Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 235 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19773 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін іріктеудің мына өлшемшарттары бекітілсін:

      1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымы және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де резидент-заңды тұлғасы болып табылады;

      2) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күніндегі міндеттемелері оның активтерінен аспайды;

      3) өтініш берушіде аяқталған 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зияндары жоқ;

      4) жеке тұлға-құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға-құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмаған;

      5) өтініш берушіде ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күні құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шаралары мен санкциялары жоқ;

      6) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыруға жоспарлап отырған қызметі төменде аталған талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:

      қаржылық қызметтер нарығында бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді;

      қаржы нарығын дамытуға ықпал етеді және тұтынушылардың мүдделеріне сәйкес келеді;

      географиялық және қаржылық қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді;

      қаржы нарығында жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуді көздейді;

      қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы нарығына қатысушылар үшін шығасылар мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған;

      7) өтініш беруші ерекше реттеу режиміне қатысу үшін ұсынған бизнес-жоспар ерекше реттеу режимінің мақсаттарына сәйкес келеді.

      Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларының талаптары өз қызметін бағалы қағаздар нарығында ерекше реттеу режимі шеңберінде жоспарлайтын өтініш берушіге қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары бекітілсін.

      3. "Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 225 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17614 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 235 қаулысымен
бекітілді

Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – шарт) қаржы ұйымдарымен және (немесе) қаржы саласында қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалармен (бұдан әрі – өтініш беруші) жасасу үшін құжаттарды қарау тәртібін айқындайды.

      2. Үәкілетті органның шартты жасасу үшін құжаттарды өтініш берушінің осы қаулының 1-тармағында айқындалған іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуін ескере отырып қарайды.

2-тарау. Шартты жасасу үшін құжаттарды қарау тәртібі

      3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру және шарт жасасу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады:

      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      2) заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлері, атқарушы органының бірінші басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;

      3) мыналарды қамтитын бизнес-жоспарды:

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қажеттілігінің негіздемесін;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған қызметтің сипатын;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтің нысаналы тұтынушыларының (бар болса) сипатын және өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметіне мүдделі тұтынушылардың болуы туралы мәліметтерді;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру аумағын көрсетуді;

      қызметтің әлеуетті артықшылықтарының, сондай-ақ тұтынушылар үшін әлеуетті тәуекелдердің сипатын;

      тәуекелдерді басқару жоспарын (ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің сипатын және осындай қызметті жүзеге асыру кезеңінде тәуекелдерді басқару тәсілдерін);

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметтің жоспарланып отырған ауқымын: тұтынушылардың санын, операциялардың сипатын және көлемін;

      4) өтініш беруші ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған мерзімін;

      5) қызметтің ерекше реттеу режимі шеңберіндегі даму сатыларын, ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш беруші қызметінің тиімділігін бағалаудың күтілетін нәтижелерін, өлшемшарттары мен көрсеткіштерін;

      6) шарттың қолданысы жоспарлы немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тұтынушылармен қызметті және шарттық қатынастарды орындауды тоқтату тәртібін сипаттай отырып, іс-шаралар жоспарын;

      7) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы", "Микроқаржылық қызмет туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және уәкілетті органның аталған заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш берушіге қолданылу шектерін.

      Егер Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымы өтініш беруші болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Уәкілетті орган өтінішті оны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы ескертулерін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, хат жібереді.

      Өтініш беруші ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынады.

      6. Уәкілетті орган өтініш берушіге Заңның 13-4-бабының 4-тармағында айқындалған негіздер бойынша шартты жасасудан бас тартады.

      Өтініш берушіге көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметке қатысты шарт жасасудан бас тартуды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша жүзеге асырады.

      Шартты жасасудан бас тартылған жағдайда өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      7. Шарт жасаудан бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге шарт жасаудан бас тарту туралы алдын ала шешім жайлы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама шарт жасаудан бас тарту туралы шешімнің қабылдануынан кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау өтініш беруші шарт жасаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдаудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган шарт жасаудан бас тарту туралы немесе шарт жасау туралы шешім қабылдайды.

      Өтініш бойынша шешім өтініш берушіге шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ерекше реттеу режимі
шеңберінде қызметті жүзеге
асыру туралы шарт жасасу үшін
құжаттарды қарау қағидаларына
қосымша
  Нысан

Ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш

      1. Өтініш берушінің атауы ________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің орналасқан жері және нақты мекенжайы __________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйінің, офисінің нөмірі, телефон нөмірі)

      3. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (нөмірі, күні, кім берді)

      4. Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      5. Қызмет түрі __________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлері көрсетілсін)

      6. Өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін растайды.

      Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Өтініш берушінің атқарушы органы бірінші басшысының не өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттармен қоса).

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша парақтар саны көрсетілсін):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      20__ жылғы "___"____________                   ____________________

                                                            (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады