Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 05/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 5182 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" Заңдарына сәйкес, Бұқар жырау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таратушы газ құбырының құрылысы үшін, жеке меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан жалпы аумағы 22,5756 гектар мерзімі 5 (бес) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға осы қаулының жолдануын қамтамасыз етсін;

      2) Бұқар жырау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етілсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қолданылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданының әкімі Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады