Райымбек ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастару үшін орындарды белгілеу кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 мамырдағы № 91 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 22 мамырда № 5138 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Райымбек аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

      3. Райымбек ауданы әкімдігінің "Райымбек ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастару үшін орындарды белгілеу кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3121 тіркелген, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Кенебаева Гуля Смагуловнаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Умаров

  Райымбек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "18" мамырдағы "Райымбек ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 91 қаулысына 1-қосымша

Райымбек ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Нарынқол ауылдық округі бойынша:

      1) Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 22, аудандық әкімшілік ғимаратының алдындағы стенд;

      2) Нарынқол ауылы, Албан Асан көшесі № 1, аудандық аурухана ғимаратының алдындағы стенд;

      3) Нарынқол ауылы, Өмірзақов көшесімен Ұзақ көшесінің қиылысындағы стенд;

      4) Қостөбе ауылы, Б. Соқпақбаев көшесінің бойындағы стенд.

      2. Жамбыл ауылдық округі бойынша:

      1) Жамбыл ауылы, С. Әшімбаев көшесі № 64, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алдындағы стенд;

      2) Қаратоған ауылы, Н. Өмірзақов көшесі № 44, фельдшерлік пункт ғимаратының алдындағы стенд;

      3. Қайнар ауылдық округі бойынша:

      1) Қайнар ауылы, Омар көшесі № 22, Қайнар орта мектебінің артындағы стенд.

      4. Қақпақ ауылдық округі бойынша:

      1) Қақпақ ауылы, Монай-Мұқан көшесі № 20, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдындағы стенд;

      2) Көкбел ауылы, Жамбыл көшесі № 16, "Самал" дүкенінің алдындағы стенд.

      5. Қарасаз ауылдық округі бойынша:

      1) Қарасаз ауылы, Мақатаев көшесімен Алтынсарин көшесінің қиылысындағы стенд;

      2) Тұзкөл ауылы, Сатылған көшесінің бойындағы стенд.

      6. Сарыжаз ауылдық округі бойынша:

      1) Сарыжаз ауылы, Әбдіразақ көшесі № 12, Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд;

      2) Көмірші ауылы, Ахмет Уали көшесі № 5, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алдындағы стенд;

      3) Ақбейіт ауылы, М. Әлімұлы № 6, "Әлішер" дүкені ғимаратының алдындағы стенд.

      7. Сүмбе ауылдық округі бойынша:

      1) Сүмбе ауылы, Далабаев көшесімен Абай көшесінің қиылысындағы стенд;

      2) Қызылшекара ауылы, Бекдайыр көшесінің бойындағы стенд;

      8. Тегістік ауылдық округі бойынша:

      1) Тегістік ауылы, Биеке көшесі № 16, Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд.

      9. Текес ауылдық округі бойынша:

      1) Текес ауылы, Дембаев көшесімен Шахаманов көшесінің қиылысындағы стенд;

      2) Жаңа Текес ауылы, М. Әуезов көшесінің бойындағы стенд;

      10. Ұзақ батыр ауылдық округі бойынша:

      1) Сарыбастау ауылы Х. Әбдісүлеймен көшесі № 13, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдындағы стенд.

      11. Шәлкөде ауылдық округі бойынша:

      1) Шәлкөде ауылы, Н. Исабаев көшесі № 34, Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд;

      2) Талас ауылы, К. Шәкірт көшесінің бойындағы стенд.

  Райымбек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "18" мамырдағы "Райымбек ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 91 қаулысына 2-қосымша

Райымбек ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

      1. Нарынқол ауылдық округі бойынша:

      1) Нарынқол ауылы, Төле би көшесі № 44, Т. Жанұзақов атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Нарынқол ауылы, Ұзақ көшесі № 69, Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің акт залы;

      3) Нарынқол ауылы, Абай көшесі № 100, О. Жандосов атындағы орта мектептің акт залы;

      4) Қостөбе ауылы, Б. Соқпақбаев көшесі № 1, Қостөбе бастауыш мектептің акт залы.

      2. Жамбыл ауылдық округі бойынша:

      1) Жамбыл ауылы, Сыбанқұлов көшесі № 1, С. Әшімбаев атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Қаратоған ауылы, Н. Өмірзақов көшесі № 44, Н. Өмірзақов атындағы орта мектептің акт залы.

      3. Қайнар ауылдық округі бойынша:

      1) Қайнар ауылы, Омар көшесі, № 12, Мәдениет үйінің акт залы.

      4. Қақпақ ауылдық округі бойынша:

      1) Қақпақ ауылы, Жәмеңке көшесі № 17, Жәмеңке атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Көкбел ауылы, Жамбыл көшесі № 37, Көксай орта мектебінің акт залы.

      5. Қарасаз ауылдық округі бойынша:

      1) Қарасаз ауылы, Ә. Дөненбаев көшесі № 38, А.А. Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясының акт залы;

      2) Тұзкөл ауылы, Сатылған көшесі № 10, Т. Мұсақұлов атындағы орта мектептің акт залы.

      6. Сарыжаз ауылдық округі бойынша:

      1) Сарыжаз ауылы, Қайым көшесі № 11/А, Сарыжаз орта мектебінің акт залы;

      2) Көмірші ауылы, Ахмет Уали көшесі № 1, Көмірші орта мектебінің акт залы;

      3) Ақбейіт ауылы, Әлімұлы Мұқан көшесі № 1 Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің акт залы.

      7. Сүмбе ауылдық округі бойынша:

      1) Сүмбе ауылы, Далабаев көшесі № 54, Абай атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Қызылшекара ауылы, Бекдайыр көшесі № 21, Қ. Байшығанұлы атындағы орта мектептің акт залы.

      8. Тегістік ауылдық округі бойынша:

      1) Тегістік ауылы, Биеке көшесі № 16, М. Мақатаев атындағы орта мектептің акт залы.

      9. Текес ауылдық округі бойынша:

      1) Текес ауылы, Дембаев көшесі № 18, Мәдениет үйінің акт залы;

      2) Жаңа Текес ауылы, М. Әуезов көшесі № 25, Жаңа Текес орта мектебінің акт залы.

      10. Ұзақ батыр ауылдық округі бойынша:

      1) Сарыбастау ауылы, Нұрасыл көшесі № 20, Мәдениет үйінің акт залы.

      11. Шәлкөде ауылдық округі бойынша:

      1) Шәлкөде ауылы, Жамбаев көшесі № 34, Мәдениет үйінің акті залы;

      2) Талас ауылы, Қ. Шәкірт көшесі № 3, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің акт залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады