Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.11.2019 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М. Инкаров) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының
еңбек басқарамасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.М. Инкаров
09 маусым 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусым № 167 қаулысымен бекітілген |
|
"Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, "Неке сарайы" ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление труда Мангистауской области".
10. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. Маңғыстау облысының еңбек басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
16. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін қарау болып табылады.
17. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
10) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді.
18. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіппен:
1) жұмыс берушілерден "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар, түсініктемелер, ақпаратты сұратуға және алуға;
2) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберуге;
5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері және "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелері бойынша кеңестер және семинарлар өткізуге;
6) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;
8) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алуға;
9) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
19. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
4) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
5) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Маңғыстау облысының еңбек басқармасының қызметін ұйымдастыру
20. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
21. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар беру және көтермелеу шараларын қолданады;
5) Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес бұйрықтар шығарады, "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
6) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
7) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөнінде жұмысты бақылайды;
10) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуын және қаржының мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
11) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
12) "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жоспарын бекітеді, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
23. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Маңғыстау облысының еңбек басқармасының мүлкі
24. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
25. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
28. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
29. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. Маңғыстау облысының еңбек басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
30. "Маңғыстау облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.