Денсаулық сақтау саласындағы Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың және қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 106-1096 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 тамызда № 1243 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 156-бабының 2-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денсаулық сақтау саласындағы Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың және қызметтердің) бағалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 8 тамыздағы
№ 106-1096 қаулысына
қосымша

Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың және қызметтердің) бағалары

Р/с №

Қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы (теңге)

1

2

3

4

Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау (скрининг) *

1.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға ИФТ әдісі мен қандағы АИТВ антиденені және вирустық антингенді зерттеу

1 зерттеу

2000


В, С вирустық гепатиттерін зертханалық диагностикалау (скрининг)

2.

В гепатитінің беткі антигеніне (НВsAg) ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1100

3.

С гепатитінің антиденесіне (anti-HCV) ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1400


В вирустық гепатитті кеңейтілген диагностикалау

4.

B вирустық гепатиттің (a-HВcor IgМ) өзекті антигеніне М класының антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1360

5.

В вирустық гепатиттің өзекті антигеніне жиынтық антиденесіне (а-НВсог total) ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1360

6.

В вирустық гепатиттің Hbe-антигеніне (HBeAg) ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1360

7.

В вирустық гепатиттің (a-Hbe lgG) НВе антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1450

8.

В вирустық гепатиттің НВsAg (a-HBs) антиденеге ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1570

9.

D вирустық гепатитінің (a-HDV total) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу

1 зерттеу

1460


Мерездің зертханалық диагностикасы

10.

ИФТ әдісімен мерезге жиынтық антиденелерді анықтау

1 зерттеу

1060


АИТВ-ны емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері**

11.

Нақты уақыт тәртібіндегі (вирустық жүктеме) ПТР әдісімен плазмадағы АИТВ1 вирустық көшірмелерді сандық анықтау (вирустық жүктеме)

1 зерттеу

50200

12.

Ағынды цитометрия әдісімен плазмадағы Т-лимфоциттерді (СД4 жасушаларын) есептеу

1 зерттеу

9760

13.

Ағынды цитометрия әдісімен Т-лимфоциттердің (%СD4) абсолюттік және пайыздық құрамын анықтау

1 зерттеу

8600

14.

Резидент еместерге психо-әлеуметтік кеңес беру (10 мин)

1 қызмет

510

Медициналық манипуляциялар

15.

Қан алу

1 қызмет

540

* Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – тегін

** АИТВ инфекциясы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын, азаматтығы жоқ адамдар үшін – ақылы негізде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады