"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 34-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 4215 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-5 шешімінің (Жамбыл облысының Әділет департаментінде № 2007 болып тіркелген, Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінде № 118 (17806) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Б. Саудабаев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады