Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 32 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 наурызда № 4133 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қрықбаев

  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 25 ақпандағы
№32 қаулысына қосымша

2019 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

1

Күздік бидай

2019 жылғы 10 қыркүйек - 20 қараша аралығы

2

Жаздық арпа

2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығы

3

Сұлы

2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығы

4

Қант қызылшасы

2019 жылғы 01 – 20 сәуір аралығы

5

Жүгері

2019 жылғы 25 сәуір –15 мамыр аралығы

6

Мақсары

2019 жылғы 20 наурыз – 20 сәуір аралығы

7

Көп жылдық шөп

2019 жылғы 20 наурыз – 25 сәуір аралығы

      Ескертпе: Үстіміздегі жылы көктем мерзімінің қалай шығуына байланысты өсімдік дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады