ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 30.11.2020 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)."Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" 2005 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына, 10-бабының 9-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешімінің 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 30 қарашаға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
2019 жылғы "_____"_______
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "_____"_______
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 135 бұйрығымен бекітілген |
Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында бөлу ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квотаны бөлу тәртібін анықтау мақсатында "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" 2005 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына, 10-бабының 9-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №137 шешімінің 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы квота көлемі – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №137 шешімімен белгіленген Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілген заттай түрдегі тауар саны;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен жіктелетін табақтар мен орамдардағы көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай прокат (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 7208 10 000 0, 7208 25 000 0, 7208 26 000 0, 7208 27 000 0, 7208 36 000 0, 7208 37 000 0, 7208 38 000 0, 7208 39 000 0, 7208 40 000 0, 7208 51 200 1, 7208 51 200 9, 7208 51 910 0, 7208 51 980 0, 7208 52 100 0, 7208 52 910 0, 7208 52 990 0, 7208 53 100 0, 7208 53 900 0, 7208 54 000 0, 7208 90 200 0, 7208 90 800 0, 7211 13 000 0, 7211 14 000 0, 7211 19 000 0, 7225 30 100 0, 7225 30 300 0, 7225 30 900 0, 7225 40 120 1, 7225 40 120 9, 7225 40 150 1, 7225 40 150 9, 7225 40 400 0, 7225 40 600 0, 7225 40 900 0, 7226 91 200 0, 7226 91 910 0 және 7226 91 990 0;
4) уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында бөлу тәртібі
3. Тауарды әкелуге арналған арнайы квота көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында екі кезеңде бөлінеді.
Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес көлемде бірінші кезең - 2019 жылғы 1-31 желтоқсан, екінші кезең - 2020 жылғы 1 қаңтардан 30 қараша.
4. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар тауарды әкелуге арналған арнайы квотаны алу үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мерзімде тауарлар импортына лицензия алуға өтініш береді.
5. Уәкілетті орган:
1) 2019 жылғы 25 қарашаға дейін trade.gov.kz Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурс) тауарды әкелуге арналған арнайы квотаның көлемі және оның қолданылу мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
2) ай сайын, 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап айдың әрбір соңғы жұмыс күні арнайы квотаның қолданылу кезеңі ішінде интернет-ресурста тауар импортына лицензия берілген, тауарды әкелуге арналған арнайы квотаның көлемі және бөлінбей қалған тауардың көлемі туралы мәліметтерді арнайы квотаның көлемі таусылғанға дейін жариялайды.
6. Сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін тауарлар импортына лицензиялар тауарды әкелуге арналған арнайы квота көлемі таусылғанға дейін тиісті кезеңге көзделген, тауарды әкелуге арналған арнайы квота көлемінен 15 пайыздан аспайтын көлемде беріледі.
7. Тауарды әкелуге арналған арнайы квотаны бірінші кезеңде бөлу нәтижелері бойынша бөлінбей қалған көлемі екінші кезеңде бөлінуге жатады.
8. Лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган беретін лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында бөлу қағидаларына қосымша |
Тауарды әкелуге арналған арнайы квотаның көлемі
Тауардың атауы | Арнайы квотаның көлемі (тонна) | |
бірінші кезең (20 %) | екінші кезең (80 %) | |
7208 10 000 0,7208 25 000 0, 7208 26 000 0, 7208 27 000 0,7208 36 000 0, 7208 37 000 0, 7208 38 000 0,7208 39 000 0, 7208 40 000 0, 7208 51 200 1,7208 51 980 0, 7208 52 100 0, 7208 52 910 0,7208 52 990 0, 7208 53 100 0, 7208 53 900 0,7208 54 000 0, 7208 90 200 0, 7208 90 800 0,7211 13 000 0, 7211 14 000 0, 7211 19 000 0,7225 30 100 0, 7225 30 300 0, 7225 30 900 0,7225 40 120 1, 7225 40 120 9, 7225 40 150 1,7225 40 150 9, 7225 40 600 0, 7225 40 900 0, 7226 91 200 0, 7226 91 910 0 және 7226 91 990 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтармен жіктелетін ыстықтай илектелген прокат | 1 183 | 4 730 |
7208 51 200 9, 7208 51 910 0 және 7225 40 400 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтармен жіктелетін ыстықтай илектелген прокат | 1 223 | 4 893 |