"Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-14 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қазанда № 4344 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 587 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3909 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 26 шілдеде жарияланған) № 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрайымы Г. Тлеубердиева
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

      Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы "26" қыркүйектегі "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 38-14 шешіміне келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      мемлекеттік кірістер комитетінің

      Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік

      кірістер департаментінің басшысы

      ________________ Е. Зикеев

      "___" ____________2019 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және

      табиғат пайдалану министрлігі Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық

      орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық

      инспекциясы" республикалық мемлекеттік

      мекеме басшысының м.а.

      _______________ Б. Асамбеков

      "___" ____________2019 жыл.

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2019 жылғы "26" қыркүйектегі
№ 38-14 шешіміне қосымша

Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға негізделген жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары

Пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары (теңге)

1

Ара ұялары мен омарталар орналастыру

1 ұя

127

2

Мемлекеттік орман қоры аумағында шөп шабу:



сапалық жай-күйі жақсы

1 гектар

207

сапалық жай-күйі қанағаттанарлық (орташа)

1 гектар

155

сапалық жай-күйі қанағаттанғысыз (төмен)

1 гектар

121

3

Аң шаруашылығы (өсіру)

1 гектар

239

4

Мемлекеттік орман қоры аумағында мал жаю:

Жануарлар топтары

Ірі қара

Ұсақ мал

Түйе

Ірі қара малға

Жылқы

Ірі қара төлі

Есек

Ешкі

Қой

Шөл және шөлейтті аймақта мал жайғаны үшін бір басқа төлемақы ставкасы (теңге)

847

678

678

339

339

593

169

Далалы аймақта мал жайғаны үшін бір басқа төлемақы ставкасы (теңге)

363

290

290

145

145

254

73

Таулы аймақта мал жайғаны үшін бір басқа төлемақы ставкасы (теңге)

182

146

146

73

73

127

36


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады