті, босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсету "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24131 болып тіркелген) және қолданыстағы КХ сәйкес жүзеге асырылады:

      1) жүктіліктің 36 аптасы 6 күні мерзіміне дейін медициналық көмек инфекциялық стационарда немесе көп бейінді ауруханалардың инфекциялық бөлімшесінде көрсетіледі; акушерлік асқынулар мен созылмалы аурулардың өршуі сатысында анықталған кезде консилиумның шешімі бойынша жүкті әйел перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын және биологиялық тәуекелдерді бағалауға сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды ескере отырып, стационарлық жағдайларда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін МҰ жүктілік патологиясы бөлімшесіне жіберіледі;

      2) жүкті және босанатын әйелдің өміріне қауіп төндіретін ауыр аурулар мен асқынулар кезінде консилиум республикалық деңгейдегі бейінді МҰ-ға ауыстыру туралы шешім қабылдайды (тасымалдауға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде);

      3) жүкті және босанатын әйелдер ауруханаға бейіні бойынша түспеген жағдайда кезек күттірмейтін жағдайлардың туындауымен, олардың жай-күйі тұрақтанғаннан кейін қабылдаушы ұйымға алдын ала хабарлай отырып, неғұрлым жоғары деңгейдегі стационарлық жағдайларда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін мамандандырылған, көп бейінді стационарға немесе МҰ-ға тасымалданады және биологиялық тәуекелдерді бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін жұмыскерлердің штаты

      59. Инфекциялық аурулар кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды штатпен жасақтау, "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) МҰ қаржыландыру көлеміне сәйкес, сондай-ақ нақты қажеттіліктерді ескере отырып және бөлімшелер бейінінің ерекшелігіне және пациенттердің жай-күйінің ауырлығына байланысты жүзеге асырылады.

      Инфекционист дәрігердің 1,0 ставкасына пациенттер санын есептеуді бірақ 15 пациенттен аспайтындай етіп МҰ жүзеге асырады. КДП орташа есеппен 1 пациентке - кемінде 20 минут. 1 жұмыс күніне 18 пациенттен аспайды (8 сағат), жұмыс аптасына 38 сағат жұмыс уақытымен 90 пациент, халықпен ағарту жұмыстарын жүргізуге аптасына 2 сағат.

      60. Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдардың штатындағы денсаулық сақтау жұмыскерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамалары "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

6-тарау. Инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру

      61. Осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес меншік нысанына қарамастан инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін МҰ инфекциялық бөлімшесін, изоляторын және диагностикалық бөлімшесін жарақтандыру жүзеге асырылады.

      62. Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде инфекционист дәрігердің кабинетін жарақтандыру жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасында
инфекциялық аурулар кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша

Инфекциялық бөлімшені жарақтандыру

Медициналық бұйымдардың атауы*

Деңгейіне байланысты медициналық бұйымдардың саны**

1

2

3

Инфекциялық бөлімше

1)

Қандағы глюкоза деңгейінің экспресс-талдауышы

1

1

1

2)

Пульсоксиметр

1

1

1

3)

Талшықты жарық өткізгіші бар ларингоскоп

-

1

1

4)

Медициналық аспиратор (сорғыш)

1

1

1

5)

Көп арналы электрокардиограф

1

1

1

6)

Пациент мониторы

-

1

1

7)

Инфузиялық сорғыш

1 жатын орынға

2 жатын орынға

2 жатын орынға

9)

Өкпені жасанды желдетуге арналған көліктегі аппараты

ПТ

1

1

10)

Гематологиялық талдауыш

1

1

1

11)

Биохимиялық талдауыш

1

1

1

Изолятор

1)

Медициналық қарап-тексеру модификациясының шамы

1

1

1

2)

Көпфункционалды электрлік 3 секциялы медициналық кереует (реанимация бөлімшесіне арналған аксессуарлары бар және таразысымен)

1

1

1

3)

Пациентті жылыту жүйесі

-

-

1

4)

Пациент мониторы

-

әрбір жатын орынға 1-ден

әрбір жатын орынға 1-ден

5)

Өкпені жасанды желдету аппараты

ПТ

әрбір жатын орынға 1-ден

әрбір жатын орынға 1-ден

6)

Көп арналы электрокардиограф

-

1

1

7)

Медициналық аспиратор (сорғыш)

-

1

2

8)

Жарық суы талшықты ларингоскоп

1

1

1

9)

Портативті компрессорлы аэрозольді ингалятор (небулайзер)

1

1

1

10)

Тамырішілік инфузиямен жылытуға арналған аппарат

-

-

1

11)

Инфузиялық сорғы

әрбір жатын орынға 1-ден

әрбір жатын орынға 1-ден

12)

Синхрондау функциясы бар бифазды дефибриллятор

1

1

1

13)

Төбелі қосарланған реанимациялық консоль 2xO2, 2xVac, 2xAir, 2x сөре, 16x 220V, жарық, 2x штатив, персоналды шақыру түймесі

1

1

14)

Ылғалдандырғышы бар оттегінің шығыс өлшегіші

1

1

15)

Ауа шығынын өлшегіш

1

1

16)

Интермиттирлейтiн/ұзақ сорғыш реттегiш

1

1

17)

Қабырға таңу консолі O2, Vac, 220V (4x), сөре

1

1

18)

Қышқыл-негізгі жай-күйін және қан газдарын талдағыш

1

1

19)

Сүзгіш қондырғылары, терезелері, кіріктірілген қолғаптары бар тасымалданатын оқшаулау боксы

1

1

1

Д иагностикалық бөлімше ***

1)

Мобилді компьютерлік томограф

ПТ

1

1

2)

Мобильді рентгенологиялық аппарат

1

1

1

3)

УДЗ эксперт класты аппараты


1

1

      Ескерту:

      * Медициналық бұйымдармен жарақтандыру денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдеріне, ағымдағы қажеттілікке сәйкес жүзеге асырылады.

      ** Жарақтандыру кезеңдері:

      1 – аудандық деңгейдегі ұйымдар үшін;

      2 – қалалық деңгейдегі ұйымдар үшін;

      3 –областық деңгейдегі ұйымдар үшін;

      *** Аспаптық-диагностикалық бөлімдерге жарақтандыру қосымша

      Желі нормативінің құрылымына кірмейтін медициналық ұйымдарға жарақтандыру жөніндегі талаптар тиісті деңгейде аумақтық тиістілігіне сәйкес денсаулық сақтау субъектілеріне қолданылады.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:

      ТБ - талап бойынша.

      УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу

  Қазақстан Республикасында
инфекциялық аурулар кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
2-қосымша

Инфекционист дәрігердің кабинетін жарақтандыру

Медициналық бұйымдардың атауы *

Медициналық бұйымдардың саны **

1

2

3

1)

Кушетка

1

1

1

2)

Бактерицидті сәулелегіш

1

1

1

3)

Медициналық термометр

1

1

1

4)

Тонометр

1

1

1

5)

Фонендоскоп

1

1

1

6)

Пульсоксиметр

1

1

1

      Ескерту:

      * Медициналық бұйымдармен жарақтандыру денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдеріне, ағымдағы қажеттілікке сәйкес жүзеге асырылады.

      ** Медициналық ұйымның меншік деңгейі мен нысандарына қарамастан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады