Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 "Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 46 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 шілдеде № 8381 болып тіркелді

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Облыстық мәслихаттың "Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған адамдардың санаттары;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасының
міндетін атқарушы
Н. Махамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады