Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 90 "Барлық кандитаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30276 болып тіркелді

      Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы әкімдігінің "Барлық кандитаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1 - тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі А. Джусибалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қарғалы аудандық аумақтық
сайлау комисиясы

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 192 қаулысына қосымша
  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 90 қаулысына 1- қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Бадамша ауылы

"Радуга" дүкені ғимаратының оң жағында

"София" дүкені ғимаратының сол жағында

2

Ащылысай ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

3

Ақкөл ауылы

Достык көшесі 9, тұрғын үйге қарама – қарсы

4

Бозтөбе ауылы

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бозтөбе негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

5

Әлімбет ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

6

Велихов ауылы

"Велиховка" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

7

Ақжайық ауылы

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

8

Петропавл ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында

9

Шәмші Қалдаяқов ауылы

"Пацаев" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

10

Қос Естек ауылы

"Мечта" шаштаразы ғимаратының оң жағында

11

Степной ауылы

"Арзан" дүкені ғимаратының сол жағында.

12

Қайрақты ауылы

"Нұртас" дүкені ғимаратының оң жағында

13

Жосалы ауылы

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клуб ғимаратының сол жағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады