"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы нормативтік құқықтық актінің қосымшасына сәйкес экспликация бойынша мемлекеттік босалқы жердің есебінен 3311,4741 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Талас ауданының Көктал ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының сессия төрағасы | Ж. Айтишев |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |
Жамбыл облысы Талас ауданы Көктал ауылдық округінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
Жер пайдаланушылардың атаулары | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде | ||||||||
Барлығы ауыл шаруашылығы алқаптары, гектар | оның ішінде | |||||||||
егістік, гектар | көп жылдық екпелер, гектар | жайылым, гектар | жолдар және көшелер астындағы жерлер, гектар | су асты жерлері, гектар | құрылыс астындағы жерлер, гектар | басқа жерлер, гектар | ||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Көктал ауылдық округінің аумағы | 88,0 | 20,0 | 8,0 | 12,0 | 6,0 | 16,0 | 32,0 | 14,0 | ||
оның ішінде: | 88,0 | 20,0 | 8,0 | 12,0 | 6,0 | 16,0 | 32,0 | 14,0 | ||
Көктал елді мекеніне мемлекеттік босалқы жердің есебінен қосылған жер көлемі | 11,1180 | 11,1180 | ||||||||
Көктал ауылдық округіне мемлекеттік босалқы жердің есебінен қосылған жер көлемі | 3311,4741 | 3311,4741 | ||||||||
Көктал ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі | 3399,4741 | 20,0 | 8,0 | 12,0 | 3311,4741 | 6,0 | 16,0 | 32,0 | 14,0 | |
оның ішінде: | 99,118 | 20,0 | 8,0 | 12,0 | 11,1180 | 6,0 | 16,0 | 32,0 | 14,0 |