Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19682 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес кредиттік бюро есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Кредиттік бюро Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті электрондық форматта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      3. Мыналардың:

      1) "Кредиттік бюролардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 278 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14761 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17551 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Төраға Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 225 қаулысына
1-қосымша

Кредиттік бюро есептілігінің тізбесі

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кредиттік бюроның есептілігінде:

      1) кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп;

      2) есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп қамтылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 225 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны және ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: Pril_2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті

      тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Нысан

      1-кесте. Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы есеп

Көрсеткіштің атауы

Есепті кезеңдегі кредиттік тарихтың саны

Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік тарихтың саны

1

2

3

4

1

Кредиттік тарихтың жалпы саны6 оның ішінде



1.1

жеке тұлғалар бойынша



1.2

заңды тұлғалар бойынша



      2-кесте. Ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп

Ақпарат берушінің атауы

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін)

Есепті кезеңдегі қарыздар беру, қызметтер көрсету жөніндегі шарттардың саны

Есепті кезеңдегі шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде


жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша


жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Екінші деңгейдегі банктер










1.1











1.n











2

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар










2.1











2.n











3

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар










3.1











3.n











4

Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар










4.1











4.n











5

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы










6

Коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері










6.1











6.n











7

Коллекторлық агенттіктер










7.1











7.n











8

Ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар










8.1











8.n












Барлығы










      кестенің жалғасы

Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап қарыздар беру, қызметтер көрсету жөніндегі шарттардың саны


Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны

Ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

12

13

14

15

16

17

18

19

20
















































































































































































































      Атауы _______________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ______________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________

      ____________________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Күні 20__ жылғы "______" ______________

  Кредиттік тарих
дерекқорындағы кредиттік
тарихтың саны туралы және
ақпарат берушілер бойынша
қарыздар беру, қызметтер
көрсету және шартты
міндеттемелер жөніндегі
шарттардың саны туралы
есептің нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп (индексі: Pril_2, кезеңділігі тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Кредиттік бюро Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      4. Нысанға орындаушы және басшы немесе ол есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-кестенің 3-бағанында есепті кезеңде кредиттік тарих дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.

      6. 1-кестенің 4-бағанында үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік тарих дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.

      7. 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында тиісінше есепті тоқсан ішінде кредиттік бюроның дерекқорына түскен қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      8. 2-кестенің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарында үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік бюроның дерекқорына түскен қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      9. 2-кестенің 20-бағанында ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні көрсетіледі.

      10. 2-кестенің 3-жолында "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      11. 2-кестенің 4-жолында жүйелендiрiлген белгiлерi "Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 25 қаулысында тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 225 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: Pril_3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын.

      Нысан

      Кесте. Қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп

Клиенттің атауы

Негізі

Қызметтің атауы

Қызметтің құны, мың теңгемен

Қызмет көрсету күні

1

2

3

4

5

6

1.

1-қызмет түрі





1.1






1.n






2.

2-қызмет түрі





2.1






2.2






2.n






n.

n қызмет түрі





n.1






n. n







Барлығы





      Атауы _______________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ______________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)    қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол функциясы жүктелген адам

      _____________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)      қолы

      Күні  20__ жылғы "______" __________________                                    

  Есепті тоқсан ішінде қызметтің
қосымша түрлерін жүзеге
асыру нәтижелері туралы
есептің нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп (индексі: Pril_3, кезеңділігі: тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Кредиттік бюро Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      4. Нысанға орындаушы мен басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 2-бағанның 1, 2 және n-жолдарында "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағында көзделген шеңберінде есепті тоқсан ішінде қызметтер көрсетілген қосымша қызмет түрлерінің атаулары көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 225 қаулысына
4-қосымша

Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Есептілік "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйені пайдалану арқылы электрондық форматта ұсынылады.

      3. Кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.

      4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.

      5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады