Маңғыстау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 167 "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 233 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қарашада № 4027 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 167 "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2745 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады