Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 18.09.2024 № 64/1 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 156-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтеріне бағалар осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Темирханов |
Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _________ № ____ қаулысына қосымша |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтерінің бағалары
№ | Ақылы көрсетілетін қызметтердің тізімі | 1 оқушы үшін төленетін баға (теңге) |
1 | Аспаптар бөлімі (фортепиано, скрипка, виолончель, гитара, кларнет, труба, саксофон, флейта, баян, аккордеон, домбыра, қобыз) | 2300 |
2 | Вокал бөлімі | 2300 |
3 | Хореографиялық бөлімі | 1800 |
4 | Көркемөнер бөлімі | 1800 |
Ақтас кентіндегі филиал | ||
1 | Аспаптар бөлімі (фортепиано, скрипка, виолончель, гитара, кларнет, труба, саксофон, флейта, баян, аккордеон, домбыра, қобыз) | 2000 |
2 | Көркемөнер бөлімі | 1500 |