"Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 150 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 6278 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 10.03.2021 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 "Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4192 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағында:

      "1, 2, 3, 4 қосымшалары" сөздері "1, 2, 3, 4, 5 қосымшалары" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының 5 қосымшасында:

      "1, 2, 3, 4 қосымшалары" сөздері "5 қосымша" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрде эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Жаңабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Боранбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады