"Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 67/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 07/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 9-0-6353 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері кірістері мен шығыстарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 67/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5539 болып тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады