Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 5374 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 04.02.2021 № 10/01 (алғаш ресми жарияланған күнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4163 тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда "Шарайна" газетінің № 12 (2253) нөмірінде және 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "__" _________ № ____
қаулысының қосымшасы
  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "7" ақпандағы № 06/28
қаулысының қосымшасы

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Реттік №

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны (адам)

1.

"Күншуақ" № 33 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

72

2

1

2.

"Балдәурен" № 29 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

74

2

1

3.

"Нұрбөбек" № 5 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

92

2

2

4.

"Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекеме

147

3

4

5.

"Сәтбаев қаласының № 1 мектеп –гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

202

3

6

6.

"Абай атындағы № 4 мектеп – лицей" коммуналдық мемлекеттік мекеме

256

4

10

7.

"№ 9 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

107

3

3

8.

"№ 19 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

166

3

5

9.

"Сәт Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

292

4

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады