2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2018 жылғы 25 қазандағы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы, 2018 жылғы 14 қарашадағы жерге орналастыру жобасы негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту үшін, Балқаш қаласының аумағында орналасқан, ауданы 1,9673 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін кабельді оржолсыз тарту әдісімен жүргізсін (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Капашевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Аглиулин |