2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына (2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
Әкімдіктің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 161 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына 1-қосымша |
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшысы (меңгерушісі).
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, тәулік бойы тұру жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар), жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы;
2) аудандық маңызы бар жартылай стационарлық үлгідегі ұйым, уақытша болу ұйымы директорының (басшысының) әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;
3) облыстық маңызы бар стационарлық үлгідегі және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) мейірбике (мейіргер);
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
7) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
8) жүзу жөніндегі нұсқаушы;
9) дәріхананың басшысы (меңгерушісі);
10) провизор (фармацевт);
11) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
12) акушер;
13) фельдшер;
14) психолог;
15) әдіскер;
16) тәрбиеші;
17) логопед;
18) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
19) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
20) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
21) музыкалық жетекші;
22) кітапханашы.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы, аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК басшысы;
3) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің басшысы;
4) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
5) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ мен МКК: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
6) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК бөлім басшысы;
7) әлеуметтік педагог;
8) ұйымдастырушы педагог;
9) қосымша білім беретін педагог;
10) жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
11) тәрбиелеуші;
12) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
13) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);
14) лагердің басшысы (меңгерушісі);
15) щеберхананың басшысы (меңгерушісі);
16) облыстық маңызы бар ММ және МКК бөлімі, зертхана басшысының (меңгерушісінің) орынбасары;
17) мәдени ұйымдастырушы;
18) әдіскер;
19) аккомпаниатор (негізгі қызметтердің), аккомпаниатор;
20) концертмейстер (негізгі қызметтердің), концертмейстер;
21) мейірбике (мейіргер);
22) емдәмдік мейірбике;
23) кітапханашы;
24) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
25) барлық мамандықты дәрігерлер;
26) көркемдік жетекші;
27) балетмейстер;
28) хормейстер;
29) жаттықтырушы-оқытушы;
30) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің).
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы;
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының орынбасары;
3) облыстық маңызы бар ММ және МКК секторының басшысы, облыстық маңызы бар ММ, МКК бөлім басшысы;
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
5) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
6) бас қор сақтаушы (облыстық маңызы бар қалалар), қор сақтаушы;
7) экскурсовод;
8) мұражай қараушысы;
9) музейлер қорын есепке алу архивисті;
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
11) облыстық маңызы бар ММ филиалының басшысы;
5. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:
1) облыстық маңызы бар орман шаруашылығы КММ басшысы;
2) облыстық маңызы бар КММ басшысының орынбасары;
3) облыстық маңызы бар КММ орманшылық басшысы (орман күтуші);
4) облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы;
5) облыстық маңызы бар КММ орман тұқымбағының басшысы;
6) орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері;
7) аңшылықтанушы;
8) облыстық маңызы бар орманшылық басшының орынбасары;
9) орман (учаске) шебері;
10) орманшы (инспектор).
Ескерту:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме;
МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
ММ – мемлекеттік мекеме.