Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 6С-51-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 7132 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 6С-63-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 11.03.2020 № 6С-63-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 29 тамыздағы № 6С-22-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 тіркелген, 2017 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Ғ.Мұқанова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының әкімдігі

  Астрахан аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 6С-51-4 шешімімен
бекітілген

Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2-тарау. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады. Астрахан ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Астрахан аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Астрахан аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 6С-51-4 шешімімен
бекітілген

Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын
үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

Р/с

Астрахан ауданыныңелді мекенінің атауы

Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Астрахан ауылдық округі

1

Астрахан ауылы

32

2

Тобылжан ауылы

10

3

Жаңабірлік ауылы

3

Жалтыр ауылдық округі

4

Жалтыр ауылы

30

5

Ақбейіт ауылы

3

Есіл ауылдық округі

6

Зеленое ауылы

13

7

Шілікті ауылы

3

Первомай ауылдық округі

8

Первомай ауылы

8

9

Лозовое ауылы

4

10

Камышенка ауылы

4

Острогорск ауылдық округі

11

Новый Колутон ауылы

15

12

Қаракөл ауылы

3

Старый Колутон ауылдық округі

13

Старый Колутон ауылы

10

14

Ковыленка ауылы

3

15

Қоскөл ауылы

2

16

Еңбек ауылы

2

Колутон ауылдық округі

17

Колутон станциясы

8

18

Бірлік ауылы

2

Қызылжар ауылдық округі

19

Жаңа -Тұрмыс ауылы

6

20

Акимовка ауылы

3

21

Оксановка ауылы

3

Ұзынкөл ауылдық округі

22

Ұзынкөл ауылы

8

23

Алғабас ауылы

2

24

Бұлақты ауылы

2

Бесбидайық ауылдық округі

25

Степное ауылы

3

Каменка ауылы

26

Каменка ауылы

10

Жарсуат ауылдық округі

27

Жарсуат ауылы

3

28

Ягодное ауылы

2

Николаев ауылдық округі

29

Петровка ауылы

11

30

Жамбыл ауылы

3

31

Өрнек ауылы

3

Новочеркасск ауылдық округі

32

Новочеркасск ауылы

15

33

Өндіріс ауылы

3

34

Приишимка ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады