Әкімдіктің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 145 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 8332 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 404 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 25.08.2021 № 404 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 қаулысына (2015 жылғы 17 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері";

      реттік нөмірі 6-жол мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

6

Емханалар

1 келіп кету

      ";

      реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

      ";

      реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

      ";

      реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

      ";

      реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады