Хромтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 357 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 6403 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 151 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген бұйрығына және Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4275 тіркелген қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Хромтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ж. Нуримов
      Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мулдашев

  Хромтау аудандық мәслихатының
  2019 жылғы "30 қыркүйектегі" № 357 шешіміне
  1 қосымша

Хромтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Норма, кубический метр на 1 расчетную единицу в год

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

0,90

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,95

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,26

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,7

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,48

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,30

6

Емханалар

1 келіп кету

0,001

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

 
0,93

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,17

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,78

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,33

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,26

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,52

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,56

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,22

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,08

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,07

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,09

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,15

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,07

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,30

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,83

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,22

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,03

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

 
0,93

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,33

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

1,30

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,20

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,13

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

2,10

  Хромтау аудандық мәслихатының
  2019 жылғы "30" қыркүйектегі № 357
  шешіміне 2 қосымша

Хромтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Тариф (ҚҚС қоспағанда) (теңге)

Жинау, әкету

Көму

Кәдеге жарату, қайта өңдеу

Барлығы

Жеке тұлғалар (1м³)

2175,71

605,66

0

2781,36

Заңды тұлғаларға (1м³)

2176

752

0

2928

Жеке тұлғаларға (1 тонна)

0

3028

0

3028

Заңды тұлғаларға (1 тонна)

0

3759

0

3759

Жайлы емес үйлер(1 тұрғынға)

220

0

0

220

Жайлы үйлер(1 тұрғынға)

209

0

0

209

      Ескерту: ҚҚС – қосымша құн салығы;

      м³ – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады