Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 19712 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып өлшенген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті электрондық форматта есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей ұсынады.

      3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2019 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 219 қаулысына
1-қосымша

Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілік:

      1) Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті;

      2) кредиттік тәуекелді ескере отырып өлшенген активтердің талдамасы туралы есепті қамтиды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 219 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1- PN

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық пошта операторы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей

      Кесте. Пруденциялық нормативтерді орындау туралы есеп

Атауы

Сомасы
(мәні)

1

2

3

1

Меншікті капитал


2

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтер


3

Өтімділігі жоғары активтер


4

Талап етуге дейінгі міндеттемелер


5

Меншікті қаражаттың жеткіліктілігі коэффициенті (К) (1-жол/2-жол) кемінде 0,12


6

Өтімділік коэффициенті (Кө) (3-жол/4-жол) кемінде 0,30


7

Ұлттық пошта операторының есепті кезең ішінде кредиторлар мен депозиторлардың алдында мерзімі өткен міндеттемелерінің болуы (иә/жоқ)


      Атауы ______________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ______________________________________ _______

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ______________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысына 2-қосымшаға қосымшаға сәйкес "Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 219 қаулысына
2-қосымшаға
қосымша

      Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп (индексі: 1- PN, кезеңділігі - ай сайын)

      әкімшілік деректердің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды. 

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан "Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген) сәйкес толтырылады.

      6. "Меншікті қаражаттың жеткіліктілігі коэффициенті (К)" 5-жолында үтірден кейін екі таңбалы мәні көрсетіледі.

      7. "Өтімділік коэффициенті (Өк)" 6-жолында үтірден кейін екі таңбалы мәні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 219 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып өлшенген активтердің талдамасы туралы есеп

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2 - RA

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық пошта операторы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей

      Кесте. Кредиттік тәуекел ескеріле отырып өлшенген активтердің талдамасы

  (мың теңгемен)

Баптардың атауы

Сомасы

Тәуекел дәрежесі пайызбен

Есептелетін сомасы

1

2

3

4

5

I топ

1.

Қолма-қол ақша


0


2.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы


0


3.

Аффинирленген бағалы металдар


0


4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзге де талаптар


0


5.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар


0


6.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар


0


7.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


0


8.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


0


9.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстанның Даму Банкі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар


0


10.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (бір жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар


0


11.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


0


12.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


0


13.

Ашылған корреспонденттiк шоттар бойынша Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге талаптар


0


14.

Ашылған ағымдағы шоттар бойынша Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге талаптар


0


15.

Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар


0


16.

І тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


0


II топ

17.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы


20


18.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар


20


19.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


20


20.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар


20


21.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


20


22.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


20


23.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар


20


24.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар


20


25.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар


20


26.

ІІ тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


20


III топ

27.

Аффинирленбеген бағалы металдар


50


28.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар


50


29.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


50


30.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "A+"-дан "A"-ке дейінгі борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар


50


31.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


50


32.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


50


33.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар


50


34.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар


50


35.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңының "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) Қазақстанның Даму Банкінің кепілдігі бар және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар:
1) эмитенттің бағалы қағаздарының бір шығарылымына инвестициялардың көлемі меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздар шығару валютасы – теңге.


50


36.

Ашылған корреспонденттiк шоттар бойынша Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне немесе Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ-"-дан "ВВ+"-ға дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қойылатын талаптар


50


37.

Ашылған ағымдағы шоттар бойынша Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне немесе Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ-"-дан "ВВ+"-ға дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қойылатын талаптар


50


38.

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар


50


39.

ІІІ тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


50


IV топ

40.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар


100


41.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100


42.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "A-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдардағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдардағы және Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ұйымдардағы салымдар


100


43.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


100


44.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


100


45.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100


46.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдар және Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ұйымдар шығарған бағалы қағаздар


100


47.

Ашылған корреспонденттiк шоттар бойынша Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне немесе Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ+" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қойылатын талаптар


100


48.

Ашылған ағымдағы шоттар бойынша Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне немесе Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ+" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қойылатын талаптар


100


49.

IV тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


100


50.

Төлемдер бойынша есептер


100


51.

Негізгі құрал-жабдықтар


100


52.

Материалдық қорлар


100


53.

Сыйақы және шығыстар сомасын алды ала төлеу


100


54.

Өзге де активтер


100


V топ

55.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар


150


56.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


150


57.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар


150


58.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар


150


59.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар


150


60.

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


150


61.

Standard & Poor’s халықаралық агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


150


62.

V тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы


150


63

Тәуекелді активтер жиынтығы:


Х


      Атауы ______________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы _____________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысына 3-қосымшаға қосымшаға сәйкес "Кредиттік тәуекел ескеріле отырып өлшенген активтердің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
3-қосымшаға
қосымша

      Кредиттік тәуекел ескеріле отырып өлшенген активтердің талдамасы туралы есеп (индексі – 2 - RA, кезеңділігі – ай сайын)

      әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Кредиттік тәуекел ескеріле отырып өлшенген активтердің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-бағанда кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша өлшенуге жататын активтер сомасы көрсетіледі.

      6. 4-бағанда активтердің әрбір тобы үшін пайызбен тәуекел дәрежесі көрсетіледі.

      7. 5-бағанда 3-бағанда көрсетілген, пайызбен тәуекел дәрежесіне көбейтілген активтер сомасы көрсетіледі (4-баған).

      8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 219 қаулысына
4-қосымша

Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қаулы 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе арқылы электрондық форматта ұсынылады.

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам, сондай-ақ жеке тұлға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілік электрондық форматта сақталады.

      Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады