"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық мәслихатының мынадай:
"Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 (2016 жылғы 12 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6716 болып тіркелген);
"Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 "Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 3 ақпандағы № 82 шешімдерінің (2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6888 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы | Г. Халитов |
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |