РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Капитоновка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданы Капитоновка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Ленин көшесі Достық көшесіне;
2) Советская көшесі Бейбітшілік көшесіне;
3) Клубная көшесі Балуан шолақ көшесіне;
4) Новоселов көшесі Сарыарқа көшесіне;
5) Новая көшесі Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Капитоновка ауылдық округінің әкімі |
Б.Рахимжанова |