Әкімдіктің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 "Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 1179 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 8659 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 18.08.2023 № 785 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысына (2016 жылғы 24 маусымда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6485 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай 80 теңге көлемінде белгіленсін.".

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Гаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады