"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген);
2) Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 145 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8332 болып тіркелген).
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Келісілді
"Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің
Экологиялық реттеу және
бақылау комитетінің
Қостанай облысы бойынша
экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі