2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи - климаттық аймақтар бөлігіндегі Әулиекөл ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 169 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 тамызда № 8632 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи - климаттық аймақтар бөлігіндегі Әулиекөл ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Е. Теменов

  Әкімдіктің
2019 жылғы "19" тамыздағы
№ 169 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи - климаттық аймақтар бөлігіндегі Әулиекөл ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

II табиғи-климаттық аймақ (дала аймағы)

1

Жұмсақ жаздық бидай

12 мамыр мен 5 маусым аралығы

2

Қатты жаздық бидай

18 мамыр мен 5 маусым аралығы

3

Сұлы

18 мамыр мен 5 маусым аралығы

4

Арпа

18 мамыр мен 5 маусым аралығы

5

Тары

20 мамыр мен 5 маусым аралығы

6

Күнбағыс

5 мамыр мен 28 мамыр аралығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады