Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 90 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 6122 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 20.10.2022 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 20.10.2022 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 20.10.2022 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Қарғалы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы Е. Есімбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 90 қаулысына 1- қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 20.10.2022 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Бадамша ауылы

"Радуга" дүкені ғимаратының оң жағында

"София" дүкені ғимаратының сол жағында

2

Ащылысай ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

3

Ақкөл ауылы

Достык көшесі 9, тұрғын үйге қарама – қарсы

4

Бозтөбе ауылы

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бозтөбе негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

5

Әлімбет ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

6

Велихов ауылы

"Велиховка" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

7

Ақжайық ауылы

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

8

Петропавл ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

9

Шәмші Қалдаяқов ауылы

"Пацаев" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

10

Қос Естек ауылы

"Мечта" шаштаразы ғимаратының оң жағында

11

Степной ауылы

"Арзан" дүкені ғимаратының сол жағында.

12

Қайрақты ауылы

"Нұртас" дүкені ғимаратының оң жағында

13

Жосалы ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 90 қаулысына 2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 20.10.2022 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады