Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы XXX сессиясының № VI-30/269 "Қарқаралы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № VI-47/398 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 5515 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17634 болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы XXX сессиясының № VI-30/269 "Қарқаралы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4862 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 20 шілдеде, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Қарқаралы" № 29 (11673) газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2019 жылғы _________________
№ _________ шешіміне
қосымша
  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ VI-30/269 шешіміне
1 қосымша

Қарқаралы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық норма, м3

1

Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,378

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,439

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,474

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,371

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,667

6

Емханалар

1 келіп кету

0,004

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,689

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,137

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,703

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,221

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,025

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,027

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,035

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

1,022

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,194

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,191

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,269

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,229

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,494

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,218

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

 -

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,247

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,307

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,751

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,203

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,281

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,092

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,280

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,388

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,002

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады