Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 52-296 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 20 желтоқсанда № 5356 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 61-358 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 22.09.2020 № 61-358 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәденет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2015 жылғы 13 мамырдағы № 43-251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3218 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы К. Кыстаубаева
      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады