Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.07.2023 № 271/4 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 1637/33 "Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Керимкулов |
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |
Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1683/37 шешіміне қосымша |
|
2019 жылғы 28 тамызындағы № 1637/33 Шахтинск қалалық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
Елді мекен | Жеке тұлғалар үшін 1 м3 ҚТҚ тарифтері (теңге) | Барлығы: | ||
Жинау және әкету (ҚҚС-сыз) | Кәдеге жарату және қайта өңдеу (ҚҚС-қоса) | Көму (ҚҚС-қоса) | ||
Шахтинск қаласы бойынша | 1043,73 | 53,50 | 180,63 | 1276,86 |
Долинка, Новодолинский кенттері бойынша | 1148,32 | 53,50 | 180,63 | 1382,45 |
Шахан кенті бойынша | 1390,75 | 53,50 | 180,63 | 1624,88 |
Елді мекен | Заңды тұлғалар үшін 1 м3 ҚТҚ тарифтері (теңге) | Барлығы: | ||
Жинау және әкету (ҚҚС-сыз) | Кәдеге жарату және қайта өңдеу (ҚҚС-қоса) | Көму (ҚҚС-қоса) | ||
Шахтинск қаласы бойынша | 1043,73 | 53,50 | 295,27 | 1392,50 |
Долинка, Новодолинский кенттері бойынша | 1148,32 | 53,50 | 295,27 | 1497,09 |
Шахан кенті бойынша | 1390,75 | 53,50 | 295,27 | 1739,52 |
Ескерту:
ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
м3 - текше метр