Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 16.03.2021 № 73 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Ырғыз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 149 "Ырғыз ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5703 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған ) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Шахинге жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Елеусізов |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуір № 66 қаулысына қосымша | |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қараша № 149 қаулысымен бекітілген |
Ырғыз ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы және әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ана төлемақысының бір күнгі мөлшері (теңге) |
1 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 27817 | 400 |
2 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Аққайың" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 125 | 26381 | 400 |
3 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 31905 | 400 |
4 | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай -бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 34950 | 400 |
5 | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құмтоғай" бөбекжай -бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 34598 | 400 |
6 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 30657 | 400 |
7 | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 36494 | 400 |
8 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 31267 | 400 |
9 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шаттық" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 33225 | 400 |
10 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 33038 | 400 |
11 | "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Алақай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 34567 | 400 |
12 | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 43547 | 400 |
13 | "Дастан 2016" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 29000 | 400 |