Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауданының әкімі | А. Ауелбаев |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 73 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізімі
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 149 "Ырғыз ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5703 тіркелген, 2017 жылғы 6 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 66 "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 149 "Ырғыз ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6114 тіркелген, 2019 жылғы 7 мамырда аудандық "Халық ақпарат" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 38 "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 149 "Ырғыз ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6853 тіркелген 2020 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.