Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 84 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 3887 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар берілсін.";

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшасы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Танбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі Қ. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 8 мамырдағы
  № 84 қаулысына 1 қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 1 қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Мекен-жайы, байланыс телефондары

1

Құрық ауылы

Қарақия аудандық білім бөлімінің "Құрық ауылының №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрық ауылы,
8(72937) 2-15-00

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

Мұнайшы ауылы,
8(72935) 28-3-73

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапханасының ғимараты

Жетібай ауылы, 8(72935) 26-0-23

4

Сенек ауылы

Қарақия аудандық білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сенек ауылы, 8(72937) 31-3-81

5

Бостан ауылдық округі

Қарақия аудандық білім бөлімінің "Қарақұдық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бостан ауылы, 8(72937) 61-1-07

6

Құланды ауылдық округі

"Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің акт залы

Құланды ауылы, 8(72937) 71-0-09

7

Болашақ ауылдық округі

"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің акт залы

Болашақ ауылы, 8(72959) 42-1-10

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 8 мамырдағы
  № 84 қаулысына 2 қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 2 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Құрық ауылы

Қарақия аудандық білім бөлімінің "Құрық ауылының № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапханасының ғимаратындағы ақпараттық стенд

4

Сенек ауылы

Қарақия аудандық білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

5

Бостан ауылдық округі, Бостан ауылы

Бостан ауылдық округінің саябақ алаңындағы ақпараттық стенд

6

Құланды ауылдық округі, Құланды ауылы

Құланды ауылдық округінің саябақ алаңындағы ақпараттық стенд

7

Болашақ ауылдық округі, Болашақ ауылы

"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады