Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 29.11.2019 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы |
В. Наконечный |
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ И. М. Важничая
Мәслихаттың 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 шешіміне қосымша |
Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 03.02.2017 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
№ р/б | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу объектілері | Есептеу бірлігі | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,0 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,5 |
3 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 1,0 |
4 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,9 |
5 | Балабақшалар | 1 орын | 1,2 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, жинақтау банкілері, байланыс бөлімшелер | 1 қызметші | 0,5 |
7 | Емханалар | 1 келуші | 0,01 |
8 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,3 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
10 | Кафелер, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызатын орын | 0,7 |
11 | Кинотеатрлар | 1 отырғызатын орын | 0,2 |
12 | Мұражайлар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,14 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңның 1 м2 | 0,6 |
15 | Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері | сауда алаңның 1 м2 | 0,5 |
16 | Базарлар | сауда алаңның 1 м2 | 0,3 |
17 | Автовокзалдар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,08 |
18 | Дәріханалар | сауда алаңның 1 м2 | 0,15 |
19 | Автожуулар, жанар-жағар май құю станциясы | 1 машина-орын | 1,5 |
20 | Автошеберханалар | 1 қызметші | 2,0 |
21 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 0,8 |
22 | Тігін ательесы | жалпы алаңның 1 м2 | 0,4 |
23 | Аяқ-қиім жөндеу шеберханалар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,3 |
24 | Моншалар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,4 |