"Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 желтоқсанда № 19716 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12107 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұсынылған есептердің мониторингі нәтижесі бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат ұсынады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Биоотын өндірісі бойынша есептерді ұсыну қағидалары";

      6- және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттар почта арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне қолма-қол енгізіледі.

      7. Биоотын өндірісі бойынша есептер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Респубикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады