"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 62 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3680 болып тіркелген).
2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 221 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3982 болып тіркелген).
3. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4345 болып тіркелген).
4. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген).
5. "Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" № 252 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 213 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29728 болып тіркелген).