Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 1637/33 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қыркүйекте № 5463 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 271/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.07.2023 № 271/4 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Файзулина
      Мәслихат хатшысы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2019 жылғы 28 тамыздағы
XXXIII сессиясының № 1637/33 шешіміне
қосымша

Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шахтинск қалалық мәслихатының 26.12.2019 № 1683/37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Елді мекен

Жеке тұлғалар үшін 1 м3 ҚТҚ тарифтері (теңге)

Барлығы:

Жинау және әкету (ҚҚС-сыз)

Кәдеге жарату және қайта өңдеу (ҚҚС-қоса)

Көму (ҚҚС-қоса)

Шахтинск қаласы бойынша

1043,73

53,50

180,63

1276,86

Долинка, Новодолинский кенттері бойынша

1148,32

53,50

180,63

1382,45

Шахан кенті бойынша

1390,75

53,50

180,63

1624,88

Елді мекен

Заңды тұлғалар үшін 1 м3 ҚТҚ тарифтері (теңге)

Барлығы:

Жинау және әкету (ҚҚС-сыз)

Кәдеге жарату және қайта өңдеу (ҚҚС-қоса)

Көму (ҚҚС-қоса)

Шахтинск қаласы бойынша

1043,73

53,50

295,27

1392,50

Долинка, Новодолинский кенттері бойынша

1148,32

53,50

295,27

1497,09

Шахан кенті бойынша

1390,75

53,50

295,27

1739,52

      Ескерту:

      ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3 - текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады