Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 29.01.2020 № 7 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 183 шешіміне (2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7744 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақтын он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессия төрайымы | О. Фрайденберг |
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |